ббк76. 0 Қ 54 Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет33/57
Дата03.03.2017
өлшемі14,62 Mb.
#5946
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 

 

 



230 

 

 



«Салыстыру – іске асыру» процедурасы арқылы қорытындылау механизмінің циклі 

Тапсырмаларды  интелектуалды  шешушілердің  кешенді  жобалауының  семантикалық 

технологиясының  ерекшеліктерінің  бірі  болып  шешуші  қолданатын    операция  жүйесінің 

пәндік  тәуелсіздігі  табылады  [3].  Берілген  технологияда  тапсырма  шешушісі  классикалық 

емес  нұсқада  қарастырылады.  Ол  граф-динамикалық  sc-машина  ретінде  ұсынылған  (білімді 

ұсыну үлгісі ретінде жады ретінде  семантикалық желіні қолданады), ол екі бөліктен тұрады: 

 - графодинамикалық sc-жад;  

 -  sc-операциясының жүйесі.  

 

Тапсырмаларды интелектуалды шешімдерін жобалаудың семантикалық технологиясы 



пәндік  тәуелді  операциялардың  жүйесін  жобалауға  мүмкіндік  береді,  ол  бірегей  түрде  бір 

класстың  әртүрлі  тапсырмаларының  жиынтығын  шешуге  мүмкіндік  береді.  Операцияның 

әрбірі  өз  алдына  басқа  да  қолданбалы  жүйеде  қолданылуы  мүмкін  ip-компонент  [4] 

көрсетеді. 

Қолданушы  интерфейсі    интелектуалды  жүйелерді  компонентті    жобалаудың 

семантикалық технологиясының негізіндегі интелектуалды жүйе.  

3) Интелектуалды  электронды  оқу  баспасының  қолданушы  интерфейсін  жобалаудың 

семантикалық технологиясы 

Табиғи-тілдік  интерфейс  интелектуалды  деректер    қорына,  контексті  іздеуге 

қолжетімділік  үшін  қолданылады.  Морфологиялық  талдау  сөздіктер  бойынша  сөзді  дұрыс 

жазылғандығын  тексеруді  және  тануды  болжайды.  Семантикалық  талдау  дегеніміз  - 

синтаксистік 

конструкцияның 

мағыналық 

дұрыстығын 

орнату. 


Семантикалық 

технологияның негізгі принциптері бірінші кезекте дайын компоненттерді қолдану есебінен  

қолданушы интерфейсін жобалаудың мерзімдерін қысқартуға бағытталған. 

Қолданушы  интерфейсін  жобалаудың  семантикалық    технологиясының  құрамына 

кіреді: 

- қолданушы интерфейсінің семантикалық үлгісі; 

 -біріккен компоненттердің кітапханасы; 

 -қолданушы интерфейсін жобалаудың құралдық жабдықтары; 

- қолданушы интерфейсті жобалау әдістемесі; 

- қолданушы интерфейсін жобалауды оқыту әдістемесі; 

- қолданушы интерфейсін жобалау бойынша help-система; 

- технологияны құрастыру процесін қолдау жүйесі [5]. 

Барлық  технологияның  негізгі  және  базалық  бөлігі  болып  қолданушы  интерфейсінің 

семантикалық үлгісі табылады. Ол жобаланатын интерфейс негізінде жататын принциптерін 

сипаттайды, ол оны бірегейлендіруге мүмкіндік береді. 

Интелектуалды  электронды  оқу  баспасын  жобалау  кезінде  маңызды  болып  білім 

қоры,  шешімді  қорытындылау  механизмі  және  интелектуалды  интерфейс  сияқты  ИЭОБ 

негізгі  блоктарын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  OSTISтехнологиясын  қолдану 

табылады. 

Электронды  оқу  баспасының  блоктарын  жүзеге  асыру  үшін  келесі  технологияларды 

қолдануға    болады:  білім  қорын  жобалаудың  семантикалық  технологиясы,  шешімді 

қорытындылау  механизмдерін  жобалаудың  семантикалық  технологиясы,  қолданушы 

интерфейсін жобалаудың семантикалық технологиясы. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.  Білім  қорын  жобалауда  семантикалық  технологияны  құрастырушылар/  В.П.  Иващенко//  



БГУИР баяндамалары 

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 

 

 



231 

 

2.  Тельнов  Ю.Ф.  «Интеллектуалды  ақпарат  жүйелері»  оқу  құралы-  М.  Мәскеу  мемлекеттік 



экономика, статистика және информатика  университеті, 2002. – 26б. 

3.  Заливако  С.  С.,  Шункевич  Д.  В.  Тапсырмалардың  интелектуалды  шешушілерінің 

компонетті  жобалаудың  семантикалық  технологиясы/  С.  С.  Заливако,  Д.  В.  Шункевич  // 

«Интелектуалды  жүйелерді  жобалаудың  ашық  семантикалық  технологиялары»  халықаралық 

ғылыми-техникалық конференциясының материалдары– Минск, 2012. C. 297 – 314 

4.  Голенков  В.  В.    Графодинамикалық  ассоциативті  машиналардағы  білімді  өңдеу  және 

ұсыну/ Голенков В.В. [және басқалар.]; ред. В.В. Голенков – Минск, 2001 

5.  Корончик  Н.Д.  интелектуалды  жүйелер  қолданушы  интерфейсінің  компонентті 

жобалаудың  семантикалық  технологиясы  //  «Интелектуалды  жүйелерді  жобалаудың  ашық 

семантикалық технологиялары» халықаралық ғылыми-техникалық конференциясының материалдары 

– Минск, 2011. 

 

 



ӘОЖ  004.89 

 

КИНТОНОВА А.Ж., ДЖАПСАРБАЕВА А.Б. 



 

MACROMEDIA FLASH PROFESSIONAL  ОҚЫТУ ПРОГРАММАСЫН ҚҰРУ 

ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ 

 

(Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана, Қазақстан) 

 

Білім  беруге  бағытталған  қаржыландырудың  көлемі  жыл  сайын  артуда.  Білім  беруді 



дамытудағы аспектілерінің бірі, білім беру процесіне білім беретін құралдарды ендіру болып 

табылады.  Оқытудың  электронды  құралдары,  білім  беру  процесінде  студенттердің 

материалдарды  тиімді  түрде  меңгеруіне  ықпал  етеді.  Сондықтан  электронды  оқу 

басылымдары  мен  мультимедиалық  оқыту  программаларын  әзірлеу  мәселесі  өзекті  болып 

табылады. 

Ғылыми  негіздемесі  бар  фактілердің,  тұжырымдамалар  мен  ережелердің,  сондай-ақ 

берілген  оқу  курсының  шеңберінде  оқытылатын  объектілердің,  құбылыстар  мен 

процесстердің  қасиеттерінің  жиынтығынан  тұратын  сандық,  мәтіндік,  графикалық,  аудио, 

бейне және басқа да оқыту ақпараттары, электронды оқу басылымдарының объектісі болуы 

тиіс [1]. 

Білім  беру  саласына  мультимедиалық  технологиялардың  ендірілуі  компьютерлік 

программалардың 

көрсетілімдік 

материалдар, 

дәстүрлі 

үй 


тапсырмаларын 

шығармашылықпен  ұштастыра  отырып,  компьютерлік  техниканың  көмегімен  жүргізілетін 

тестілеу  және  бақылау  жұмыстары  ретінде  пайдаланылуын  мүмкін  етті.  Қашықтықтан 

жүргізілетін  сабақтардың  ұйымдастырылуын  мүмкін  ее  түсті.  Пән  бойынша  компьютерлік 

нұсқадағы  көптеген  тапсырмалар  білім  алушылардың  шығармашылық  қабілеттерін 

дамытуға, кез келген затқа әр түрлі тұстардан қарап және өзін жаңа қызметтерде немесе жаңа 

жағдайларда көрсете білуге баулиды. Таңдау барысында, олардың білім алушылардың жеке 

қасиеттеріне  және  нақты  пән  облыстарының  спецификалық  ерекшеліктеріне  сәйкестігін 

ескеру  қажет.  Педагогикада,  көрнекілік  –  білім  берудің  маңызды  қағидаларының  бірі,  әрі 

тұлғаның жан-жақты дамуын жүзеге асырушы  іргетас  болып саналды және әрқашан санала 

береді [2]. 

Берілген  мақалада,  біз  «Алгоритмдерді  талдау»  пәні  бойынша  әзірленген 

мультимедиалық оқыту программасына арналған анимацияларды құруға қажетті Macromedia 

Flash 8 қолданылуына назар аударамыз.    

Анимация —  бұл  объекті  күйінің  тізбектей  өзгеруі.  Macromedia  Flash  көзқарасы 

тұрғысынан  алып  қарағанда  анимацияның  бірнеше  түрлері  бар:  қарапайым  кадрлық 



«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 

 

 



232 

 

анимация,  Tweening  (аралық  кадрларды  құруға  арналған  анимация),  формалардың 



анимациясы және уақыт шкаласы эффектісін пайдаланатын анимация (Timeline Effects).  

Macromedia Flash  технологиясы  бейнелеу  өнерінің,  бейне  және  программалау  тілінің 

симбиозынан  тұрады.  Графикалық  редактор,  әзірлеушіге  стильді  бояулы  бейнелерді  құруға 

арналған құрал-саймандардың кең таңдауын ұсынады. Әрбір Flash-құжат кадрлардың, бейне-

немесе  дыбыстық  кадрлардың  сызықтық  тізбектілігінен  тұрады.  Кадрдан  кадрға  өту 

ойнатылатын бастың қозғалуы есебінен жүзеге асырылады. Осындай өтпел барысында экран 

бетіндегі  сурет  жаңартылады,  ал  содан  кейін  оған  кірістірілген  ActionScript  программалау 

тілінің көмегімен бекітілген ағымдық кадрдың коды арқылы орындалады [2]. 

Әзірленген  мультимедиалық  оқыту  программасының  құрылымы  келесі  бөлімдерден 

тұрады:  пәннің  оқу  программасы,  теориялық  материал,  тапсырмалар,  мысалда,  сұрақтар, 

тесттер, глосарий, тезаурус.  

Мультимедиалық  оқыту  программасы  жақсы  құрылымданған  және  қолайлы 

интерфейсі бар бай теориялық материалды қамтиды.  

Мультимедиалық  оқыту  программасының  құрылымы  модульдерден,  модульдер 

блоктардан, ал блоктар сабақтардан тұрады. 

Мультимедиалық оқыту программаларын құруға арналған қолайлы құралдардың бірі 

MacromediaFlash  –  кірістірілген  интерактивті  қолдауға  ие  болған  векторлық  графиканың 

негізінде жасалған анимациялық жобаларды құру құралы. Кадрлық анимация – анимациялық 

бейнелердің  ең  қарапайым  формасы  болып  табылады.  Кадрлық  анимация  әрбір  кадрдағы 

бірегей бейнелердің пайдаланылуымен сипатталады, сондықтан ол әрбір қимылы дербес әрі 

қайталанбастай  болып  келетін  күрделі  анимацияларды  құруға  өте  қолайлы.  Әрине,  әрбір 

кадрда  қайталанбастай  бейнелерді  құру  үшін  сабыр  және  төзімділік,  сондай-ақ  көп  уақыт 

қажет, алайда оның нәтижесі ойдағыдай болуы мүмкін.  

Сонымен  қатар,  кадр  бойынша  анимацияның  пайдаланылуы  бейне  роликтің 

қорытынды  өлшемін  арттыруы  мүмкін,  себебі  мұнда  әрбір  кадрдың  салмағы  бар  болады. 

Macromedia Flash Professional 8 программасында бірегей бейнеден тұратын әрбір кадр кілттік 

деп  аталады.  Кадрлық  анимацияның  құру  үшін  әрбір  кадрда  бірегей  бейнені  салу  қажет, 

осылайша әрбір кадр осыдан кейін кілттік болады.  

Анимацияның кез келген түрін жасау үшін, фильмнің барлық кадрлары орналасатын 

уақыт  шкаласымен  жұмыс  істеуге  тура  келеді.  Уақыттық  шкаланы  батырманың  көмеімен 

баптау  қажет.  Аталмыш  батырманы  басқан  кезде  Frame  View (Кадр  түрі)  мәзірі  ашылады, 

төмен түсірілетін мәзірде келесілер ұсынылады: 

· Tiny (Өте ұсақ) 

· Small (Ұсақ) 

· Normal (Әдеттегі) 

· Medium (Орташа) 

· Large (Ірі) 

· Short (Қысқа) — кадрлардың биіктігін өзгерту 

Tweening  типті  қозғалыс  анимациясын  пайдалану  барысында  кілттік  кадрлардың 

бастапқы және соңғы күйін беру жеткілікті, ал аралық кадрлар программамен құрылады. 

Кадрлық анимацияны құру кезінде кадрлармен жұмыс істей қажет: кілттік кадрларды 

қосу,  артық  кілттік  кадрларды  алып  тастау,  әдеттегі  кадрларды  қосу  және  өшіру.  Мұның 

барлығы  Edit —  Timeline  мәзірі  арқылы,  не  болмаса  тышқанның  оң  батырмасын  шерту 

арқылы жүзеге асырылады.  

Әзәрленген  мультимедиалық  оқыту  программасына  арнап  анимацияны  құру  үшін  

жасалған  MacromediaFlash  8  программасының  қолданылуының  бірнеше  қадамдарын 

қарастырамыз. MacromediaFlash 8 программасын ашып, File => New document командасының 

көмегімен жаңа құжат құрамыз. Қолда бар бейнені импорттау үшін File => Import => Import 

to Stage әрекетін орындаймыз. 


«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 

 

 



233 

 

Import  to  Stage  –  программаға  беріген  компьютерде  сақталған  бейнелерді 



импорттайды.  Ашылған  терезеден  Html  форматында  жасалған  бейнені  таңдап,  «Открыть» 

батырмасын басу қажет, 1-сурет импортталатын бейне көрсетілген. 

 

 

 



1-сурет. Импортталатын бейне 

 

Осыдан  кейін  Insert=>  New  Symbol  директориясының  көмегімен  анимацияның 



алғашқы символын жасаймыз. 

Пайда  болған  терезеден  қозғалатын  анимацияны  құруға  арналған  MovieClip 

таңдаймыз. 

Және мәтінді құрамыз. Ол үшін құрал-саймандар панелінен TextTool таңдаймыз.   

Әрі  қарай,  мәтін  орналастырылатын  соңғы  орынды  таңдау  қажет.  Ол  үшін,  уақыт 

шкаласынан  қажетті  кадрды  таңдап,  және  тышқанның  оң  жақ  батырмасын  бау  арқылы 

InsertKeyframe элементін таңдаймыз. 

Аталған  функцияларды  орындағаннан  кейін  уақыт  шкаласында  бағытталған  кесінді 

пайда болады. 

Әрі  қарай  пайда  болған  мәтінді  бейнеге  орналастырамыз.  Ол  үшін  Window=>Library 

директориясын таңдаймыз. 

Осыған  дейін  құрылған  мәтінді  тышқанның  көмегімен  алып  жүру  арқылы  кадрға 

орналастырамыз. 

Осыдан  кейін  Actions  опциясына  өтемін  және  кодты  жазамыз.  Кадр  жүктемеленген 

кезде  орындалуы  тиіс  болатын  процедураны  таңдаңыз.  Flash,  ActionScript-тің  келесі 

элементін Actions (Процедуралар) тізіміне енгізеді: 

On (release) {gotoAndStop(3)}  

Осыдан  кейін  екінші  кадрды  орналастырамыз  және  тышқанның  оң  жақ  батырмасын 

басу арқылы Insert KeyFrame опциясын таңдаймыз. 

Әрі  қарай,  біріні  кадрға  ұқсас  түрде  қажетті  анимацияларды,  батырмалар  мен 

мәтіндерді құрамыз және 2-суретте көрсетілгендей жаңа кадрға ие боламыз. 

 

 



 

2-сурет. Жаңа кадр 



«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 

 

 



234 

 

 



Әзірленген  мультимедиалық  оқыту  программасы  сабақ  барысында  пайдалануға, 

сондай-ақ  студенттердің  өздік  жұмыстарына  арналған.  Оның  көмегімен  әрбір  студент  өз 

бетінше білім алуы мүмкін.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1. Информационные Технологии. Электронды Басылым. Электронды оқу  басылымы. 



СТ  ЗЛ  34.017-2005.  Қазақстан  Республикасының  индустрия  және  сауда  Министрлігінің 

стандарттау,  сертификаттау  метрологиясы  бойынша  Комитетінің  2005  жылдың  26 

қаңтарындағы №1 бұйрығымен бекітілген және іске қосылған. 

2. 


Компьютерная 

анимация 

физических 

процессов: 

 http://5fan.info/ 

jgeqasmeratymerotr.html 

 

 

ӘОЖ 629.783 



 

  МОЛДАМУРАТ Х., ЕРКІНБЕКОВ А., САПАБЕКОВ А., ТӨЛЕУБАЙ Н. 

 

НАНО ЖӘНЕ ПИКОСПУТНИКТЕРДІҢ ЖАНА ТЕХНОЛОГИЯСЫ   

 

(Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті) 

 

Пикоспутниктер  мен  наносеріктер      қазіргі  заманғы    ғарыштық  кіші  серіктер 



архитектурас  сақтап,  бірақ  айтарлықтай  олардың  салмағын  және  құнын  төмендету  үшін 

аздап ерекшеленетін технологияға негізделген. Олар қызмет жүйелер мен бір немесе бірнеше 

пайдалы  жүктеме  жиынтығын  қамтитын  ғарыштегі  платформа  болып  табылады.  Құрамы 

ЭҚЖ  (  электр  қуаты  жүйесі  ),  БЖ (  басқару  жүйесі  )  байланыс  жүйесін  борттық  жүйелерін 

қамтуы мүмкін. БЖ бағытталуды және тұрақтандыру қамтуы мүмкін. ЭҚЖ құрылымы әдетте 

күн батареяларын, химиялық ток көздерін, кернеу түрлендіргіштер кіреді [1].  

Пикоспутниктер массасы 100 гр 1 кг дейін. Әдетте, топпен жұмыс жасайды.  

Cubesat  (  кубсат  )  сипаттамалары  ультра  шағын  спутниктер  құруды  жеңілдету  үшін, 

Калифорния  политехникалық  және  Стэнфорд  университеті  1999  жылы  әзірледі.  Cubesat 

спутниктерін  көбінесе  университет  әзірлеген,  бірақ  ірі  компаниялардың  көпшілігі,  мысалы, 

Boeing, сондай-ақ, жер серіктері Cubesat түрін жобалаған. Cubesat спутнигінің көлемі  1 литр 

және  массасы  1  кг.  Бұл  спутниктер  үлкен  пикоспутник  болып  саналады,  немесе    жеңіл 

наноспутниктер.  Cubesat-ты  жасау  миниатюризация  және  нанотехнологияларды  дамыту 

арқылы мүмкін болды. 21 ғасырда жаппай құбылыс болды. Cubesat әдетте бірнеше ғана дана 

немесе  зымыран  және  ұшқышсыз  жүк  кемесі  мен  ғарыш  станцияларының  бортында 

көрсетіледі.  Америкалық,  итальян,  жапон  компаниялары  көп  орындық  контейнерлік 

платформа әзірледі. Оның ішінде орбитаға револьверлік атқылау құрылғысы бар [2].  

Қазақстанның кең байтақ даласы әлемдік космонавтиканың бесігіне айналды. Нақ сол 

себептен  де  біз  өткендегі  жетістіктерді  мақтан  етуге  хақылымыз.  Десек  те,  өмір  өркені  бір 

орнында  тұрмайды.  Біздің  ғарыш  индустриясындағы  тұғырымыз  үнемі  жаңа  ізденістерді, 

жаңа  биіктерді  талап  етеді.  Ендеше,  бүгінде  Қазақстанның  ғарыш  саласы  сондай  биік 

белестерге  бет  алғандығы,  мұнда  жоғары  технологиялы  төл  технологиялар  жасалып 

жатқандығы, ғылыми негіздің кеңеюі, ауқымды жобаларды жүзеге асыру орайында белсенді 

жұмыс өрістеуі осы айтқанымызға дәлел болғандай.  



 

Кесте 1 

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 

 

 



235 

 

Массогабариттық сипатамасы. (Cubesat жасау үшін қаражат мөлшері-50 мың доллардан аспау 



керек және құру мерзімі-2 жыл) 

 

ҒА бірлік типі Cubesat 

Осьтер мөлшері, м 

0,1х0,1х0,1 

Салмақ, кг 

1 кг артық емес 

ҒА екілік типі Cubesat 

Осьтер мөлшері, м 

0,1х0,1х0,227 дейін 

Салмақ, кг 

2 кг артық емес 

ҒА үштік типі Cubesat 

Осьтер мөлшері, м 

0,1х0,1х0,3405 

Салмақ, кг 

3 кг артық емес 

 

 

Қазіргі  уақытта  Қазақстанның  алдында  әлемнің  бәсекеге  қабілетті  50  мемлекетінің 

қатарына  кіру  жөніндегі  айбынды  міндет  тұр.  Біздің  Мемлекет  басшысы  қойған  осынау 

міндеттің  жеделдете  шешілуі  отандық  экономиканы  табысты жаңаландыруға  және  жаңадан 

жоғары  технологиялы  салаларды  құруға  байланысты  екендігі  айдан  анық.  Осынау 

мақсаттарға  жету  жолында  қазақстандық  ғылым  баға  жеткісіз  жәрдемін  тигізуде.  Осыған 

орай  соңғы  кездерде  ғылымды  қаржыландырудың  айтарлықтай  ұлғаюы  да  тегін  емес. 

Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  атап  көрсеткендей:  «Ғылым  мен  инновацияны  екінші 

кезекке қойған ел бірде-бір салада бірінші орынға шыға алмайды» [2,4]. 

 Қазақстанды  инновациялық  дамытудың  маңызды  ресурсы  дербес  ғарыш  жобаларын 

әзірлеу және іске асыру болып табылады. Сол себептен мен бұл ғылыми жоба Қазақстанның 

ғарыш саласына жоғары технологиялы аппараттың айды зерттеуде,соның ішінде ай қойнауы 

жынысының 

химиялық-минералдық 

құрамын 

анықтап,жаңа 

химиялық-минералдық 

элементтерді  табуға  жәрдемін  тигізер  деген  ойдамын.    Мақсатым  біздің  елімізге  және 

қазақстандықтардың  ғарыштық  зерттеулеріне  әлемдік  астрономиялық  қауымдастықтың 

улкен  қызығушылығын  тудырып,  танытумен  қатар  Қазақстанның  ғарыш  индустриясына  өз 

үлесімді қосу. 

  Соңғы  жылдардағы  техника  мен  технологияларды  дамыту  үрдісі  адам  баласының 

қызмет  етуіндегі  барлық  салалардың,  соның  ішінде  жоба  тақырыбында  көзделгендей  - 

ықшамдалуға және интеллектуалды болуға бағытталған ғарыш техникасының күрделі түрде 

өзгеруіне  әкелуде.  Жер  қашықтықтан  бақылау  кезінде  наносеріктерден  радиобайланыс 

арналары  бойынша  кескін  тасымалдау  жүйесін  жасау  негізінде  ықшамдалған  көлемдегі 

ғарыштық жер серігінің қолданыстағы жүйесін өңдеу [3].  

Өте  шағын  көлемдегі  ғарыш  кіші  аппараттары  көптеген  күрделі  бөлшектерді  талап 

етпеу арқасында жоғарғы технологиялық болуы, аз уақыт мөлшерінде жасалып шығарылуы, 

аса  көп  қаражаттың  жұмсалмауы  және  орбитаға  анағұрлым  жеңіл  түрде  шығарылу  сияқты 

артықшылықтармен  сипатталады.  Сондықтан  да,  болашақта  шағын  және  ықшамдалған 

наносеріктер  мен  пикосеріктерден  жаңа  кіші  ғарыш  аппараттары  қыруар  миллион  евро 

тұратын,  жобасын  жасауға  және  өнідіріп  шығаруға  ондаған  жылдар  кететін  аса  ауыр 

салмақтағы  жер  серіктерінен  қарғанда  экономикалық  нарықта  арзан  және  аса  ауыр 

салмақтағы  жер  серіктерінен  орынын  бастын  болды.  Миниатюрлық  ғарыш  аппараттары  аз 

уақыт  ішінде  әзірленеді,  басқару  жағынан  алғанда  барынша  жеңіл,  орбитаға  шығару 

жұмыстарына қомақты қаражат керек етпейді [4].  

Жасанды  ақыл-ой  негізінде  басқарылатын  кіші  ғарыш  аппаратарының  басқару 

технологияларыкүн санап өсуде. Бұл жасанды интеллекті басқару технологиясы өте қолойлы 

және  басқаруға  өте  оңай.Наносеріктердің  қолдану  аясы  шектеулі  болғандықтан  туындысы 

болып табылатын ақпараттық жүйелердің сенімділігі мен үнемділігін арттырады [5].  


«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 

 

 



236 

 

Қорытынды  жасай  келе,    бүгінде  наносеріктер  -  ғарыш  пен  салмақсыздықта 



жасалатын ғылыми тәжірибелер мен зерттеу жұмыстары үшін қолайлы арзан тұғырнамалар 

болып  табылып,  болашақта  наносеріктер  қолдану  аясы  шектеулі  және  салмағы  жеңіл 

болғандықтан,  сенімді  және  қаражатты  үнемдеумен  ерекшеленетін  және    арқашықтықтан 

интеллектуальді  басқаруға    ыңғайлы,  сонымен  қатар  ақпараттық  жүйелерді  енгізуге  өте 

қолайлы болып табылады. 

 

Қолданылған  әдебиеттер тізімі: 

 

1 Ғарыш саласы қарыштап дамуы тиіс/Егемен Қазақстан.13.08.2013 



2 http://www.findpatent.ru 

3  Куспанова  А.Е.,  Молдамурат  А.,  Оразбекова  М.Б.,  Нурасилова  М.С.//  Наносерік  негізінде   

құрал-жабдықтарды  неғұрлым  ықшамдату  және  интеллектуалды  етіп  жасау  //  V  Республиканская 

студенческая  научно-практическая  конференция  по  математике,  механике  и  информатике//  ЕНУ 

им.Л.Н. Гумилева, 2013 

4 https://ru.wikipedia.org/wiki/Малые_спутники 

5 Атанов С.К., Молдамурат Х //Микроконтроллерная реализация нечеткой логики в системах 

искуственного  интеллекта  //  Научный  журнал  ВЕСТНИК,  Евразийский  национальный  университет 

им. Л.Н Гумилева, №4 2010 г. 

 

 



ӘОЖ  629.78 

МОЛДАМУРАТ Х.,  БЕРІК М. 

  

ҒАРЫШТЫҚ  КЕҢІСТІКТЕГІ  СЕРІКТЕРДІҢ  НАВИГАЦИЯЛЫҚ  ЖҮЙЕСІ 

 

(Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) 

 

Бағзы  заманнан  бері  өзіндік  орналасқан  жерді  анықтау  мәселесі  жер  бетінде  үлкен 



қашықтықтарға  орын  ауыстырғандардың  барлығын  мазалаған  болатын  —  әсіресе  жүздеген 

адамдар  «бейтаныс  елдерге»  аттанған,  картаға  жаңа  құрлықтарды  енгізген,  құрлық  және 

теңіз сауда жолдарын салған ұлы географиялық ашылулар заманында. 

Таза  аспан  жағдайында  географиялық  ендікті  секстант  көмегімен  өлшеуге  болатын. 

Ұзақтықты  өлшеу  аса  күрделірек  міндет  туғызатын.  Оны  шешу  үшін  жұлдыздарды  Аймен 

бүркеу, Юпитер серіктерінің тұтылуы бақылаулары қолданылған. Бұл әдістердің астарында 

қолайлы ауа райы мен құрылғы орнату үшін тұрақты аумақтың болуы жатыр. 

Ғарыштық  дәуірдің  басталуымен  құрлық  және  теңіз  саяхатшыларының  ежелгі 

мәселесі өзінің шешіміне бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақындап қалды. 1957 ж.алғашқы 

серікті  бақылау  тәжірибесі  көрсеткендей,  таратқыштың  белгілі  орбита  бойымен  жылжитын 

таратқышпен  сәулеленетін  радиосигнал  жиілігінің  доплерлік  жылжуын  өлшеу  бақылау 

нүктелерінің  географиялық  координаттарын  анықтауға  қолданылуы  мүмкін.  1958-59  жж. 

А.Ф.Можайский атындағы Ленинградтық әскери-әуе инженерлік академиясында, АН КСРО 

теориялық  астрономия  институтында,  АН  КСРО  екі  теңіз  ҒЗИ–ның  электромеханика 

институтында  және  Горький  атындағы  ҒЗРФИ  «Серік»  тақырыбы  бойынша  кейінірек 

кеңестік төмен орбиталық навигациялық серіктік жүйе «Цикада»-ға негіз болған зерттеулер 

жүргізілді.  1963  жылдан  оның  құрылысы  бойынша  жұмыстар  басталды.  1967  ж.  орбитаға 

бірінші навигациялық серік «Ғарыш-192» шығарылды. 

Бірінші  буындағы  радионавигациялық  серіктер  жүйелерінің  сипатты  ерекшелігі  

жердің  төмен  орбиталық  жасанды  серіктерін  қолдану  мен  объект  координаттарын  есептеу 

үшін  серіктің  дәл  сол  сәттегі  көрінетін  жалғыз  сигналын  пайдалану  болып  табылады. 

Кейінірек  «Цикада»  жүйесінің  ғарыштық  аппараттары  апаттағы  кемелер  мен  ұшақтарды 

анықтауға арналған аппаратпен жабдықталған болатын. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет