Беделов камбар амангельдиевич



Pdf көрінісі
бет10/36
Дата07.09.2023
өлшемі2,51 Mb.
#106526
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Диссертация құрылымы
. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, 
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.


12 
1 БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН БҰЛТТЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУҒА 
ДАЯРЛАУДЫҢ 
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1 Заманауи білім беру жүйесінде болашақ информатика мұғалімдерін 
даярлаудың тәсілдері
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің соңғы 30 жылында елімізде 
заманауи білім беру жүйесі қалыптасты. Қазақстанның білім беру жүйесі осы 
жылдар ішінде жаңару жолынан өтті. Ол кеңестік білім беру жүйесінің 
дәстүрлерінен бірте-бірте алшақтап, халықаралық білім беру жүйесіне назар 
аудара отырып, реформалар мен жаңғыртуға сенімді түрде бет алды. 
Қазақстан Республикасындағы заманауи білім беру бірқатар құжаттарды 
айқындайды: 
1.
«Педагог» кәсіби стандарты [1]; 
2.
Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 
2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы [2]; 
3.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы қаулысымен 
бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы [56]; 
Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының 
маңызды бағыты қазіргі заманғы білім беру жүйесінің, педагог кадрларды 
даярлаудың негізгі бағдарлары болып табылатын білім мен кәсіби дағдылар 
болып табылады [56].
Қазақстан Республикасының жоғары білімді және ғылымды дамыту 
тұжырымдамасы халықаралық тәжірибені талдау нәтижелерінен, еліміздегі 
ұстаздардың пікірін ескере отырып, ұсынылып отырған білім беру жүйесін 
дамыту білім алушыға, оның мүмкіндіктеріне, қажеттіліктеріне бағытталуы 
тиіс. Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінің басты бағдары негізгі 
құзыреттерді қалыптастыруға қабілетті жағдайлар жасау болып табылады. Осы 
даму бағыттарының бірі білім беру жүйесінің қызметтерін цифрландыру, 
мұғалімнің цифрлық портфолиосының бар болуы, оның кәсіби құзыреттілігін 
арттыру болып табылады [2].
«Педагог» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларының мазмұнын, 
мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін, оның кәсіби білімінің даму мазмұны мен 
критерийлерін жаңарту үшін бағыттарды айқындайды, мұғалімнің кәсіби 
қызметінің мәнін ашады, мұғалімнің педагогикалық қызметінің мазмұнын, осы 
дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды сипаттайды. Бұл стандарт кәсіби 
қызметті «бір немесе бірнеше еңбек міндеттерін шешуге бағытталған өзара 
байланысты іс-әрекеттер жиынтығы» болатын еңбек қызметі ретінде 
анықтайды. «Педагог» стандартында көрсетілген мұғалімнің кәсіби қызметі 
анықтамасынан мұғалімнің кәсіби қызметі оқыту/тәрбиелеу және оқу 
тәжірибесін қамтуы қажет [1]. 
Мұғалімнің кәсіби қызметі оның басты қызметі ретінде негізгі және 
қосымша болып бөлінеді. «Педагог» кәсіби стандартының 4-қосымшасында 
келтірілген «Педагог-мектеп» кәсібінің карточкасынан жүргізетін пәніне 


13 
тәуелсіз мұғалімнің кәсіби қызметі оқу үдерісін жүзеге асыруды, білім 
алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды, мамандыққа деген қоғамдық 
сенімді қолдау және білім алушыларды құндылықтар жүйесіне баулуды, оқу-
әдістемелік қызметті жүзеге асыруды білдіреді 1-суретте көрсетілген. 
Сурет 1 - Мұғалімнің кәсіби қызметінің құрылымы 
(«Педагог» кәсіби стандартына сәйкес) 
Кәсіби қызметті орындау барысында мұғалім келесі міндеттерді шешеді: 

оқу үдерісін жоспарлау: оқу пәнінің мазмұнын, оны оқыту және 
бағалау әдістемесін, оқу қызметінің мазмұнын зерделейді; Тиісті оқыту әдістері 
мен бағалау құралдарын анықтай отырып, білім алушылардың ерекшеліктері 
мен қажеттіліктерін ескеру, сабақ жоспарларын жасау

оқу үдерісін ұйымдастыру: оқытудың заманауи әдістемелері мен 
технологияларын пайдалана отырып, оқу үдерісін ұйымдастырады, олардың 
бірі ақпараттық технологиялар болып табылады Оқушылардың ерекшеліктері 
мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың тиісті әдістері мен оқу 
жетістіктерін бағалау құралдарын пайдалану, сабақтар өткізу; Заманауи оқыту 
технологияларын пайдалану; Әрбір білім алушының ерекшеліктері мен 
қажеттіліктерін ескере отырып, оның әлеуетін жетілдіру үшін қолжетімді оқу 
ортасын құру; 

білім беру мазмұнын меңгеру деңгейін бақылау: Білім алушылардың 
ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отыра үлгерімін бақылау әдістері 
мен технологияларын, Білім алушыларға критериалды бағалау жүйесін 
Мұғалімнің кәсіби қызметі 
Оқу үд
ерісін
жүз
еге
а
сыру
Б
ілі
м
а
лушыла
рдың
оқ
у 
же
ті
сті
ктерін
ба
ға
ла
у 
Ма
м
ан
дық
қа
де
ге
н қ
оға
м
с
ен
імін
қолдау
жә
не
бі
лім а
лушы
ла
рды 
құн
дылықт
ар жүй
ес
ін
е 
тарту
Ди
да
ктикалы
қ м
атери
алдарды 
әз
ірл
еуге
қ
атыс
у 
Өз
ін
-өз
і д
ам
ыту ү
де
рісі
нде
ай
қын
да
у
С
ын
ып
же
текші
лі
к 
негізгі 
қосымша 
Оқу

дістем
елік
қ
ыз
м
етт
і
жүз
еге
а
сыру
Ғылым
и 
жоба
ла
р


14 
қолдану; Білім алушылардың үлгеріміне мониторинг жүргізу; Бағалау 
құралдарын әзірлеу. 

әдеп пен мінез-құлық стандарттарын қолдау: Білім алушылардың оқу-
танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру арқылы олардың мінез-құлқын 
басқару; Субъект-субъектілік өзара іс-әрекетте педгогикалық үдерістің барлық 
қатысушыларын ұйымдастыру, білім беру үдерісін басқару технологиясын 
меңгеру.

біртұтас құндылықтарды қабылдау арқылы тұлғаның құндылық-
болмыс саласын кеңейту және нығайту: Тәрбие жұмысының заманауи 
формалары мен әдістерін пайдалану; Жеке даму траекториясын құра отырып, 
білім алушылардың тұлғалық өсуін қолдау; Білім алушының эмоционалды-
құндылық саласын дамытатын тәрбие жұмысын жобалау (және баланың 
құндылыққа бағытталған бағдар және төзімділік мәдениеті);

оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу: Дидактикалық материалдарды 
жобалау және әзірлеу негіздері, Сабаққа дидактикалық материалдарды 
әзірлеу;

кәсіби даму өзін-өзі дамытуды жоспарлайды; біліктілікті арттыру, 
кәсіби қайта даярлау курстарынан өтеді; 

Өзінің және әріптестерінің тәжірибесіне рефлексиясы - тәжірибені 
тарату, зерттеу, айқындаудың алгоритмі, формасы және әдістері, өзінің кәсіби 
қызметі мен әріптестерінің тәжірибесіне рефлексия жасауды жүзеге асыру; 

білім беру үдерісін зерттеу - білім беру үдерісін зерттеуге қажетті 
тәсілдерді, әдістер мен құралдарды зерделейді; сабақты зерттейді [1]. 
Заманауи мұғалімдерді даярлау кәсіби қызметті ескеруі және жоғарыда 
аталған міндеттерді шешу үшін құзыреттілікті қалыптастыруы тиіс. Сәйкесінше 
болашақ информатика мұғалімдерін осы міндеттерді шешуге дайындау қажет. 
Жоғарыда атап өткендей, «Қазақстан Республикасындағы жоғары білімді 
және ғылымды дамытудың» мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарының бірі 
білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және заманауи 
материалдық-техникалық базамен жарақтандыру білім беруді ақпараттандыру 
үдерістеріне қатысты заманауи цифрлық технологияларды ендірмей мүмкін 
емес. Заманауи білім беру мұғалімнің кәсіби қызметін ақпараттандырудың 
әдістерін, құралдары мен технологияларын пайдалану мүмкіндігімен тығыз 
байланысты [2]. 
Білім беруді ақпараттандыру жөніндегі алғашқы оқулықтың авторлары
С. Г. Григорьев және В. В. Гриншкун: «Білім беруді ақпараттандыру - оқыту 
және тәрбиелеудің психология-педагогика мақсаттарына қолжеткізу үшін білім 
беру саласындағы бар білімді жүйелеуді және жаңа білімді қалыптастыруды 
қамтамасыз ететін ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тарату технологиялары 
мен құралдарын пайдалануға бағытталған адамның ғылыми-практикалық 
қызметінің саласы», - деп түсіндіреді [57, б. 14]. И.В. Роберт: білім беруді 
ақпараттандыру түсінігін «білім беру саласын оқытудың, тәрбиелеудің 
психологиялық-педагогикалық мақсаттарын іске асыруға бағытталған заманауи 


15 
ақпараттық технологияларды әзірлеу және оңтайлы пайдалану әдіснамасымен 
және практикасымен қамтамасыз ету үдерісі», - деп атап көрсетті [58, б. 123].
Өз уақытында академик А.П. Ершов ақпараттандырудың келесі 
анықтамасын берген болатын – «бұл адам қызметінің барлық әлеуметтік 
маңызды түрлерінде сенімді, жан-жақты және дер кезінде білімді толық 
пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені» [59, б. 105]. 
Білім беруді ақпараттандырудың алғашқы тұжырымдамаларында 
А.П. Ершов: білім беруді ақпараттандыру қоғамды ақпараттандырудың қажетті 
құрамдас бөлігі болып табылады және оның түпкі мақсаты адамзат 
өркениетінің дамуының кезеңі, ал компьютер мен техникалық жабдықтар осы 
үдерістің құралдары болып табылады [59]. 
Білім беруді ақпараттандыру үдерісінде бірінші кезең екі бағытқа 
бөлінеді: бірінші бағыт компьютерлік техниканы оқу құралы (оқу әрекеті) 
ретінде пайдаланудың барлық тәсілдерін меңгерумен байланысты болса, екінші 
бағыт компьютерді зерттеу объектісі ретінде пайдаланумен байланысты. 
Бірінші бағыттың алғышарттары өткен ғасырдың 50-ші жылдары 
бағдарламаланған оқытуға негізделген деп есептеуге болады. Бірте-бірте бұл 
бағыт компьютерлік техника және оның бағдарламалық қамтамасыз етуінің 
дамуымен, білім беру принциптерінің өзгеруімен, компьютердің оқу 
үдерісіндегі рөлі мен алатын орны туралы түсініктердің кеңеюімен жетілдіріле 
бастады. 
Екінші бағыттың алғышарттарын 1976-1984 жылдары жүргізілген, 60-70-
ші жылдары информатика курсын қалыптастырудың алғашқы жұмыстары 
деуге болады сондай-ақ ақпарат және ақпараттық үдерістердің зерттеу 
объектісіне айналды. 
Білім беруді ақпараттандыру үдерісінің алғашқы кезеңдерінің бірі - білім 
беруді компьютерлендіру болып табылады. 1985 жылы басталған білім беру 
саласын жаппай компьютерлендірудің өзегі - жалпы орта білім беретін 
мектептер. Бұл кезең әртүрлі компьютерлік техникамен жабдықталған білім 
беру жүйесін компьютерлендіру үдерістерімен сипатталады: Yamaha MSX-1, 
MSX-2 (Жапония); ДВК (Диалогтық есептеу кешені), УКНЦ (Ғылым 
орталығының оқу компьютері), Агат, БК-0010, Корвет (Ресей). 
90-жылдардың басында білім беруді ақпараттандыруға байланысты 
бірқатар Тұжырымдамалардың қабылдануымен ақпаратты зерттеуге және оны 
өңдеуге баса назар аударылды. 
Екінші кезеңде 90-жылдардың басында қоғамды ақпараттандырудың 
дамыта отырып, компьютер жетекші рөл атқаратын техникалық құралдарды 
пайдалануды көздейтін жаңа ақпараттық технологиялар түсінігі пайда болды
1996 ж. ЮНЕСКО-ның «Білім және информатика» II Халықаралық 
конгресінде ҚР Білім министрі М.Ж.Жұрынов "Ақпараттық технологиялар 
дәуірінде Қазақстан Республикасының жаңа білім беру жүйесін қалыптастыру" 
ұлттық баяндамасында «қоғамдық қызметтің кез келген саласында, сондай-ақ 
білім беру саласында реформашыл қадамдар ақпараттық технологиялар 
элементтері 
оқу 
үдерісінде 
анағұрлым 
белсенді 
және 
мазмұнды 


16 
пайдаланылғанда ғана нақты нәтиже бере бастайды. Бұл кезеңнің мәні 
компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларды қолдана отырып, 
адамның зияткерлік білім ортасына барынша ену негізінде жаңа білім беру 
технологияларын құруға біртіндеп көшу болып табылады», - деп атап өтті [60]. 
XX ғасырдың 90-жылдарының соңында Қазақстан Республикасының 
білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты бірыңғай білім беру 
ақпараттық ортасын құру, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану 
негізінде қазақстандық білім берудің сапасын арттыру, азаматтардың барлық 
деңгейлер мен сатыларда білім алуына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету 
және т.б. алға қойылған мақсатқа қол жеткізу бағыттарының бірі білім беру 
мекемелерін телекоммуникация құралдарымен қамтамасыз ету болып 
табылады. Бұл мақсатқа жету бағыттарының бірі - білім беру мекемелерін 
телекоммуникация құралдарымен қамтамасыз ету.
2017 жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы кезеңінде білім беруді 
ақпараттандыруды дамыту цифрлық технологияларды пайдалану жағына қарай 
кеңейіп, жаңа кезеңге – цифрландыру кезеңіне көшумен сипатталады. 
Қазақстанда білім беру жүйесін жаңғыртуды жалғастыра отырып, Қазақстанда 
білім беруді ақпараттандыруды дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. 
Жаһандық интернетке қосылған мектептердің көбеюі байқалады. Білім беруде 
цифрлық сервистерді дамыту және пайдалану перспективасы атап өтіледі. 
Талшықты-оптикалық инфрақұрылымға көшу коммуникацияларды, цифрлық 
индустрияны, оның ішінде білім беру жүйесін дамытуды қамтамасыз етуге 
мүмкіндік береді. 
Қоғамды, ғылымды және білім беруді цифрландыру үдерістері біртіндеп 
ақпараттық цифрлық контенттің, әсіресе мультимедиалық контенттің үлкен 
көлемінің ұлғаюына алып келеді. 
Білім беруді ақпараттандырудың даму үдерістерін талдай отырып, білім 
беруді 
ақпараттандыру 
жағдайында 
компьютер 
мен 
ақпараттық 
технологияларды зерттеуді ұйымдастырудың екі тәсілін атап көрсетуге болады: 

бірінші тәсіл оқу іс-әрекетімен байланысты, онда компьютер мен 
ақпараттық технологиялар оқыту құралы ретінде қарастырылады; 

екінші тәсіл компьютерді және ақпараттық технологияларды зерттеу 
объектісі ретінде пайдаланумен байланысты. 
Бұдан, білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог кадрларды 
даярлауда осы бағыттардың бірінде жүзеге асырылуы тиіс. Е.Ы. Бидайбековтің 
пікірі бойынша, «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқу объектісі 
ретінде де, пәндік және педагогикалық іс-әрекеттің құралы ретінде де, 
мектептегі оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету құралы ретінде де 
әрекет етеді» [22, б. 6]. В.С.Ледневтің пікірінше, кез келген маманды дайындау 
ақпараттық дайындықты талап етеді, себебі «болашақта информатиканың 
әдістерімен және құралдарымен байланысты болмайтын бірде-бір маңызды 
мамандық болмайды» [33, б.7]. Бүгінгі таңда тек білім беру жүйесінде ғана 
емес, жалпы заманауи жүйеде де информатика мен ақпараттық 
технологияларды қолданбай заманауи оқыту жүйесін елестету мүмкін емес. 


17 
Сондықтан, білім беруді ақпараттандыру жағдайында информатика 
мұғалімін даярлау әртүрлі информатика курстарының мазмұнына кіретін АКТ 
саласындағы білімді қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар үнемі пайда 
болып жатқан жаңа технологияларды өзінің кәсіби қызметінде қолдана білуі 
керек. АКТ-ның қарқынды дамуы жаңа технологиялардың мәні мен 
мүмкіндіктерін, олардың білім берудегі даму болашағын зерттеуді қажет етеді. 
Осы 
технологияларды 
заманауи 
талаптарға 
сәйкес 
пайдаланудың 
психологиялық-дидактикалық негіздемесі туралы ұмытпаған жөн.
Бүгінгі таңда, Қазақстандағы және жалпы әлемдегі білім беру жүйесін 
ақпараттандырудың дамуын талдай отырып, мектептердің орта білім беру 
жүйесін 
ақпараттандыру 
педагогикалық 
жоғары 
оқу 
орындарын 
ақпараттандыру үдерістерінен бір қадам алда екенін түсінеміз. 
Қоғам мен білім беруді ақпараттандыру - бұл жоғары сапалы білім беру 
жағдайында "сән үрдісіне емес, жетістікке жетудің негізгі құралы". Мұнда 
«деректермен жұмыс жасау» ерекше рөл атқарады. «IT нарығын, инжиниринг 
және басқа да жоғары технологиялық қызметтерді дамыту - бұл ел ішінде 
қосымша құн мен жұмыс орындарын құру ғана емес», білім беру сапасы және 
жалпы адами капитал сапасы болып табылады [61].
Қазіргі уақытта Президент 
Қ-Ж. Тоқаев болашақ Қазақстанның рөлін 
деректерді өңдеу және сақтау, цифрлық майнингті дамыту, цифрлық 
алпауыттарды тарту жөніндегі халықаралық хаб ретінде көреді [62-63], бұл 
мұғалімнен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жаңа 
өзекті білімді талап етеді. Осылайша, білім беру жүйесінің заманауи жай-күйі 
білім беру жүйесін ақпараттандырудың жай-күйіне байланысты, бұл қоғамды 
ақпараттандырудың салдары болып табылады. 
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім беру жүйесінде 
мұғалімдердің әдістемелік және пәндік даярлығына баса назар аударуда. 
Қазақстандық білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында мұғалім білім беруді 
дамыту және білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерге ие болу үдерісінің 
жетекші рөлін атқарады. Білім беруді ақпараттандыру үдерістері мұғалімнен 
АКТ-құзыретті болуды талап ететін заманауи оқытуда информатика 
мұғалімінің орны ерекше. Информатика мұғалімі тек пән мұғалімі ғана емес, ол 
пән мұғаліміне қарағанда кәсіби деңгейде АКТ-құзыреттілікке ие болуы тиіс. 
Педагогикалық зерттеулерде «кәсіби даярлықты» оқыту бағдарламасында 
айқындалған, барлық оқу жылдарында білім алушының өміртіршілігін жан-
жақты мақсатты ұйымдастыру деп түсінеді. Мұғалімнің кәсіби даярлығы кәсіби 
және жеке құзыреттілік деңгейін қалыптастыруды қамтиды. В.В. Лаптев [30], 
М.В. Швецкий [41] еңбектерінде информатика мұғалімінің кәсіби даярлығы 
мұғалімнің біліктілік сипаттамасы талаптарында, орта білім беру жүйесінде 
информатиканы оқытудың мақсаты мен негізгі міндеттерін түсінуде, оқыту мен 
тәрбиелеудің жоғары нәтижелерін алу үшін информатиканы оқытудың 
әдістемелік дайындығында көрінетін негізгі және арнайы құзыреттердің 
жиынтығы ретінде айқындалған.


18 
Болашақ информатика мұғалімінің кәсіби дайындығы информатиканы 
оқыту пәні, әдістемесі бойынша кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар оларды 
қазіргі заманғы білім беру жүйесінің, ғылым мен техниканың, қоғамның 
сұраныстарының дамуына сәйкес болашақ кәсіби қызметте қолдана білуді де 
ескеруі керек. 
Информатика мұғалімдерінің әдістемелік және пәндік дайындығының 50 
жылдық тарихы бар. Информатика пәнін оқытудың алғашқы іс-әрекеттері 1970 
жылдары орта мектептегі бағдарламалау және алгебра курстарында басталды. 
Бұл информатиканың мектеп пәндерімен, әсіресе математикамен пәнаралық 
байланысының бастапқы әрекеттері болды, олар келесі әрекеттерді анықтауға 
мүмкіндік берді: 

алгоритмдік мәдениетті қалыптастыруда алгоритмдік тілдерді 
пайдалану мүмкіндігі; 

мектепте кибернетика элементтерін меңгеру қажеттілігі; 

мектепте электрондық есептеуіш машинасын (ЭЕМ) оқытуды игеру 
қажеттілігі; 

бағдарламалау идеялары мен әдістерінің оқыту мазмұнына, сонымен 
қатар оқу үдерісінің өзіне әсері; 

математика мұғалімдерінің информатика элементтерін оқытуға дайын 
болмауы; 

пәндік дайындыққа математиктерді тарту қажеттілігі; 

әдістемелік дайындыққа әдіскерлерді тарту қажеттілігі. 
1985 жылы мектептерге «Информатика және есептеуіш техника 
негіздері» жаңа пәнін енгізу пәндік дайындықты ғана емес, соның ішінде 
математика және физика мұғалімдерін қайта даярлауды да, сонымен қатар 
«болашақ» информатика мұғалімдерін әдістемелік даярлауды да талап етті
.
КСРО-да информатика мұғалімдерін даярлаудағы көшбасшылардың бірі 
Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті (ОМПУ), ҚазСРО-да Абай 
атындағы Алматы мемлекеттік университеті (Абай атындағы АлМУ) болып 
табылады. КСРО-ның жетекші педагогикалық институттары (қазіргі 
университеттер) 1985 жылдан бастап жоғары білікті математика және 
информатика, физика және информатика мұғалімдерін, орта мектептер мен 
жоғары оқу орындарында математика және информатика, физика және 
информатика пәндерін оқыту әдістемесі саласындағы мамандарды даярлауды 
бастады.
А.П. Ершов [64], А.А. Кузнецов [65], С.А. Бешенков [66], А. Г. Гейн [66],
С.Г. Григорьев [66], Е.А. Ракитина [67], М.П. Лапчик [68], Е. К. Хеннер [68],
Т.А. Бороненко [69], Н.И. Пак [70], И.Г. Семакин [71], Е.Ы. Бидайбеков [22] 
секілді профессорлардың жетекшілігімен педагогтар ұжымдары болашақ 
информатика мұғалімдерінің әдістемелік және пәндік дайындығы бойынша 
жұмыс жүргізеді: 

«Информатика және есептеуіш техника негіздері» мектеп курсының 
мазмұнын және оны мектепте оқыту әдістемесін қалыптастыру; 


19 

«Математика және информатика», «Физика және информатика» 
мамандықтары бойынша оқу жоспарын жасау; 

оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды жетекші авторлық 
ұжымдармен жазу; 

«ИЕТН» курсын қолдау мақсатында бағдарламаларды әзірлеу. 
1985 жылы нарықтық экономика жағдайында жаңа нарықтық экономика 
үшін, оның ішінде «Информатика» бағыты бойынша мамандар мен 
педагогтарды даярлау қажеттілігі туындады. Нәтижесінде физика-математика 
факультеттерінің 
базасында 
«Информатика 
және 
компьютерлендіру 
менеджері», «Информатика және ағылшын тілі», «Информатика және 
экономика» мамандықтары ашылды [22]. 
Қазақстандық педагогикалық жоғары оқу орындарында білім беруді 
ақпараттандыру саласындағы пәндік және әдістемелік дайындық 1992 жылы 
«Компьютерлендіру менеджері» мамандығы бойынша бакалаврларды 
дайындауды енгізуден басталды, кейінірек 1996 жылы білім беруді 
ақпараттандыру магистрлерін даярлау басталады. Ал, 2000 жылы Қазақстан 
Республикасында информатикамен біріктірілген бейіндегі педагогтарды 
даярлауды күшейту үшін шектес пәндер бойынша информатика бейінімен 
біріктірілген мамандықтар: «Информатика және ақпаратты қорғау», 
«Информатика және ағылшын тілі», «Информатика және экономика» енгізілді 
[22]. 
1996 
жылы 
«Ақпараттық 
технологиялар 
дәуірінде 
Қазақстан 
Республикасының жаңа білім беру жүйесін қалыптастыру» [60] атты 
баяндамасында білім беру жүйесінде және оқу бағдарламаларында, оқыту 
технологияларында және оқытушылардың біліктілігін арттыруда қоғамның 
ғылыми-технологиялық даму қарқынына, жаңа технологиялардың жасалуына 
ілесу қажеттілігі туралы айтылған. Республика мектептерін оқулықтармен және 
оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді. 
Қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты оқу өнімдерін шығару 1991 
жылмен салыстырғанда екі есе қысқарды. Мұғалімдер мен тәрбиешілерге 
арналған әдебиеттерді баспадан шығару іс жүзінде тоқтатылды. Осыған 
байланысты педагогикалық қоғамдастық пәндік журналдарды жариялау 
қажеттілігін талап етті. 1986 жылдан бастап информатиканы оқыту әдістемесі 
бойынша «Информатика және білім беру» негізгі ғылыми-әдістемелік журналы 
жарық көрді, ал 1992 жылы Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 
«Қазақстан 
мектебі» 
ғылыми-әдістемелік 
педагогикалық 
журналына 
«Информатика. Физика. Математика» қосымшасы шықты. 
2000 жылдары Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін 
ақпараттандырудың қабылданған бағдарламаларының басты нәтижесі жаңа 
ақпараттық технологияларды пайдалану және енгізу саласында орта білім беру 
жүйесі үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау, оқытудың жаңа 
әдістемелері мен технологияларын енгізу есебінен тәрбие мен оқыту мазмұнын 
жаңарту болып табылады.


20 
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту 
жүйесінің алдына педагогикалық білім беруді жаңғырту, оқытудың 
үздіксіздігін қамтамасыз ету, экономиканың дамуына сәйкес кәсіптік даярлау 
есебінен қол жеткізілетін қазақстандық білім берудің жаһандық бәсекеге 
қабілеттілігі мақсаты қойылды. 
«Қазақстан-2050» 
Стратегиясына сәйкес жоғары білім берудің 
міндеттеріне қол жеткізу үшін мыналар қажет [73]: 

оқыту әдістемелерін жаңарту және білім берудің онлайн-жүйелерін 
белсенді дамыту; 

ескірген оқу пәндерінен арылу; 

жоғары білім берудің оқу жоспарларының бағыттылығы мен 
басымдықтарын, оның ішінде практикалық дағдыларды оқыту және 
практикалық біліктілік алу жөніндегі бағдарламаларды қосу арқылы өзгерту. 
Педагогикалық білім беруді жаңғырту мұғалімнің жоғары мәртебесін 
қамтамасыз етуге, қала мен ауыл мектептері, өңірлер, оқу орындары, білім 
алушылар мен мұғалімдер арасындағы жалпы білім сапасындағы алшақтықты 
азайтуға мүмкіндік беретін мұғалімнің кәсіби құзыреттілік мазмұнына жаңа 
көзқарасты талап етті. Бұл тәсілдерді жүзеге асыру үшін білім беру 
ұйымдарының цифрлық инфрақұрылымын құру, олардың материалдық-
техникалық базасын қайта жабдықтау және жаңғырту қажет. Осылайша біз 
қауіпсіз және ыңғайлы цифрлық оқыту ортасын жасай аламыз. Педагогтің 
кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін 2020 жылы "Педагог мәртебесі туралы" Заң 
әзірленді және қабылданды [74]. 
Қашықтықтан оқытуды қорытындылай келе, Президент сондай-ақ 
цифрлық сауаттылыққа ғана емес, жалпы білім беру сапасына, базалық және 
бастауыш білімнің төмен көрсеткіштеріне әсер еткен ұлттық телекоммуникация 
желілері тиімділігінің жеткіліксіздігін атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін 
«қашықтықтан оқыту форматтары үшін ақпараттық жүйелердің сапасын 
арттыру» [63], «Цифрлық мұғалім» білім беру жобасын қолдау қажет. 
Соңғы жылдары Қазақстанда білім беруді цифрландыру қарқынды жүріп 
жатыр. Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде Абай атындағы Қазақ 
ұлттық педагогикалық университетінде Мәскеу қалалық педагогикалық 
университеті сияқты Ресейдің жетекші педагогикалық жоғары оқу 
орындарының үлгісінде соңғы жылдары «Білім беруді ақпараттандыру», «Білім 
берудегі цифрлық технологиялар» оқу курстары енгізілді. Біліктілікті арттыру 
және инновациялық педагогикалық іс-тәжірибелермен алмасу курстары 
аясында оқытушылар цифрлық сауаттылығын қалыптастыру саласында 
«Цифрлық педагог» (Абай атындағы ҚазҰПУ, 2020), «Білім берудің цифрлық 
трансформациясы» (Абай атындағы ҚазҰПУ, 2020), «Қашықтықтан оқыту 
жағдайындағы заманауи оқытушының цифрлық дағдылары» (Л.Н. Гумилев 
атындағы ЕҰУ, 2020), «Modernization of Higher Education in Central Asia through 
New Technologies» (А. Кынчев атындағы Русен университеті, 2020), 
«Инновациялық білім беру технологиялары және дидактикалық модельдер» 
(Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2020) (Е.Ы.Бидайбеков және басқалар, 2020) 


21 
курстарынан өтті. Осы курстардың мазмұнын талдау зерттеуге ұсынылған 
цифрлық құралдар көп жағдайда бұлттық есептеулердің принциптері мен 
технологияларына негізделген деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді [42].
Бұл өз кезегінде педагогикалық жоғары оқу орындарынан болашақ 
мұғалімдерді, әсіресе информатика және ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар мұғалімдерін даярлауға ерекше көзқарасты талап етеді, бұдан 
педагогикалық 
жоғары 
оқу 
орындары 
түлектерінің 
ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар мен мектепті ақпараттандыру үдерістерінің 
дамуын 
ескере 
отырып, 
кәсіби 
құзыреттіліктерді, 
әсіресе 
АКТ 
құзыреттіліктерін игеруіне ықпал етеді.
Информатиканы оқыту туралы ғылым ақпараттық білім берудің барлық 
кезеңдерін қамтиды. Бұл педагогикалық кадрларды даярлауды жетілдіруде 
ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру бағытында ұдайы ізденісті қажет етеді. 
Білім берудегі ғылымның рөлі мен орнын информатиканы оқытуда 
қолданылатын белгілі әдістерге қатысты өзгерту инновациялық әдістердің 
жалпы ғылыми мәнін меңгеруге және білім, құзіреттілік пен дағдыны 
қалыптастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдерді жалпы интеллектуалдық 
дамытуға бағытталған. 
Әрі қарай баяндау үшін құзырет, құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік, 
ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік ұғымдарын анықтап алайық. 
Алдымен «құзырет» ұғымына анықтама берейік. Әрбір пайдалану саласы 
«құзыреттілік» ұғымын былайша нақтылайды. 

«біреу жақсы білетін мәселелердің ауқымы» (тұрмыстық түсінікте[75]); 

«нақты органның немесе лауазымды адамның заңды түрде белгіленген 
өкілеттіктерінің, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы; оның мемлекеттік 
органдар (жергілікті өзін-өзі басқару органдары) жүйесіндегі орнын 
айқындайды» (құқықтану саласында) [75]; 

«маманның (қызметкердің) кәсіби міндеттердің белгілі бір тобын 
шешуге тұлғалық қабілеті, компания қызметкерлерінің (немесе кейбір 
қызметкерлер тобына) тұлғалық, кәсіби және т.б. қасиеттеріне қойылатын 
ресми сипатталған талаптар» (басқаруда [75]); 

«теориялық және практикалық міндеттерді шешу үшін оқушының 
алған білімін, дағдыларын, іскерлігін, белгілі бір өмірлік жағдайлардың іс-
әрекет тәсілдерін пайдалануға дайындығында көрсетілген білім беру мазмұнын 
игерудің біріктірілген нәтижесі» (педагогикада [76]); 
Педагогикалық зерттеулерде «құзыреттілік» ұғымын авторлар әртүрлі 
тұрғыдан түсіндіреді, мысалы: 

ішкі, әлеуетті, жасырын психологиялық жаңалықтар. Адамның 
құзыреттілігінде анықталатын білім, идеялар, іс-қимыл бағдарламалары, 
құндылықтар мен қатынастар жүйесі (И.А. Зимняя [76]); 

«оқушының белгілі бір саладағы сапалы өнімді іс-әрекеті үшін қажетті 
білім беру дайындығына қойылатын әлеуметтік талап» (А.А. Хуторской [77]); 

білімді, іскерлікті және дағдыларды жұмылдыра алу қабілеті (Э.Ф. Зеер 
[78]); 


22 

кәсіби қызметті қамтамасыз ететін білімнің, іскерліктің және 
дағдылардың интеграциялық тұтастығы, адамның өз құзыреттілігін практикада 
іске асыру (Э.Ф. Зеер, Э. Сыманюк [79]). 
Құзіреттілікке негізделген тәсіл «құзырет» және «құзыреттілік» 
ұғымдарының айырмашылығын талап етеді. Әрбір мұғалімнің құзіреттілікті 
айқындауға және оның құрылымына, компоненттеріне өзіндік көзқарасы бар:

«адамның 
білімге 
негізделген, 
әлеуметтік-кәсіби 
тіршілігінің 
зияткерлік және тұлғалық анықталған тәжірибесі»; 

бұл білімді, іскерлікті және тәжірибені анықтайды: іс-әрекеттік білім, 
іскерліктер мен тәжірибе, мотивациялық, эмоционалды-еріктік (Э.Ф. Зеер [76]); 

«белгісіздік жағдайында әрекет ету қабілеті» (О.Е. Лебедев [80]); 

тұлғалық, пәндік және аспаптық ерекшеліктер мен компоненттерді 
біріктіретін жүйелік бірлік (А.Г. Бергамус [81]); 

адамды алға қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тиімді іс-
әрекеттерді жоспарлауға және жүзеге асыруға қабілетті қызмет субъектісі 
ретінде сипаттайтын бағалау категориясы: шешілетін міндеттердің мәнін 
түсіну, білім мен тәжірибе, озық жетістіктерді игеру, іс-әрекеттің құралдары 
мен тәсілдерін таңдай білу, өз қызметінің нәтижелері үшін жауапкершілік 
сезімі (Е.И. Огарев [82]). 
Құзыреттілікті кәсіби даярлықтың мақсаты ретінде қарастыра отырып, 
А.Г. Бермус [82], Э.Ф. Зеер [78-79], И.А. Зимняя [76], О.Е. Лебедев [80],
А.В. Хуторской [77] секілді педагогтар әртүрлі өмірлік және кәсіби 
жағдайларда тиімді іс-әрекет үшін іскерліктерді игеруді көздейтін құзыреттілік 
тәсілі идеясына тоқталады. 
Кәсіби құзыреттілік мәселелері Б.С. Гершунский [83], Н.И. Запрудский 
[84], М.П. Лапчик [85], О.Е. Лебедев [80], В.Д. Шадриков [86], В.А. Сластенин 
[87], В.Ю. Кричевский [88] және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды. 
Сондай-ақ педагогикалық әдебиеттерде де кәсіби құзыреттілікке біршама 
анықтамалар берілген. Олардың кейбірін келтірейік: 

маманның білімділік деңгейі (Б.С. Гершунский [83]); 

«белгілі бір деңгейдегі кәсіби міндеттерді орындау мүмкіндігін 
қамтамасыз ететін жеке тұлғаның білімі, іскерлігі мен дағдысы, кәсіби маңызды 
қасиеттері жүйесі» ( Н.И. Запрудный [84]); 

жеке тұлғаның кәсіби-педагогикалық бағыты: тұлғаның кәсіби-
педагогикалық 
бағыттылығының 
қасиеттері 
мен 
сипаттамалары, 
психологиялық-педагогикалық дайындыққа қойылатын талаптар, арнайы 
дайындықтың көлемі мен құрамы, мамандық бойынша әдістемелік 
дайындықтың мазмұны (В.А. Сластенин [89]); 

табысты іс-әрекет үшін білімнің болуы, практика үшін осы білімнің 
маңызын түсіну, операциялық іскерліктердің жиынтығы, еңбек міндеттерін 
шешу алгоритмдерін меңгеру, кәсіби іс-әрекетке шығармашылық көзқарас 
қабілеті (В.Ю. Кричевский [88]). 
Ақпараттық құзыреттілік - «бұл адамға тіршілік етудің жаңа ақпараттық 
ортасында, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен 


23 
пайдалану, сондай-ақ жаңа тұтас әлем түсінігі, ақпараттық дүниетаным 
жағдайында білім алу үшін қажетті білімнің, іскерліктің және іс-әрекет 
тәсілінің қалыптасуы» (А.А. Амирханова, [90, б. 15]). Ақпараттық қоғамның 
дамуымен ақпараттық және коммуникациялық құзыреттердің рөлі жаңа 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеру үшін маңызды болып 
табылады. Ақпараттық құзыреттілік негізгі құзыреттер арасында оқу пәндері 
мен білім беру салаларындағы ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қамтамасыз 
етуге мүмкіндік береді және әдетте информатика және ақпараттық 
технологиялар саласын зерттеу барысында қалыптасады.
Екінші жағынан, жалпы пәндік құзыреттер, әдетте, білім берудің әрбір 
кезеңінде оның орнын анықтаудан басталатын білім берудің жалпы пәндік 
мазмұны негізінде модельделеді. Жалпы пәндік құзырет адамдармен өзара 
әрекеттесу кезіндегі коммуникация мәдениетін, өзінің пәндік саласында 
ақпарат ала білуді, ақпаратты басқаларға бере білуді қамтиды. Осылайша, 
заманауи ақпараттық қоғамның даму кезеңінде аталған дағдылар ақпараттық-
коммуникациялық технологияларға тән екені анық: коммуникация мәдениеті 
бейне-конференциялар қызметін жүзеге асыру кезінде мүмкін болады, 
ақпаратты электрондық пошта арқылы жіберуге қолдау көрсетіледі және т.с.с. 
Аталған дағдылар жан-жақты және практикаға бағдарланған сипатта болып 
табылады. А.А. Амирханованың [90], С.А. Бешенковтың [91] және т.б. 
ғалымдардың еңбектерінде осы типтегі дағдыларды арнайы қалыптастыруға 
назар аударылады.
Информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеру 
болашақ маманның ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметі мен өміртіршілігіне 
арнап ақпараттық құзыреттерін қалыптастырудың қажетті шарты болып 
табылады. Е.А.Ракитинаның айтуынша, ЖОО түлегі «кәсіби қызметтің 
ақпараттық түрлері саласында құзыретті болуы тиіс: кәсіби қызметте 
ақпараттық үдерістер ағымының заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіну; 
кәсіби маңызды ақпараттың қасиеттері мен сипаттамаларын білу; кәсіби 
қызметте пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің негізгі түрлерін білу және 
осы 
жүйелермен 
жұмыс 
істеу 
дағдыларын 
меңгеру; 
ақпараттық 
технологияларды және автоматтандыру құралдарымен өзара әрекеттесуде 
техникалық дағдыларын саналы түрде меңгеруге негізделген кәсіби міндеттерді 
шешу кезінде АКT құралдарын пайдалануға қалыптастырылған қажеттілік» 
[67]. 
Болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі мәселелері 
В.П. Короповская [10], Т.С. Комиссарова [92], М.П. Лапчик [11], М.Б. Лебедев 
[80], И.В. Роберт [13], Е.С.Старцев [93], Ю.А. Шестакова [94] және т.б. 
еңбектерінде 
толық 
ашылған. 
Кәсіби 
құзыреттілік 
анықтамалары 
педагогикалық әдебиетте біршама қарастырылған: 

АКТ құралдарын жүйелі пайдалану арқылы кәсіби педагогикалық 
міндеттерді шешу қабілеттілігі (В.П. Короповская [10]); 

оқу және практикалық міндеттерді шешу кезінде өзінің педагогикалық 
қызметінде АКТ-ны өзіндік пайдалануға дайындық (Т.С. Комиссарова [92]); 


24 

«өзінің 
кәсіби 
жұмысында 
компьютерлік 
құралдар 
мен 
технологиялардың барлық жиынтығы мен алуан түрлілігін ынталы және 
үйреншікті пайдалануға жоғары дәрежеде дайындалған білім беру саласы 
маманының тұлғалық-қызметтік сипаттамасы» (М.О. Лапчик [11]); 

жеке тұлғаның АКТ-ны пайдалана отырып оқу, тұрмыстық, кәсіби 
міндеттерді шешу қабілеті (М.Б. Лебедев [80]); 

ғылыми-педагогикалық 
саланың 
мазмұндық 
және 
қызметтік 
аспектілерінде өзара тығыз байланысты АКТ-құзыретке ие болу (И.В. Роберт 
[13]); 

жеке тұлғаның АКТ-технологияларды пайдалана отырып әртүрлі 
міндеттерді шешу қабілеті (Е.С. Старцев [93]); 

АКТ құралдарының көмегімен білім беру міндеттерін шешу үшін 
қажетті білімдер мен іскерліктерді меңгеру (Ю.А. Шестакова [94]). 
Бұл авторлардың барлығы болашақ мұғалімнің кәсіби құзыретінің 
құрамдас бөлігі пәндік, әдістемелік және ақпараттық-коммуникациялық болып 
табылады деген пікірмен келіседі. Ақпараттық-коммуникациялық компонент - 
болашақ мұғалімнің АКТ-құзыреттілігі білім беруді ақпараттандырудың қазіргі 
кезеңінде маңызды құрамдас бөлік болып табылады, оның құрамы 
информатика мен ақпараттық технологиялардың дамуымен кеңеюде. 
Информатика мұғалімдерін даярлау теориясы мен әдістемесі саласындағы 
әртүрлі ғалымдардың, атап айтқанда, А.А. Кузнецов [65] және т.б. жүргізген 
зерттеулері осы салада бірқатар мәселелердің бар екенін көрсетті: 

заманауи ғылым мен техниканың дамуына байланысты, оқытудың 
инновациялық әдістеріне негіздеген жаңа модель бойынша әдістемелік жүйе 
жеткілікті жетілдірілмеген болып табылады; 

заманауи ақпараттық инновациялық технологиялардың теориясы мен 
практикасы заманауи ақпараттық-бағдарламалық қамтамасыз етуге сәйкес 
келмейді; 

білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалануға 
оқытатын психологиялық-педагогикалық және әдістемелік пәндер жеткіліксіз. 
Жеке, сараланған оқытуға, жеке оқытуға, мамандандырылған білім беруге 
бағдарланған оқыту әдістемесінің мәселелері әдістемелік ғылымның міндеттері 
ретінде өзектендірілді. Сонымен қатар, болашақ информатика мұғалімдерінің 
бейіндік дайындығы әдістемелік дайындықтың жеткіліксіздігіне байланысты 
әртүрлі бейіндік салалар бойынша элективті курстарды ұйымдастыру мен 
өткізудегі бірқатар қиындықтарға дайын болмады. 
Болашақ информатика оқытушыларын әдістемелік және әдіснамалық 
даярлау жаратылыстану ғылымдарын оқыту әдістемесі бойынша оқулықтар мен 
оқу құралдарын зерделеуге негізделуі тиіс. Сондай-ақ, бүгінгі таңда
инновациялық информатиканы оқыту бойынша оқулықтар мен оқу құралдары 
жеткіліксіз. Бұдан, қолданыстағы оқу әдебиеттерінде әдістемелік ғылымның 
пәні мен объектісі ашылмаған, зерттеу әдістері үстірт сипатталған, болжамдар, 
әдістемелік мәселелерді қою және шешу, эксперименттік жұмыстарды жүргізу 
туралы ақпарат мүлдем жоқ. 


25 
Бұл бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының тоқтап қалмайтынын айта 
кеткен жөн. Сонымен, В.С.Леднев [33] жетекшілік еткен ғылыми топ 
«Информатика мектебі» үздіксіз курсының мазмұнын таңдаудың негізгі 
ережелері мен принциптерін тұжырымдады. Ал, А.А.Кузнецовтың [65] 
еңбектері 
жоғары 
кәсіптік 
білім 
беру 
мекемелерінде қолданбалы 
информатиканы оқытудың жалпы және кәсіби аспектілерін көрсетеді. Бұл 
жұмыстар, әрине, үлкен назар аударуға лайық, бірақ олардағы мәліметтер мен 
әдістер жаңартылып, инновациялық өңдеуді қажет етеді. Ғалымдар мен 
педагогтердің М.П. Лапчик [31,68], Пак Н.И. [70,95], И.Г.Семакин [71], 
Е.К.Хеннер [95] зерттеулері көп деңгейлі білім беру жүйесіне дәстүрлі 
әдістемелік даярлауға арналған. 
Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім 
берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу бойынша бірқатар зерттеулер 
жүргізілді. Сонымен, болашақ мұғалімдердің зерттеу қызметіне және 
информатиканы оқыту әдістемелеріне ақпараттық технологиялардың ықпалын 
талдау бойынша Е.Ы. Бидайбековтің еңбектерін атап өткен жөн. 
Е.Ы. Бидайбеков өз зерттеулерінде информатика пәнінің білікті мұғалімдерін 
даярлау саласындағы орын алып отырған проблемаларды кеңінен қамтиды
соның бірі – инновациялық негізде информатиканы оқытуға мұғалімдерді 
даярлаудағы жүйеліліктің жоқтығы [22].
Электрондық, виртуалды зертханаларды және демонстрациялық 
бағдарламалау орталарын қалыптастыра отырып, ақпараттық желіге 
педагогикалық бағдарламалық қамтамасыз етуді ескеру және енгізу; 
автоматтандыру құралдарын, бақылау және мониторинг жүйесін құру; жүйелі 
түрде студенттердің интеллектуалды потенциалын бақылау бойынша жаһандық 
жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру кезінде оқытушының әдістемелік 
дайындығын жетілдіру қажет. 
Информатика мұғалімдерін даярлаудың көп деңгейлі жүйесіне көшу 
олардың инновациялық іс-әрекетке бағытталған әдіснамалық, психологиялық-
педагогикалық, субъективті және әдістемелік құзыреттерін қалыптастырумен 
байланысты 
болуы 
керек. 
Оқытушының 
әдістемелік 
құзыреттілігі 
студенттердің оқуға мотивациялық және құндылықты қатысуын қамтамасыз 
ету. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі студенттердің оқу 
іс-әрекетінің кәсіби бағыттылығымен, олардың адамгершілік пен ізгілік 
бағытындағы танымдық қызығушылықтарының артуымен сипатталады. 
Педагог құзыреттілігінің пәндік компоненті студенттерді теориялық оқыту 
және оларды практикалық әрекетке дайындау жүйесімен сипатталады. 
Құзыреттіліктің 
әдіснамалық 
құрамдас 
бөлігі 
мұғалімдердің 
мамандандырылған ғылыми, психологиялық-педагогикалық білімі мен 
дағдыларын және оларды кәсіби әрекетке дайындауда қолдана білуді 
қамтамасыз етеді. Осылайша, болашақ информатика мұғалімдерін даярлау 
саласындағы толық және сапалы білім алу үшін бұлттық технологиялардың 
болашақ информатика мұғалімдерінің құзыреттілік деңгейіне әсерін бағалау 
туралы зерттеулерді ескеру және ынталандыру қажет. Бұдан басқа, оқулықтар 


26 
мен электрондық құралдардың, виртуалды зертханалардың, мультимедиа, 
электрондық анықтамалықтардың, электрондық сөздіктердің, дидактикалық 
құралдардың және оқу орталарының сапасын арттыру маңызды болып 
табылады. 
Қазақстан Республикасындағы педагогикалық жоғары оқу орындарында 
болашақ информатика мұғалімдерін заманауи даярлау «6В015 
– 
Подготовка 
учителей по естественнонаучным предметам» (информатика) даярлау бағыты 
бойынша жоғары білім беру шеңберінде жүзеге асырылады. Еліміздiң 
педагогикалық жоғары оқу орындары өздерiнiң бiлiм беру бағдарламаларын 
әзiрлеуге құқылы. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жетекші 
педагогикалық жоғары оқу орындарының бірі ретінде болашақ информатика 
мұғалімдерін үздіксіз даярлауды ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет