Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет


§6. ЭСТЕТИКАНЫҢ АДАМ МЕН ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РӨЛІ



бет8/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

§6. ЭСТЕТИКАНЫҢ АДАМ МЕН ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РӨЛІ

Заманалық адамзат өте сан алуан және бай эстетикалық тәжірибеге ие. Бұл тәжірибе ғасырлар және мыңжылдықтар бойы жинақталды. Эстетикалық хал кешу, біздіңше, пайдалы және қажетті заттарға утилитарлық-амалияттық* бағалау тұрғысынан тарихи жағдайда пайда болды. Әуелгісінде аталған екеуінің кірігуінің әлдебір формасы қылаң береді, оған куә ежелгі тарихи сөз өнері, мысалға Гомердің заттарды суреттеуі өзінің амаляттық мәніне жауап бере отыра, және сонымен қатар, өзінің жетілгендігімен көзді қуантады. «Адам, – деп жазады Г.В. Плеханов, – әуелі зат пен құбылыстарға утилитарлық көзқарас тұрғысынан қарап, содан кейін ғана өзінің оған қатысты эстетикалық көзқарасын қалыптастырады»[51]. Эстетикалық тәжірибені тұрақтандыру үшін ежелгі қоғамның ғұрыптық жағы зор рөл атқарды. Магиялық және діни ғұрыптар эстетикалық тұрғыдан қабылданатын думанды танытты.


Бірте-бірте (бұл үрдіс Жаңа заманда белсене түсті) эстетикалық жеке адамдар өмірінде өзіндік құндылыққа айналды. Сонымен бірге ол адам санасының эстетикадан тысқары саласымен де өзінің тығыз байланысын үзбейді. Эстетикалық эмоция адами тәни күй кешуімен (оның ішінде – нәпсілік) және қоғамда өзін танытуымен (әдемілік иесі – бет ажарымен, киген киімі, тұтынған заты негізінде өзгелердің алдында мәртебесі асқақтайды) тұлға аралық қатынаспен (адамның өзінің эстетикалық күй кешуін өзгелердің қазынасына айналдыруымен) ілесе жүреді. Басқаша айтар болсақ, эстетикалық тұрақты түрде әр текті тәжірибедегі өте ауқымды әрқилы (кейде тым оғаш) байланыстарды да өз бойына жинақтайды.
Жекелеген адамдар, қоғам мен адамзат өміріндегі эстетикалықтың мәні аса зор. Көркем әдебиет эстетикалық эмоция кең ауқымдылық жағдайына ие болып, адам өміріндегі әлдебір рухтың самғауын, «жұлдызды сәтті» танытатын жағдайында деп бірбеткейлікпен сендіреді. Кавказ тауларын бірінші рет көрген Толстойдың Оленинін ("Казактар"), А.П. Чеховтың "Арулар" әңгімесін, Вл. Ходасевичтің "Кездесу" өлеңдерін еске түсірейік. Эстетикалық хал кешу тек жеке адамның ғана емес, сонымен қатар тұтас халықтың тағдырындағы да (Византияның құдайға құлшылық етуінің салтанатына тәнті болған кінәз Владимир мәсіхшілдікті қабылдағандығы туралы жылнамадан белгілі) терең де, ізгілікті жан аласапыранын және төңкерісті сәтті тудыруға қабілетті. Әлеуетті де, терең эстетикалық хал кешу адамның рухани қозғаушы күшін өнімділікпен қалыптастырып, әуестендіруші мәнге ие болады. Әдемілік аталымы, Н.С. Арсеньевтің сөзі бойынша, ең алдымен түрткі болушылық, ол адамды тағатынан айырып, «шығармашылық сағыныш» тудырады, ең бастысы – «жанды белсендіріп», «жауап күтеді»[52]. Эстетикалық хал кешудің арқасында адамның болмыстық игі де, әмбебап негіздерімен жеке қалуы ретке келтіріледі. Бұл жерде эстетикалық эмоция адамға рухани еркіндік алуға мүмкіндік береді. Ф. Шиллер әсемдік адамға жетілуге және үйлесімдікке, сезім мен рухани әлеуетінің келісімге келуіне жол ашады деп ой түйеді. "Эстетикалық ауанды" ол моральдық мәжбүрлеу және де барша сезімдік-тәни басыбайлылықтан арылған адамның ішкі еркіндігіне сайды. Әдемілік, шиллерше, "әлеуетті адамның әлсіреген қажырының үйлесімдігін қалпына келтіреді"[53]. Осыған ұқсас ой Гегельде: "әсемдікті қалыптастыру <...> еркін сипатқа ие"[54] делінсе, Маркс «заттың сезімдік формасынан ләззат алатын адам өзінің «әлеуетінің мәнісін» бекемдейді»[55] дегенді айтты.
Эстетикалық құндылық тұлғааралық қарым-қатынаспен тікелей байланысты болып келіп, оның түрткі жайттарының бірі екендігін біздің жүзжылдығымыздағы теорияшылар дүркін-дүркін рет атап өтті. А.А. Мейердің сөзі бойынша, эстетикалық қадам – махаббатты, адамдар арасындағы туыстық байланысты, олардың бірігуін жүзеге асыру. Эстетика аясында «жекеленген «меннің» томаға тұйықтығы еңсеріледі». Эстетикалық қадам "адамды өзге өмірге енгізіп, екі дүниедегі тірліктің қатысушысына айналдырады"[56].
Осыған ұқсас ойды (эстетикалық күй кешудің катарсистік сипатын ауызға алып, жаңғырған жан дүниені қадап айтқан) М. Бердсли де сөз етеді. Оның айтуынша, эстетикалық тәжірибе психика мен стрестердің конфликтісін шешіп, жеке өмірдің үндестігіне көмектесіп, «қабылдаушылығын арттырып, түсінігін толықтырып, қоршаған ортамен жақындастырады». Ғалымының тілге тиек етуінше, эстетикалық затқа құлық қою бостандықты сезінуді тудырып, бұл арада эстетикалық тәжірибе «өзіңді өзгенің орнына қоя білу қабілетін дамытып», «өзара сыйластықты дамытады», сонымен қатар басқа жандар мен мәдениетті ұғынуға септеседі[57].
Эстетикалық хал кешу туралы әңгімемізді аяқтай келе, олар адамдардың өміріне аздаған, әрі сирек «жұлдызды сәт» түрінде енбейтіндігін, бірақ та өмірді сезінудің тұрақты компененті екендігін аңғарамыз. Мәдениетке бас қойған адамға маңыздысы – қасындағылар оның талғамын тәрк етпей, күн сайын оңды эстетикалық эмоциямен қуаттандырып отыруы. Сондықтан, адам болмысындағы мәнді шек дәстүрлі бастау көздерден нәр алған тұрмыс-тіршіліктің эстетикалық әрленуі болып табылады. «Шын мәнісінде, ежелгі славяндарды қоршаған барша дүние не аз, не көп мөлшерде көркемдікпен өңделді»[58]. Күнделікті өмірді эстетикалық "құрастыру" бізге жақын дәуірлер мен өз заманымызды қоса алғанда мәдени буынның бөлінбейтін бөлігі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет