Беделов камбар амангельдиевич


Зерттеудің практикалық маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет8/36
Дата07.09.2023
өлшемі2,51 Mb.
#106526
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
10 05 2023 dis

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
болашақ информатика 
мұғалімдерін кәсіби қызметінде бұлттық технологияларды пайдалануға даярлау 
мақсатында «Бұлттық технологиялар» курсының мазмұнының, сонымен қатар 
оқыту құралы ретінде бұлттық сервистерді іріктеу критерийлері анықталуы. 
Google ClassRoom білім беру платформасын пайдаланып, «Бұлттық 
технологиялар», «Компьютерлік желілер» және т.б. пәндер бойынша Google 
Class дайындалды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: 

болашақ информатика мұғалімдерін бұлттық технологияларды 
пайдалануға даярлаудың қажеттілігі; 

болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби қызметінде бұлттық 
технологияларды пайдалануға даярлаудың моделі; 

болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби қызметінде бұлттық 
технологияларды пайдалануға даярлаудың мақсаты мен мазмұны, болашақ 
информатика мұғалімдеріне арналған «Бұлттық технологиялар» курсының 
мазмұны; 

болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби қызметінде бұлттық 
технологияларды пайдалануға дайындау әдістемесінің ерекшеліктері, бұлттық 
сервистерді пайдалану негізінде дайындауды ұйымдастыру формалары мен 
әдістері, оқу құралы ретінде бұлттық сервистерді іріктеу критерийлері. 
Зерттеу
нәтижелерінің сенімділігі
зерттеу әдістерін таңдаумен, бұлттық 
технологиялардың 
даму 
парадигмасымен, 
болжамның 
эксперимент 
нәтижелеріне сәйкестігімен, сондай-ақ эксперименттік жұмыс барысында 
алынған нәтижелермен анықталады. 
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу. 
Зерттеудің негізгі нәтижелері 
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда
 
талқыланды: Садықов 
оқулары –V «Қазіргі таңдағы білім беру мен ғылымның өзекті мәселелері» 
Халықаралық 
ғылыми-практикалық 
конференциясының 
материалдары 
(Алматы, 2018), «Кәсіби және кәсіби-педагогикалық білім берудегі 
инновациялар» 25-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында 
(Екатеринбург, 2020), «Қазіргі білім беру кеңістігінде физика-математика және 


11 
техникалық пәндерді оқыту теориясы мен практикасының өзекті мәселелері» 
атты IV Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференциясы (Курск, 2020), 
«Проблемы дифференциальных уравнений, анализа и алгебры» атты IX 
Халықаралық ғылыми конференциясында (Ақтөбе, 2022), «Информатизация 
образования и методика электронного обучения: цифровые технологии в 
образовании» атты VI Халықаралық ғылыми конференциясында (Красноярск, 
2022), сонымен қатар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 
университетінің Математика, физика және информатика институтының 
Информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының ғылыми-
әдістемелік семинарында талқыланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет