Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет


§6. ТЕКАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕКТЕН ТЫС ФОРМАЛАР



бет102/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

§6. ТЕКАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕКТЕН ТЫС ФОРМАЛАР

Әдеби тектер арасында асу бермес қытай қорғаны жоқ. Сөзсіз және толықтай бір ғана әдеби текке жататын туындылармен қатар, өз бойына әлдебір екі тектік форманың қасиетін біріктірген "екі тектік түзілім" (Б.О. Корманның сөз қолданысы) де бар[781]. Екі әдеби текке де жататын туындылар мен олардың топтары туралы XIX-XX ғғ. бойы әлденеше рет сөз болды. Осылайша, Шеллинг романды "эпос пен драманың қосылуы" деп сипаттады[782]. А. Н. Островскийдің драматургиясындағы эпикалық бастау көздің ұшырасуы сөз етілді. Б. Брехт өз пьесаларын эпикалық деп сипаттады. За произведениями М. Метерлинк пен А. Блоктың туындыларына "лирикалық драмалар" деген термин орнықты. Сөз өнерінде өз бойына (романтизм дәуірінен бастап әдебиетте қалыптасқан) лиро-эпикалық поэмаларды сыйдырған лиро-эпика, баллада (фольклорлық тамыр текке ие), оқиғаларды баяндауда лирикалық шегініс "енетін", мысалға, Байронның "Дон Жуаны" және Пушкиннің "Евгений Онегині" жататын лирикалық прозада (әдетте, автобиографиялық) терең орныққан.


XX ғ. әдебиеттануында бірнеше мәрте дәстүрлі "үшемді" (эпос, лирика, драманы) толықтырып, оған төртінші (тіптен бесінші т.с.с.) әдебиет тектерін ендіруге талпыныстар жасалды. "Бұрынғы" үшеудің қатарына романды (В.Д. Днепров), мен сатираны (Я.Е. Эльсберг, Ю.Б. Борев), және де сценарийді (бірқатар кино теорияшылары) қойды[783]. Бұл тақлеттес пікірлер өте даулы, дегенмен де, әдебиет біршама толық мөлшерде эпос, лирика немесе драманың қасиетеріне ие, не болмаса, олардан мүлдем айырылған бірқатар туындылар топтарын біледі. Оларды тектен тыс формалар деп атаған орынды.
Біріншіден, бұл жазбалықтарда (очерктер). Бұнда авторлардың назары сыртқы реалдылыққа ауғандықтан әдебиеттанушылар оны эпикалық жанрлардың қатарына қосуына біршама негіз бар. Бірақта жазбалықтағы оқиғалық қатар мен өздік баяндау ұйымдастырушлыық рөл ойнамайды: басымдыққа ие сипаттау көбіне ой толғаумен ілесе жүреді. Таковы из тургеневтік "Аңшының жазбаларындағы" "Хорь мен Калиныч", Г.И. Успенский мен М.М. Пришвиндердің кейбір туындылары тап осындай.
Екіншіден, бұл "сана ағыны" деп аталатын әдебиет, онда оқтғаны баяндап берушілік емес, қайта ақыр соңына жетіп болмайтын әсер алулардың, еске алулардың тізбегі, сөз өкілінің жани қозғалысы басымдыққа ие болып келеді. Бұл жерде сана көбінесе, ретсіз, бейберекетсіздікте танылып, әлемді сіңіріп, жұтады да: болмыс хаоспен "төселініп" ой жүгіртіліп, әлем – сана түпкіріне тұрақтайды[784]. Осындай сипатқа М. Пруст, Дж. Джойс, Андрея Белыйдің туындылары ие. Кейінрек тап осы формаға Франциядағы "жаңа роман" өкілдері (М. Бютор, Н. Сарроттар) қосылды.
Ақыр соңында, дәстүрлі үшемге әдеби шығармашылық саласында бүгінде асқан беделділікке ие болып отырған эссеистиканың еш сорпасы қосылмайды. Эссеистиканың бастау көзінде – бүкіл әлемге мәшһүр М. Монтеньнің "Тәжірибелері" ("Essays") тұр. Эссеистік форма дегеніміз – бұл мәжбүрлеусіз еркін тұрғыда жекелген фактілер турасындағы хабарламаларды, болмысты (бұл енді ең бастысы) сипаттау мен ол турасындағы ой толғауларды жинақтай біріктіру. Эссеистік формада айтылған ойлар, әдетте, затты түгесе тәпсірлеуге үміт етпейді, қайта басқаша ой түюге болатындығына мүмкіндік береді. Эссеистиканың синкретизмге бүйрегі бұрады: өздік көркемдіктің бастау көзі бұл жерде асқан жеңілдікпен көсем сөз және философиямен кірігеді.
Эссеистика тіптен В.В. Розановтың ("Оңашалануы", "Үзілген жапырағы") шығармашылығнда басымдыққа ие болып келеді. Ол өзін А.М. Ремизовтың ("Посолонь") прозасында, М.М. Пришвиннің бір қатар туындыларында (ең алдымен, "Жердің көзі" еске түседі) танытты. Эссеистік бастау көз Г. Филдинг пен Л. Стерндердің прозасында, байронның поэмаларында, пушкиннің "Евгений Онегинінде" (оқырманмен емін-еркін әңгімелесу, жоғарғы топтың адамдары турасындағы, достық пен туған-туыстар жайындағы т.с.с. ой толғау), Н.В. Гогольдің "Нева даңғылында" (хикаяттың басы мен финалында), баяндауға кең ауқымды жазушы ой толғамы қашанда ілесе жүретін Т. Манн, Г. Гессе, Р. Музильдің прозаларында ұшырасады.
М.Н. Эпштейннің пікірі бойынша, эссеистиканың негізін адамның ерек концепциясы – білімнің емес, ой-пікірдің өкілі болып табылатындығы құрайды. Оның мақсаты – дайын ақиқатты айту емес, оны оны бөлшектеп, жалған тұтастық тудырып, еркін ойға орын қалдырады да, орталықтанған мағынадан аулақтайды: бұл жерде "тұлға тауындаушы сөзбен бірге қалушылық" орын алады. Релятивистік ұғынымдағы эссеистикада автор оған аса жоғары мәртебе беріп: ол "жаңа уақыттағы мәдениеттің ішкі двигателіне" айналып, мүмкіндіктер "бетер көркемдік жинақтаудың" маңына аударылады[785]. Дегенмен, эссеистиканың басы бүтін дәстүрлі тектік формаларды ығыстырып шығара алмағындығын байқастаймыз, оның үстіне, ол релятивизмге қарсы қойылған әлемге қатыстылық ахуалын жүзеге асырады. Бұның жарқын мысалы – М.М. Пришвиннің шығармашылығы.
* * *
Осылайша, әдеби шығармашылықта көптеген ғасырлар бойы жалғыз өзі билеп өсеген дәстүрлі тектік формалар және "кейігромантикалық" өнерде орныққан "тектен тысқары" формалар арасында осындай айырмашылықтар бар. Алғашқысы соңғысымен белсенді әрекеттестікте болып, бір-бірін толықтырып отырады. Бүгінде платондық-аристотелдік-гегелдік үшем (эпос, лирика, драма), көрініп тұрғандай, біршама мөлшерде шатқаяқтанып, өзін түзету жасауды керексінеді. Сонымен қатар, кейбірде итальян философы және өнер теорияшысы Б. Кроченің жеңіл қолымен жасалынып жүрген дағдылы әдебиеттің үш тегін ескірген деп жария етуге еш негіз жоқ кейде. Орыс әдебиеттанушылары арасында осындай түңілушілік рухында сөз қозғаған А. И. Белецкий болды: "Антикалық әдебиет үшін эпос, лирика, драма терминдері әлі абстрактілі бола қойған жоқ. Олар тыңдармандар тобына туындының ерекше, сыртқы берілу тәсілін таңбалады. Кітпақа көшкен поэзия бұл берілу әдісінен бас тартып, бірте-бірте <...> түрлер (әңгіме әдебиеттің тектері турасында.-В.Х.) барынша құр сүлдерге айнала бастады. Осы құр көрініс табушылықты одан ары ғылыми болмысқа бөлшектеу қажет шығар?"[786] Бұнымен келіспей отырып, аңғаратынмыз: барлық дәуірлердің (оның ішінде, заманалық) әдеби туындысы белгілі бір арнайы тектік ерекшелікке (эпикалық, драмалық, лирикалық формға, не болмаса, либо в XX ғ. кейбірде жазбалық, "сана ағыны", эсселік формаға) жатады. Текке қатыстылық (не болмаса, керісінше, "тектен тысқары" формалардың біріне жатуышылық) көп жағдайда туындының ұйымдастырылуымен, оның формалық, құрылымдық ерекшелігімен анықталады. Сондықтан, "әдеби тек" ұғымы теориялық поэтика құрамында бөлінбес, әрі өте мәнді болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет