Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет



бет6/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

§4.ЭСТЕТКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМ КЕЛБЕТІ

Біз сипаттаған әдемілік («аполлондық») және асқақтық, дионистік, карнавалдық арасындағы айырмашылық универсум, яғни әлем келбеті (неміс сөзі Weltbild анологы) туралы түрлі түсініктерге қатысты болып келеді. Бұл санаттама ғасыр басында теориялық физикада орныққан, одан кейін философия мен гуманитарлық ғалымдардың, оның ішінде филологияның тірек ұғымдарына айналған «әлемді көру», «әлем үлгісі», «әлем образы» сөздерімен аталады. Әлем келбеті (біршама мөлшерде Ницшенің жаңашылдығы арқасында) ХХ ғасырда әлеуетті рефлексияның тақырыбына айналды. Істің мәнісі әлем келбетіне тірелген уақытта дейді Хайдеггер тұтастыққа қатысты түбегейлі шешім қабылданады.


Әлем келбеті санаттамасы өте күрделі, мүшеленген ұғымдар жүйесіне арқа сүйейді. Бұл арада метафизикалық және физикалық реалдылықтың бастау көзі трансценденттік (ноумен) және трансценденталдықтың (феномен) шектеулігі маңызды болып табылады. Әлем келбеті құрамындағы маңыздысы, ары қарай, кеңістіктік-уақыттық ұғымдардың жиынтығы болып табылатын: кеңістіктің шектілігі мен шексіздігі; бір жағынан, тұрақтылық пен қалыптылықтың арасалмағы (тұрақты құрылымдар және олардың жағдайы), екінші жағынан – үдерістілік (уақыттағы универсумның қозғалысы); болмыс сипатының өзгеруі (циклдік пен желілік арасалмағы). Әлем келбетінің мәнді аспектісі тіршілік субстанциясы мен феномендерінің себебі мен мақсаты (мәні) туралы ұғымдар болып табылады. Сонымен бірге, болмыстың тұлғалық-универсалдық немесе тұлғалық бастау көзді құрайтын персонологиялық әлем келбеті аспектісі де орын алады. Ақыр-соңында біз үшін ең маңыздысы әлем келбеті көбіне универсум құрамындағы сәйкесімдік пен бейсәйкесімдік, реттілік пен хаостық бастау көздер туралы ұғымдармен анықталады. Осыған байланысты классикалық және бейклассикалық әлем келбеті бір-бірінен ерекшеленді де, бұдан басқа кең ауқымда мүшеленіп берілетін терминологияда классикалық, неоклассикалық (жаңарған классикалық) және бейклассикалық (антиклассикалық) үшем формасына ие болады.
Классикалық әлем келбеті (немесе классикалық көрініс) дегеніміз – болмыстың өзгеріссіз константы мен мәні бар біртұтас, реттелген, горманиялы дүние, ал, адамды – онымен біте қайнасқан тірлік иесі деп ұғыну. Осы түсінік әу бастан қалыптасты. Потебняның айтуынша, «тұтастық пен жетілгендікті көре білу қажеттілігі адамның қанына сіңген». Тап осы қажеттілікке «әлем жетіле ұйымдастырылған, ақылды да, мәнді Ғарыш деп ұғынылатын» тарихи ежелгі мифология жауап береді. Универсум туралы осындай түсінікке (антикалық, платондық, христиандық нұсқадағы) Логос идеясы сай келеді. «Ұсқынсыз хаос тәртіпке түскен Ғарыш бойында әлсіз қозғалады» деген сенім антикадан бастап, ХІХ ғасырға дейін көптеген ойшылдар үшін аксиомаға айналды.
Универсумның терең жүйелігі жайлы постулатты жоққа шығармай, тіршіліктің бойын дисногармония мен хаос жайлаған деп санаған романтизм дәуірінің ойшылары әлемнің классикалық келбетіне өз өзгерістерін енгізді. Бізге жақын дәуірде Ницшенің және физика саласындағы ашылған жаңалықтар әсерімен, ең бастысы, әлемдік соғыстар мен тоталитарлық режимдердің зардабы, сондай-ақ, ауыр эклогиялық ахуалына орай классикалық әлем келбеті қатал сынға ұшырады. Ницше болмыстың реттілігі деген мүлдем жоқ, ойдан шығарылған дүние деп тұжырымдады.
Басқа тұрғыдағы эстетикалық құндылықты, асқақтықты алғашқы орынға қою Берк пен Кантта, не болмаса, Ницшенің дионистігі классикалық емес әлемді ұғынумен: дүние адамды шетқақпай ететін хаостан, мәнсіздіктен тұруымен байланысты. Осындай дүниені ұғыну Ницшеде айқын көрініс табады, ғалымның ойынша, тұрақты болмыс деген мүлдем жоқ, ол тек бізге қай жерде болмасын орынсыз тықпаланып отыратын ойдан шығарылған дүние, ең татымсыз талғам – патологияның аясына жататын міндеттілік[43]. Тап осындай ретте атеистік философиялық тәжірибелер негізінде барлық және барша экзистенциализмге қарсы Ж.-П. Сартр, А. Камю, сонымен қатар, Ж. Деррид бастаған заманалық постмодернистер де барлық тұрақтылық, мүмкіндікті жоққа шығара отыра, логоцентризмге қарсы бітіпес күрес ашты. XX ғасырда белгілі болғандай бір-біріне қарама-қарсы екі ұстанымның Вл. Соловьев (көп ғасырлық дәстүрді ұстанушы) және Ф. Ницшенің арасындағы философиялық-эстетикалық даудың дәуірі болды.
Оның үстіне, тұтасқан, шексіз хаос болып табылатын әлем келбеті оның ізін қуушылар тарапынан «азаттық матрицасы» мен «шексіздік мәдениетінің» бағына орай «консервативтік мәдениет» пен «жүйелі матрицаны» еңсерудің нәтижесі болып табылады. Заманалық өнертанушы А.К.Якумович осы бір терминдерді қолдана отырып, кез келген шектеушілік нормасын жоққа шығаратын жаңа мәдениетті орнықтыру дегенді алға тартады. «Шектеушілік нормадан» тұратын әлемдік қатынастан бас тартып, «мәдени ұсқынсыздықтың» жолына түсу деп шатанады.
Дәстүрлі әсемдік ("аполлондық") пен эстетикалық көрініс берудің бейберекет күші, әлеуеті мен ынтазарлығы (асқақтық, дионистік) арасындағы дүниетанымдық мәнділік әр қилы болып келеді. Эстетикалық құндылықтың бірінші тегін әлемнің классикалық картинасы (немесе классикалық өміртаным) деп атаған ләзім. Бұл өз кезегінде өмірді біртұтас, бірізді, мәнділікке ие, ал адамды осы өмірге қатысты тіршілік иесі деп тану[39]. Бізге таяу дәуірлердегі әлемді классикалық тану Вл. Соловьевтің тұжырымында «ұсқынсыз хаос әл-дәрмені түгесіліп, космостың жіптіктей образында қозғалыс жасауда» [40], Н.О. Лосскийде, «әлем ішіндегі тіпті болар-болмас жаулық пен ірге ажыратысудың өзі ең құрығанда үйлесімділік пен бірлікті сақтап қалудың шарттылығы» делінсе[41], М.М. Бахтинде «әлем дегенміз – мәнділік» деп көрініс береді[42].
Әлемді ұғынудың осы ауанында соңғы он жылдықта дәстүрлі универсум туралы ұғымды жалғастырушы синергетика ғылымы бой көрсетті. Онда болмыстың қозғалысы өзіндік шексіз ұйымдастырылудан тұрады деп түсіндіріледі. Адамзат болмысының тәртіпке, ретке түсуін танытатын универсум «Әлем түзімі», «Әлем құрылымы», «Әлем реті» сынды сөз қолданыстарымен таңбаланып жүрген жайы бар.
Айтқандарды жиынақтай келе, ХХ ғ. гуманитарлық санасында екі бірдей антиклассикалық пен неоклассикалық бір-біріне қарама-қайшылықта жарыса өмір сүріп келеді. Осы жағдай көп жағдайда ертеден келе жатқан әсемдік, «жартылай дәстүрлі» асқақтық, «жаңашыл» дионистік пен карнавалдық (классикалық әлемді көрудің аймағынан шығып кеткен) сынды эстетикалық санаттамаларға байыпты ой жіберуге жетелейді.
«Әлем келбеті» ұғымын тек эстетикалық жағынан емес, сонымен бірге, кейінірек сөз болатын автор, персонаж және лирикалық кейіпкер, сюжет пен композиция сияқты өнер мен әдебиеттің феномендері тұрғысынан да ұғыну керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет