Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет


ЖАНРЛАР §1."ЖАНР" ТУРАЛЫ ҰҒЫМДАР



бет103/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

2. ЖАНРЛАР


§1."ЖАНР" ТУРАЛЫ ҰҒЫМДАР

Әдеби жанрлар дегеніміз – бұл әдеби тектің аясында бөлініп шығатын туындылар тобы. Олардың әрқайсы белгілі бір кешенді тұрақты қасиеттерге ие болып келеді. көптеген әдеби жанрлардың бастау көзі мен тамыр тегі фольклорда жатыр. Жаңадан туындаған өздік әдеби тәжірибеде жанрлар өзіндік бастаушылар мен жалғастырушылар іс-әрекетінің жиынтығының жемісі болып табылады. Осылайша, мысалға, романтизм дәуірінде лиро-эпикалық поэма қалдыптасты. Оның қалыптасып, кең қанат жаюына Дж. Байрон, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтовтар қана емес, олардың беделді және аса ықпалды замандастары да жетекші рөл атқарды. Осы жанрды зерттеген В.М. Жирмунскийдің айтуынша, үлкен ақындардан "шығармашылықтың тынысы туындап", кейін басқалар тарапынан екінші қатардағы дүниеге ұласатын әдеби дәстүр қалыптасып: "Ұлы туындылардың индивидуалды нышан-белгілері жанрлық нышан-белгіге айналады"[787]. Жанрлар көріп отырғанымыздай индивидуалдықтан үстем түседі. Оларды мәдени-тарихи индивидуалдық деп атауға да болады.


Жанрлар (әдебиет тектеріне қарағанда) жүйелеу мен жіктеуге табандылықпен қарсылық жсап, асқан қиындықпен көндігеді. Бұның бәрі алдымен, олардың өте көптігімен байланысты: әр көркем мәдениеттің жанры төлтума болып келеді (Шығыс елдері әдебиетіндегі хокку, танка, ғазал). Оның үстіне жанрлар түрлі тарихи көлемге ие болып келеді. Біреулері сөз өнерінің бүткіл тарихы бойында тіршілк кешсе, (мысалға, Эзоптан С.В. Михалковқа дейін мәңгілкке өз өміршеңдігін танытып отырған мысал); басқалары болса, белгіл бір дәуірлерге ғана тән (мысалға, орта ғасырылық еуропа әдебиеті құрамындағы литургиялық драма тап осындай). Басқаша айтар болсақ, жанрлар не әмбебап, не тарихи локалды болып табылады.
Мәселенің шиеленісе түсуі мынадан: бір сөзбен кейбірде бір-бірнен арасыжермен көктей айырмашылықтағы жанрлық құбылыстар таңбаланады. Осылайша, ежелгі гректер древними греками элегия деп флейтаның сүйемелдеуімен орындалатын қатаң өлең өлшемімен жазылған элегиялық дистихты (сочетание гекзаметрдің пентаметрмен үйлесуін) ұғынды. Бұл элегияға (негізін салушы б.з.д.VII ғ. Каллин ақын) тақырып пен мотивтердің (әәскери қаһармандықты дәріптеушілік, философиялық ой-толғау, махаббат, тәлімгерліктың) өте ауқымдылығы тән болып келді. Кейінрек (римдік ақындар Катулла, Проперция, Овидия) элегия ең алдымен махаббат тақырыбына баса назар аударған жанрға айналды. Ал, Жаңа уақытта (негізінен XVIII ғ. екінші жартысы мен XIX ғ. басында) элегиялық жанр благодаря Т. Грей мен ВА Жуковскийдің арқасында қайғы мен зар, өкініш пен меланхолия арқылы анықталатын болды. Сонымен қатар, бұл кезде түп төркіні антикаға кететін элегиялық дәстүр де өз өмір сүруін жалғастырды. Осылайша, И.В. Гетенің элегиялық дистихпен жазылған "Римдік элегияларында" махаббат қуанышы, тән тояты, эпикурлік көңілділік шырқалды. К.Н. Батюшков пен жас Пушкинге ықпал еткен Парнидің элегиялары тап осындай ауанда. "Элегия" сөзі көріп тұрғанымыздай бірнеше жанрылық түзілімді таңбалайды. Ертеректегі дәуірлер мен мәдентеттердің элегиясы түрлі нышан-белгілерге ие. Осыған қарап, шын мәнісінде, элегия өздігінен дәуірден үстем төлтумалық деп айту еш мүмкін емес. Жалғыз ғана түзетуші анықтама элегии "жалпылай" алғанда "лирикалық поэзияның жанры" болып табылатындығы (осындай азғана нышандық бөлінушілікпен "Шағын әдеби энциклопедияның шектеліп қалғандығы негізсіз емес").
Тап осындай сипатқа өзге де жанрлық таңбаланушылықтар да ие (поэма, роман, сатира және т.б.). Ю.Н. Тынянов "жанрдың өзідік нышан-белгілері өсіп-өрбиді" деп әділеттілікпен тұжырымдады. Ол, оның ішінде: "...то, что называли ою в 20-е годы XIX ғасырдың 20-шы жылдары ода деп атағалғандар, немесе, ақыр соңында, Феттің ода дегенінің нышан-белгісі Ломоносовтың уағында мүлдем өзгеше еді" деп атап көрсетті[788].
Жанрлық белгілеушілір туындының түрлі қырын таңбалайды. Осылайша, "трагедия" сөзі драмалық туындының аталған тобының белгілі бір эмоционалды-мағыналық ауанға (пафосқа) жататын дәйектейді; "хикаят" сөзі әдебиеттің эпикалық тегіне жататын "орта" көлемді (романға қарағанда кіші, новелла мен әңгімеге қарағанда ірі) мәтін туралы сөз етеді; сонет ең алдымен, қатаң нақты бір көлемдегі (14 өлең) және арнайы ырғақтық жүйеге иелік етушілігімен сипатталатын лирикалық жанр болып табылады; "ертегі" сөзі, біріншіден, әңгімеленуші, және де екіншіден, қиялға белсенділік пен фантастиканың араласып келуін көрсетеді. Және осылайша ары қарай жалғаса береді. Б.В. Томашевский бұрынғы "көп айырмашылықты" жанрлық нышан-белгілер "қандайда бір негіздеме бойынша жанрларды логикалық жақтан жіктеуге еш мүмкіншілік бермейді" байыптылықпен аңғарды[789]. Оның үсітне авторлар кйебірде өз туындыларының жанрын осы дағдылы сөз қолданысынан сәйкеспейтін қалыпта өз еріктерімен белгілейді. Осылайша, Н.В. Гоголь "Өлі жандарды" поэма; А.Т. Твардовский "Жол бойындағы үйді" "лирикалық хроника", "Василий Теркинді" – "жауынгер туралы кітап" деп атады.
Жанрлардың эволюциялық процесі мен жанрлық таңбаланудың "әркелкілігі" жағдайында әдебиет теорияшысының бағдар ұстануы мүлдем оңай емес. Ю.В. Стенниктің ойынша, "қашанда жанрлық типологиялық жүйені орнықтыруда субъективизм мен кездейсоқтықтың қаупі сақталып қалады"[790]. Бұндай сақтандыруға құлақ ілмесе болмайды. Бірақ та біздің жүз жылдығымыздағы әдебиеттануда "әдеби жанр" ұғымын нақты аспектіде, тарихи-әдеби (жеке жанрлық түзілімдерді зерттеуде), сонымен қатар өздік теориялық жақтан жобалауға әлдебір талпыныстар жасады. Жанрларды жүйелеу тәжіриебесіндегі дәуірден астамдық және бүкіл әлемдік аяда әрі отандық, әрі шет елдік әдебиеттануда қолға алынды [791].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет