«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
252
Жеке элементтердің, тораптардың және блоктардың жай-күйлерінің өзгеруін болжау
мүмкіндігі;
Зымыранды-ғарыштық техниканың тораптарын және жүйесін пайдалану кезіндегі
сенімділігін арттыру;
Ғарыш аппараттарының тораптары мен блоктарын жобалап, технологиялық
үрдістерінің модeлін жасау;
Ғарыш аппараттарының сенімділігі жасалу уақыты мен белсенді жұмыс жасау уақытына
тікелей байланысты. Осылай, пайдалану уақыты 14 тәулік болатын "Бион", "Ресурс" сияқты
спутниктердің сенімділік көрсеткіштері 95%, ал, жарты жыл белсенді жұмыс жасаған
метеоспутниктер үшін - 65% болуы мүмкін. Ұзақ уақыт жүретін спутниктердің сенімділігі
тиісті техникалық күтім мен жөндеу жүргізу арқылы қолдау табады.
Төменде мысал ретінде типтік ғарыштық-зымыранды кешенге арналған сенімділік
көрсеткіштерінің кейбір белгілері келтірілген. Әдетте олар тактикалық-техникалық
тапсырмаларда беріледі:
ғарыштық аппаратты берілген кеңістікке, берілген жылдамдық векторымен, берілген
уақытпен ≥0,97 сеніп тапсырылған ықтималдылық γ = 0,9 шығару ықтимал;
сәтті шығару ықтималдылығы ≥0,983 (γ = 0,9);
тәуліктік технологиялық цикл басқарудың шараларын жерден басқару кешенін
орындау ықтималдылығы ≥0,957 (γ = 0,9);
Байланыс сеансы кезінде қабылдағыштардың және ақпарат өңдеу құралдарының
үзіліссіз жұмысы ықтималдылығы ≥0,99 (γ = 0,9) және т.б.
Жобалаудың алғашқы кезеңдерінде тапсырылған ұшу аппараттарының кейбір түрлері
сенімділігінің жобалық белгілерін келтіреміз.
Аполлон − 95% − тапсырманы орындау ықтималдылығы;
99,9% − экипажды құтқару ықтималдылығы.
Шаттл − 96,7% − тапсырманы орындау ықтималдылығы;
Гермес − 98% − тапсырманы орындау ықтималдылығы;
99,95% − экипажды құтқару ықтималдылығы;
Ұшу аппараттарының борт жүйелеріндегі құрамдас бөліктерінің сенімділігін
нормалау, жүйелердің өз сенімділігін нормалағандай жолмен жүргізіледі.
2 суретте жылу режимін қамтамасыз ету жүйесін декомпозициялау көрсетілген.
Сурет 2. Ғарыштық аппараттың жылу режимін қамтамасыз ету жүйесін декомпозициялау
Декомпозициялауды келесі жағдайлар орындалатын дәрежеге дейін жүргізеді:
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
253
Элементтердің сенімділік көрсеткіштері белгілі (мысалы құжаттағы деректер);
Сенімділік көрсеткіштерін белгілі әдістермен есептеуге болады;
Сенімділік көрсеткіштерін тек эксперимент арқылы анықтауға болады;
Ескерткеніміздей, ұшу аппараттарын жобалаған кезде сенімділік көрсеткіштерінің
оптималды белгілерін бекіту барлық жағдайда мүмкін бола бермейді. Бұл біріншіден, белгілі
шектеулердің болуына (жалпылама, бағалық, уақытқа және т.б.), екіншіден, бұрын өңделген
жүйелерді, кіші жүйелерді, сенімділік көрсеткіштері белгілі элементтерді пайдалануға
байланысты болады. Осылайша, жоғарыда ғарыштық жүйенің, ғарыштық кешеннің, ұшу
аппараттарының, борт жүйесінің және олардың элементтерінің сенімділік көрсеткіштерін
нормалау қарастырылды .
Ғарыштық
аппараттардың
құрамдас
бөліктерінің
сенімділік
көрсеткіштері
«жоғарыдан төмен» деген сызба бойынша жүргізіледі. Осылайша ол керісінше процесспен
жасалынбайды. Тек қана жобалау кезінде заттың сенімділігін болжайтын «жоғарыдан төмен»
сызбасы процесімен жасалынады. Сенімділік көрсеткіштерінің белгілерін нормалау
болжалған сенімділік көрсеткіштерінің расталмауына байланысты әрдайым түзетіліп
отырады.
Итерация нәтижесінде, сенімділіктің оптималды көрсеткішіне жақындауға болады.
Бұл жағдайда, көрсеткіштері рационалды болады.
Осыған байланысты жобалаудың әртүрлі кезеңдерінде ғарыштық-зымыранды
кешеннің құрамдас бөліктерінің сенімділігі бойынша талаптар әрдайым өзгеріп отырады.
Жобалаудың бастапқы кезеңдерінде сенімділік көрсеткіштері жалпы кешен бойынша
тактикалық-техникалық талаптарға келтіріледі. Сенімділік көрсеткіштері, әдетте, ұқсас
заттар бойынша анықталады [4].
Соңғы уақытта жобалаудың келесі кезеңдеріндегі ғарыштық зымыран кешенінің
бұдан гөрі ұлғайған түрі пайда болып, құрамдас бөліктерінің сенімділік көрсеткіштері
тапсырылып, деректер жиналған сайын ұзақ жобалау процесінде осы көрсеткіштер
нақтыланып жатыр. Осы көрсеткіштерді пайдалана отырып, біз өзіміздің ғарыш
аппараттарымыздың істен шықпайтынына сенімді бола аламыз. Бұл дегеніміз төтенше
жағдайлардан алдын алуға және еліміздегі ғарыш саласының дамуына септігін тигізеді.
Қорыта келгенде ғарышқа зымыран тасығыштарды жіберу саласында туындайтын
қоғамдық қатынастарды және сенімділікті артыру жағын күшейту керек. Зымыран
тасығыштарды пайдалану кезіндегі сенімділігін арттыру үшін негізгі тораптар мен
блоктарды жобалап, соны жасанды интеллекті басқарылатын верификацияның оңтайлы
түрлерін қолдануды ұсынамын. Технологиялық үрдістерді модельдеуді қазіргі заманаға сай
жаңартып және алға қойылған мақсатқа сәйкесінше міндеттерді шешу жолдарын болашақта
қысқа әрі нақты жолмен шешуді ұсынамын. Технолгиянын дамуына байланысты шешім
уақыт талап етеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. С.К Атанов, К Молдамурат. Микроконтроллерная реализация нечеткой логики в системах
искусственного интеллекта. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰҮ Хабаршы - Вестник ЕНУ им.Л.Н.
Гумилева, 2010, №4
2. Вентцель Е.С. Теория вероятностей. – М.Наука, 1969. – 376 бет.
3. Эксплуатационная надежность, безопасность полетов, эксплуатация и ремонт авиационной
техники №26 (308).- в/ч 75360, 1976. – 32 бет.
4.
Смирнов Н.В., Дунин – Бараковский И.В. Курс теории вероятностей и математической
статистики для технических приложений.- 3-е изд., стереотипное. – М.: Наука, 1969. – 512 бет
.
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
254
ӘОЖ 004.773.5
ТЕМИРБЕКОВA Ж.Е., ЧЕРИКБAЕВA Л.Ш., AЛТЫБAЙ A., БУРЛИБAЕВ A.Ж.,
АДИЛЖАНОВА С.А.
PACKET TRACER – БАҒДАРЛАМАСЫН
АРА ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУҒА
ПАЙДАЛАНУ
(Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ., Казақстан)
Cisco желілік академиясы бағдарламасы – бұл ауқымды экономика шарттарын
қанағаттандыратын Интернет технологиясы аумағындағы студенттерге білім беретін,
электрондық оқыту кешендік бағдарламасы.
Cisco желілік академиясы бағдарламасы – ара қашықтықтан оқыту бағдарламасы.
Бағдарлама бойынша оқитын академия студенттері бүкіл жер шарының кез – келген жерінде
отырып желі туралы базалық білім алу мүмкіндігі бар және студент таңдаған курсын өзі
қалаған кез-келген академиядан оқи алады.
Осы желілік академия бағдарламасын ара қашықтықтан оқыту тиімді және ыңғайлы,
өйткені бағдарлама бойынша білім алушы студенттер барлық материалдармен қамтылып,
өздерінің алған білімдерін жиі on-line жүйесінде тексеріп отырады.
Академия бағдарламасының негізгі бағыты – жалпы қабылданған стандарттар мен
шешімдерді пайдалана отырып локальді және глобальді желілерді практикалық, теориялық
жобалайтын мамандар дайындау. Академия бағдарламасын ара қашықтықтан оқу арқылы
кез-келген елдегі барлық студенттер бірдей жоғары сапалы білім алады. Ол еңбек нарығында
студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады және оларға жұмысқа орналасуға кең
мүмкіндік береді. Академия курстары үнемі жаңарып отырады, үнемі студенттермен
білімдерін тексеріп, бағалап және олармен өзара қатынаста болады. Академия бағдарламасы
бойынша білім алатын студенттерде лабораториялық сабақ кезіндегі практикалық икемдену,
кәсіптік сертификациядан өтуге дайындық, басқа да академиялар бітірушілерімен байланыс
жасау мүмкіншілігі сонымен қатар үлкен карьера жасауға, болашаққа жол ашуға
мүмкіндіктері бар [1].
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университтетінде 2008 жылдың тамыз айында
«ҚазҰУ информатика кафедрасы Желілік Академиясы» (KazNU Infomatics Department
Networking Akademy) ашылды. ҚазҰУ информатика кафедрасы Желілік Академиясы
жергілікті академия құрылуына көп уақыт болмаса да алдына қойған мақсаттары көп. Сол
мақсаттарының бірі – жалпы желі бойынша білім алып, осы алған білімдерін толықтырып,
болашақта осы бағытпен өзінің еңбек жолын жалғастырғысы келетін студенттерді, жас
маманадарды Cisco желілік академиясы бағдарламасы бойынша оқыту, оларға қазіргі
таңдағы әлем бойынша озық мемлекеттер студенттерімен қатар білім беру болып отыр. Бұл,
академия инструкторлары – 2008 жылдың сәуір айында Қазақстан бойынша ең алғашқы
болып регионалдық академия дәрежесін алған Алматы Энергетика және байланыс
институтындағы желілік академиясында 2008 жылдың мамыр айынан тамыз айына дейінгі
аралықта дайындық курстарынан өтті. Қазіргі уақытта академияда 15 студент тіркеліп,
CCNA 1–4 курсы бойынша білім алуда. Студенттер өзіне қажетті материалдарды
http://cisco.netacad.net адресі бойынша алып, белгіленген уақытта әрбір тарау сайын алған
білімдерін тексеріп отыру үшін on-line жүйесінде тест тапсырып отырады.
Cisco желілік Академиясы толық оқу материалдарымен қамтылған және студенттерді
ақпараттық технология саласында қажетті білім алумен қамтамасыз етеді. Бағдарлама
Интернет арқылы алуға болатын материалдардан, алған білімдерін бағалаушы электрондық
жүйелермен, практикалық лабораториялық сабақтармен, сонымен қатар кәсіптік деңгейдегі
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
255
сертификаттар алуға дайындық курстарынан тұрады. Cisco желілік академиясы қазіргі заманға қажетті
технологиялық білім берумен қамтамасыз етеді.
Желілік академия бағдарламасын ара қашықтықтан тек оқу орындар студенттері ғана емес, мектеп
оқушылары, кәсіпорындар және компания қызметкерлері де, егер қажет болса оқи алады.
Академия бағдарламасы бойынша білім алғылары келетін студенттер ең алдымен шет тілін жақсы
білу керек, өйткені академияның барлық материалдары ағылшын, түрік, испан, қытай, үнді, неміс, кәріс, грек,
португалия, араб, француз тілдерінде жазылған.
Әрине әрбір студент сапалы білім алу үшін желілік құрылғыларда күнделікті практикалық
тапсырмаларды орындап отыру қажет. Желілік академия бағдарламасын ара қашықтықтан оқытуда
практакалық тапсырмаларды орындауда тағы бір айта кететін артықшылығы – желілік құрылғылармен
Packet Tracer-де виртуальды түрде жұмыс жасау. Packet Tracer – бұл желілік құралдарды алмастыратын
таптырмас туынды. Оның көмегімен:
Cisco желілік құрылғылары бағыттауыштар және тағы басқа да құрылғыларын пайдаланумен
визуалды жергілікті желілер құруға
Cisco желілік құрылғыларының конфигурациялары мен дайын шаблондарың өте көп түрлерін алуға
Cisco құрылғыларына командалық жол арқылы визуалды қосылуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда ақпараттық технологияның дамумен қатар желі арқылы ақпарат алмасу процессінің
жұмысын жақсартуда жаңа құрылғылар және оларды пайдаланушы, басқарушы мамандар дайындау
мәселесі де артуда. Бұл мәселені шешуде Cisco компаниясының желілік құрылылары және желілік
академиясы ерекше орын алады. Cisco желілік академиясының программасы Cisco Packet Tracer – бұл
модельдеудің мықты желілік программасы, желінің жұмысымен тәжірибелеуді рұқсат етеді, құрылғылардың
тәжірибелік жағынан шексіз санымен желіні құра отырып, құрылғыны қолдануын табады және оны
қойылған талаптарға сол немесе басқа ортаның күйіне келтіреді. Программа тапсырманы қабылдаудың
жылдамдығының шығармашылық ықпалын және сыни ойлаудың даму сапасын мүмкіндік береді. Сырт
пішінін күйге келтіру және желілердің виртуалды құрылғыларды қолдану және жалғыз өзін байланыстыру
имитациясы арқылы ақаулығын жояды. Cisco Packet Tracer – түсініктер және протоколдармен оқытудың
тиімді интерактивті ортасын ұсынады. Өз қолымен жеке виртуалды желі әлемін, тұжырымдама және желі
технологиясын тәжірибе жасауға және түсіндіруге зерттеу үшін құруға болады [2-3].
Cisco Packet Tracer - желілік бағдарламасы желі модельдерінің виртуалды түрін жасап және
қолданушыларға жұмыс істеу принциптерін ыңғайлы етіп түсіндіруге мүмкіндік береді. Бағдарламаның
жалпылай жұмыс істеу механизмдерін атап айта кетсек:
бұл бағдарламада желілік құрылғылардың сырт бейнесі көрсетілген және қандай порттардан
тұратынын көруге болады;
жоғарыда аталған құрылғыларға виртуалды IP – адрестер беріп, бір – бірімен байланысын тексеріп
көруге болады;
желілік құрылғыларды баптауға болады;
желілік құрылғылаға қосымша порттар қосып, ажыратуға мүмкіндік береді;
компьютерлік сымдардың кай кезде қандай түрімен жалғау керектігін анықтауға болады;
Бұл бағдарлама арқылы желілік құрылғылар бағыттауыш (маршрутизатор), жалғауыш (коммутатор),
хаб т.б. құрылғылардың қалай жұмыс жасайтындығын көріп жалпылай түсінуге болады.
Cisco Packet Tracer
өте көп функциялы симулятор болып табылады.
Ең негізігі айта кететін жағдай Cisco Packet Tracer бағдарламасын қолданушылар күн санап артуда.
Маңыздысы бұл бағдарламаны жиі қолдану барысында студенттер мен компьютерлік желі саласы бойынша
жұмыс істейтін қызметкерлер тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған материалдар:
1.
http://cisco.netacad.net
2.
http://www.usedcisco.ru/
3.
http://www.cisco.com/web/RU/learning/netacad/index.html
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
256
ӘОЖ 621.396
УРАЗБЕКОВ С.А., МОЛДАМУРАТ Х.
VSAT ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЖЫМДЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТЕ
ПАЙДАЛАНУ
(Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
Бүгінгі күні VSAT технологиясы жеткілікті даму үстінде. Бұның себебі масштабтау
мен мобильдікті қажеттілік болуында, ал VSAT технологиясы көптеген дамушы және
дамыған елдерде сұранысқа ие, сондай-ақ сұраныс қарқынды өсуде. Қазақстан мемлекетінде
кең жолақты қолжетімді қызметтерді қолданатын тұтынушылардың саны артуда. Осы
тұрғыда, VSAT желісімен алыс шалғайдағы елді-мекендерді қамтамасыз ету мәселесі өткір.
Бұл мәселені шешудің оңтайлы жолының бірі – Қазақстан Республикасының аумағының
үстінде орналасқан геостационарлық жерсеріктің көмегімен VSAT жүйесін коммутациялау.
VSAT (Very Small Aperture Terminal) – кіші жерсерікті жерүсті станциясы, яғни
кішкентай антеннасы бар терминал. VSAT – ақпаратты жіберу және қабылдау үшін
қолданылатын құрылғы, жерүсті станциясы. VSAT жүйесінде кіші диаметрлі антенна
қолданылады, әдетте 0,55-1,2 м. Бұндай антенна үйдің төбесіне, қабырғасына немесе жер
үстіне
орнатылады. Қарапайым жерсерікті
баланыс
жүйесінен VSAT
желісінің
ерекшеліктері:
VSAT тіркелген жерсерікті қызметі бар желісі;
VSAT ғарыштық
сегменті
геостационарлық
жерсерік-ретрансляторының
ресурсында негізделеді;
VSAT желісі негізінде ведомстволық желі болып табылады;
жерүсті байланыс желіліерін қолданбай, қолданушыға тікелей жақын жерде
орналастыруға мүмкіндігі бар;
VSAT желісі терминалдарының антеннасының диаметрі 4 метрден аспайды [4].
Жерсерікті байланыс жүйесі VSAT жерүсті станциясының желісімен бірігіп сандық
(цифрлық) телефон байланысын және сандық мәліметтер таратуды қамтамасыз етеді.
Жерсерікті жүйелер дауысты тарату кезінде бірнеше телефондық кіші каналдарды бір
жерсерікті каналға біріктіретін топтық жолдар қалыптастырады. Қазіргі таңда VSAT жүйесін
қолданылатын бірнеше жерсерікті байланыс жүйелері жасалған. Осындай жүйелердің бірі
геостационарлық
жерсеріктер
негізінде
құрылған
жүйе.
VSAT
жүйесі
бірқатар
мемлекеттерде орнатылған, соның ішінде Қазақстан да бар.
Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қолжетімділік және мәлімет тарату
жүйелерінің басқа да түрлері. Шлюз Интернет желісіне 8 Мбит/с жылдамдықпен қол
жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ WWW, TelNet, E-mail, FTP және де т.б. қызметтерді
қолдану
мүмкін.
VSAT
жерүсті
станциясы
Жер
бетінің
кез-келген
аймағына
орналастырылуы мүмкін, тек жерсеріктің тікелей көрінетін аймағында болса болғаны. VSAT
станциясы трафиктің кез-келген түрін (видео, аудио және т.б. мәліметтер) қашықтыққа
бірқалыпты жылдамдықпен таратады, сондай-ақ қабылдау мүмкіндігі бар. VSAT желісі
федералды және муниципалды органдардың ақпараттық қамтамасыздандыру мәселесін
шеше алады, сонымен қатар компаниялар мен корпорациялар, жеке тұлғалардың қажетін
өтей алады.
VSAT желісінің мүмкіндіктері:
телефондық байланыс;
факс;
диспетчерлік басқару;
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
257
телеметриялық ақпараттар жинау;
ресурстар тұтынуын бақылау;
файлдарды, бағдарламалық өнімді тарату және т.б.;
дауысты және видеоны циркулярлы түрде тарату.
VSAT-тың жұмыс істеу принципі. VSAT желісінің компоненттері:
орталық жер станциясы (ОЖС);
желілерді басқару орталығы (әдетте ОЖС-мен біріктірілген);
геостационарлық жерсерік-ретранслятор (ГЖСР);
қолданушының өзінде орналасқан VSAT тіркелген станциялары.
Орталық жер станциясы жер бетіндегі байланыс желісінің байланыстыру жұмысын
және желі қызметтерінің тарификацияларын жүзеге асыра отырып, барлық желілердің
жұмысын басқаруды қамтамасыз етеді, олырдың ресурстарын қайта таратады және орталық
тораптың функцияларын іске асырады. ОЖС аса үлкен емес трафигі бар желіде арный торап
орналастырады. Желіжасаушы аппаратура жерсерік радиожелілерін ұйымдастыру және
олардың жер бетіндегі байланыс желілерімен байланыстыру функцияларын жүзеге асырады.
Желілерді басқару орталығы барлық желілердің жұмысын басқару мен үйлестіруді
қамтамасыз ете отырып, оларды тұтынушылар арасында таратылуын, сонымен қатар беріліп
отырған қызметтің тарификациясын және т.б. функцияларды іске асырады. Тұтынушылық
VSAT терминалы жалпы модем деп аталатын ішкі блоктан, сыртқы радиожиіліктік блоктан,
антенна-фидерлік құралдардан турады. VSAT желілері геостационарлық жерсеріктік-
ретранслятордың негізінде жасалады, сондықтан тұтнушылар терминалдарының құрылысын
максималды түрде жеңілдетеді және жерсерікті бақылау жүйесі жоқ қарапайым тіркелген
антенналармен жабдықталады. Жерсерік жерүсті станциясынан сигнал қабылдайды, оны
күшейтеді және қайтадан Жерге жібереді. Бұндай жұмыс істеу кезінде жерсеріктің маңызды
сипаттамалары борттық таратқыштың қуаттылығы және оның радиожиіліктік каналдар саны.
Сонымен, VSAT – бұл орталық байланыс торабы бар коммуникацияны қамтамасыз ететін
жетуге жолы қиын жерлерде қолданылатын құрылғы [2].
VSAT желісінің артықшылықтары. Тұтынушылар арасында көп қолданылуы, оның
көптеген жақсы қасиеттерімен ерекшеленетіндігімен түсіндіріледі, олар:
Қамту аумағының кеңдігі мен оның конфигурацияларының пайдалануға
ыңғайлылығы. Глобальді тарату-қабылдау сәулесі бар бір ГЖСР жер шарының үштен біріне
қызмет көрсете алады. Қолданыстағы VSAT жерсерік желілерін арзан және оңай кеңейтуге
болады, сонымен қатар тұтынушылардың талаптарына сәйкес конфигурацияларын өзгертуге
болады;
Кең диапазонды байланыс жүйесінің сандық каналдарын және үлкен өткізу
мүмкіндігін пайдалануға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде қолданушыларға өте аз
шығындарды жұмсай отырып, жоғары белгіленген ақпараттық қызметтердің желісін салуға
мұмкіндік береді;
Берілетін мәліметтердің сапасының жоғарлығы;
Тұтынушылардың жұмыс орындарына жақын орналастырылған VSAT желісінің
терминалдары ақпараттық жүйелермен және олардың соңғы құрылғыларымен оңай
байланыстырылады;
Интегралды қызмет көрсетудің мүмкіндігі. Осындай бір VSAT желісінде трафиктік
барлық түрлерін, мысалы, видео және дыбыс таратуға болады. VSAT желісінің
құрылғыларының көп интерфейстері бар және әртүрлі желілердің протоколдарымен
байланыста бола алады;
Басқару мүмкіндігі. VSAT желісінің орталық жер станциясының құрамына
желілерді басқару жүйесі кіреді. Бұл жүйе орталық жер станциясының өзінің ғана емес,
сонымен қатар оның өзге де перифериялық терминалдардың жұмыс жасауын тиімді
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
258
басқаруға кепілдік бере алады. Оның көмегімен ақпараттық ағымды басқарумен қатар,
құрылғылар бұзылған жағдайда техникалық диагностика жасауға да болады;
Қашықтық басқару мүмкіндігі, сондайы ақ VSAT желісінің және оның
терминалдарын бірыңғай орталық жүйелік қашықтықтан диагностика жасау мүмкінлдігі;
Берілетін ақпараттарды тиімді криптосақтау алгоритмдердін пайдалана отырып,
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Құнының төмендігі және техникалық жөндеуінің оңайлығы, ереже бойынша VSAT
әрдайым техникалық жөндеуді талап етпейді [2].
Интернетке ұжымдық жерсеріктік қолжетімділік қызметі – ауыл тұрғындарын және
басқа да кішігірім елді мекендерді, мини-отельдер иесі және оның қонақтары, демалу
базалары, санаторийлер, әкімшілік орталықтарының жұмыскерлері, білім беру, емдеу
мекемелерін және т.б. нысандарды байланыспен қамтамасыз ететін қызметтер аясы үшін
оңтайлы шешім. Ұжымдық қолжетімділікке арналған құрылғы. Диаметрі 0,75 м антеннасы
бар VSAT жерсерік құрылғысының негізгі бөлігі және Wi-Fi бойынша сигнал таратудың
кәсіптік шешімі ауылдық аймақты кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуге
көмекеседі. Бұл ауданы 1 шақырым квадратқа дейінгі аумақты қамтамасыз етуге
бағытталған.
Барлық
құрылғылар
тапсырыс
берушінің
орталық
объектісінде
орналастырылады және тұтынушылар қолдана алатын жоғары өткізу жолағы бар сымсыз
желі құрылады. Бір ұжымдық қолжетімділік қызметіне тұтынушылық құрылғыға 50-ге дейін
қолданушыны қосуға болады. Егер тапсырыс берушіге аумақтық радиусты кеңейту қажет
болса, ортылақ станциясының орналасқанына байланысты және оған деген тұтынушылардың
ара қашықтығын ескере отырып тапсырыс беруші қосымша құрылғыны пайдалана алады.
Мысалы, құрылғының орналасу орны дәл орталықта орналасқан болып, ал тұтынушалар оны
айнала орналасқан болса, тапсырыс беруші 3–5 шақырым радиусты айналаға 360° жан-жақты
бағытталған антеннаны қолдана алады (1-сурет).
360°
VSAT
WiFi нүктесі
Жан-жақты
бағытталған антенна
1-сурет. Айналаға 360° жан-жақты бағытталған антенна
|