9
Зерттеудің мақсаты
– болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби
қызметте бұлттық технологияларды пайдалануға даярлауды теориялық
тұрғыдан негіздеп, әдістемелік жүйесін жасау.
Зерттеу нысаны
– болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби
қызметінде бұлттық технологияларды пайдалануға даярлау үдерісі.
Зерттеу пәні
– кәсіби қызметте бұлттық технологияларды пайдалануға
болашақ информатика мұғалімдерін даярлаудың әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
егер, болашақ информатика мұғалімдерін
даярлаудың әдістемелік жүйесі бұлттық технологияларды пайдалануға
бағытталса, онда заманауи білім беру жағдайында болашақ информатика
мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыру тиімді жүзеге асырылады.
Зерттеудің мақсатына және болжамына сәйкес келесі негізгі
міндеттер
анықталды:
−
заманауи білім беруде информатика мұғалімдерін даярлауда
қолданылып жүрген тәсілдерді талдап, болашақ информатика мұғалімдерін
кәсіби қызметінде бұлттық технологияларды пайдалануға даярлаудың
қажеттілігін негіздеу;
−
болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби қызметінде бұлттық
технологияларды пайдалануға даярлаудың моделін жасау;
−
болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби қызметінде бұлттық
технологияларды пайдалануға даярлаудың мақсаты мен мазмұнын анықтау;
−
болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби қызметінде бұлттық
технологияларды
пайдалануға
даярлау
әдістемесінің
ерекшеліктерін,
даярлаудың ұйымдастыру формалары мен әдістерін анықтау, оқыту құралы
ретінде бұлттық сервистерді таңдау критерийлерін айқындау
;
−
болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби қызметінде бұлттық
технологияларды пайдалануға даярлаудың ұсынылған әдістемесінің тиімділігін
тәжірибе жүзінде тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: