4. МӘТІН
Мәтін (лат. textus -тін, өрілім, бірігу сөздерінен шыққан "text" еуропа тілдерінде қолданылуда-Ә.Ә.) термині лингвистикада, әдебиеттануда, эстетикада, семиотикада, мәдениеттануда, сондай-ақ, философияда кеңінен қолданылады. Бұны Ю.М. Лотман, "дауысыз гуманитарлық циклдар ғылымдарындағы ең көп қолданылатын терминдердің бірі. Ғылымның дамуы өзінің әр сәтінде жоғарғы қабатқа белгілі бір сөздерді лықсытып шығарып отырады; ғылыми мәтіндердегі сел көшкіні қажетті бір мәнділікті шайып кетеді. Олар тек ғылыми ұғымының терминологиялық дәлдігін таңбалауға ғана тырыспайды, сонымен қатар, проблеманың өзектілігі турасында дабыл қағып, жаңа ғылыми идея туындаған саланы да нұсқайды" деп атап көрсетті[614]. "Мәтін" сөзінің астарында бірнеше түрлі, бірақ та өзара байланыстағы мағына жатыр.
§1.МӘТІН – ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ҰҒЫМ
Әу баста бұл термин тіл білімінде (өте терең) орнықты. Мәтін лингвист үшін – белгілі бір кешенді қасиетке ие табиғи тілдің қолданыс табуы. Оған байланыстылық пен аяқталушылық тән. Мәтін сыртқы, өзін қоршаған тілдік және бейтілдік реалдылықтан айқындықпен шектесіп тұрады. Басқаша айтар болсақ, біршама (бөлінбес) коммуникативтік бірлік болып табылатын сөйлемдер тізбегін (тобын) құрап, өзінің ұғынықты таңбаланған басы мен соңына ие болып келеді [615].
Мәтінді лингвистикалық жақтан ұғыну бір жағынан – өте тар (мәтін "белгілі бір мағыналық қатарды тілдік айшықтау" болып табылады[616]), басқа жағынан алғанда – өте ауқымды. Осылайша мәтіндік лингвистика деп аталатын ғылыми пән мәнді тлдіік түзілім (туынды) ретінде оны тілдік "тіні", құрылымы және мәнімен бірге алып қарастырады.
"Мәтін" термині әдебиеттануда да кеңінен қолданылады. Бұл дегеніміз – әдеби туындының тақырыптық-образдық аспектісімен (туынды әлемі) және идеялық-мағыналық аясымен (көркем мазмұн) бірге бөлініп көрсетілген өзіндік тілдік қыры. 1970-ші жылдардың басында теориялық поэтиканың мәселелерін талқылаған Ю.М. Лотман: "Мәтін мен көркем туынды бір ғана дүние деген ұғымнан түбегейлі бас тарту керек. Мәтін дегеніміз – көркем туындының компоненттерінің бірі <...> көркемдік эффекті тұтастай алғанда мәтіндер бойындағы өмірілік және идеялық-эстетикалық күрделі кешендік ұғымдардан туындайды" деп жазды[617].
Кебірде замана ғалымдары қаламгер суреттеген әдеби-көркем мәтіннің (сөзден өзге) "кеңістігіне" тіпті ол айшықтаған идея, концепция, мәндерді де, яғни, көркем мазмұнды енгізеді[618]. Бұндай жағдайда "мәтін" және "туынды" сөздері синонимдес болып табылады.
Бірақ та, мәтін жайындағы оның қатаң реттілікпен ұйымдастырылған тілдік бірлік екендігі әдебиеттанудағы ең орныққан ұғым-түсінік. Осыған байланысты көбіне, туындының негізгі мәтіні оның қосымша мәтінінен (арнайы зерттеу тақырыбына айналған тақырыптық атаулары мен ескертпелер[619], эпиграфтар, аранулар, авторлық алғысөздер, уақыт мерзімін және жазылған жерді нақытлаудан, сондай-ақ, драмалық туындылардағы қатысушы тұлғалардың тізімі мен ремаркалармен) ерекшеленіп тұрады.
"Мәтін" термині мәтінтанудағы ең бастысы болып табылады. Бұл филологиялық пәннің бұл аясына – мәтіндердің тарихи аспектідегі өмірге келу тарихтары, олардың нышан-белгілері және олардың жазылған уақытын анықтау мәселелері, туындының жариялануын нақтылау принциптері, мәтіндік нұсқаларының болу-болмауы, негізгісін (канонданғанын) бөліп көрсету кіреді. Мәтінтану проблемаларына теориялық сипаттағы бірқатар іргелі еңбектер арналған [620].
Достарыңызбен бөлісу: |