Беделов камбар амангельдиевич



Pdf көрінісі
бет22/36
Дата07.09.2023
өлшемі2,51 Mb.
#106526
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
 
 
 


87 
2.2.2 Бұлттық сервистер оқыту құралы ретінде 
Бірінші бөлімнен қазіргі білім беруде бұлттық сервистерді оқу үдерісінде 
пайдалануға көңіл бөлінетіні байқалады. Бұл өз кезегінде болашақ 
информатика мұғалімдерін кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін бұлттық 
технологияларды оқыту мен оқуға ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Болашақ 
информатика мұғалімдерін кәсіптік қызметінде бұлттық технологияларды 
пайдалануға дайындауды қамтамасыз ету оқыту құралы ретінде бұлттық 
сервистерді мұқият таңдауды талап етеді. 
«Бұлттарды» пайдаланудың басты артықшылығы - соңғы пайдаланушыда 
қуатты ақпараттық ресурстардың болмауы, бұл пайдаланушының шығындарын 
айтарлықтай үнемдеуге әкеледі. Екінші артықшылығы ретінде қарақшылық 
бағдарламалардың пайдалану мүмкін еместігін айтуға болады, себебі барлық 
кіріс 
трафигі 
сертификатталған 
провайдерлерден 
шығады. 
Бұдан,
компьютерлік заманның жаһандық мәселелерінің бірі - қарақшылықты шешуге 
болады.
Қосымшаларды сервис ретінде пайдалану жалдау бизнес-моделінен 
басталды, ол кезде өндірушілер компьютерлердің есептеу қуаттарын жалға бере 
бастаған еді. Интернет желісінің және оның сервистерінің дамуымен ХХ 
ғасырдың 90-жылдарының соңында бағдарламалық қамтамасыз ету жалға 
беріле бастады. Бірте-бірте 2000 жылдардың басында «бағдарламалық 
қамтамасыз ету қызмет ретінде» - «software as a service» SaaS аббревиатурасы 
пайда болды. Осыған байланысты Интернеттің бұлттық сервисі ретінде 
қосымшалардың ерекшеліктерін қарастырайық. 
Мұндай жалға беру бұлттық есептеулердің қағидаттары мен 
технологияларына - бұлттық технологияларға негізделген. Ол үшін: 
-
бұлттық қосымшаның болуы; 
-
осы қосымшаға Интернет арқылы қолжетімді болу қажет. 

Бағдарламалық қамтамасыз етуді былайша жалға алу тапсырыс беруші 
үшін бірқатар артықшылықтарға ие: 
-
бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу шығындарының болмауы, 
абоненттік ақы (ай сайынғы, жылдық немесе орындалған әрекеттер көлемінің 
санына байланысты) төленеді; 
-
бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және жаңарту қосымшаның 
«жеткізушісі» жағында автоматты түрде жүргізіледі; 
-
қажетті жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін бақылаудың болмауы 
(техникалық қолдау абоненттік төлемге қосылған); 
-
бағдарламалық қамтамасыз ету үшін аппараттық платформаны сатып 
алудың, оны орнатудың және тұрақты жұмыс істеуін қолдаудың болмауы; 
-
бір қосымшаны бірнеше пайдаланушы бір уақытта пайдалануы 
мүмкіндігі. 
Жеткізуші үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жалға берудің бірқатар 
артықшылықтары төменде көрсетілген: 
-
web-қосымшалардың мүмкіндіктерін дамыту; 
-
web-сервистерді пайдаланушыла санының артуы; 


88 
-
бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсетуге кететін төмен 
шығындар; 
-
лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану мәселесін 
шешу; 
-
тиімді бағдарламалық-аппараттық платформаларды пайдалануға 
бағдарлау. 
Осылайша, тапсырыс беруші бағдарламалық қамтамасыз етуді 
меңгермейді, тек оны жалға алады. Жалға беру ақысында онлайн-сервистер 
арқылы жалға алынған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану қамтылған. 
SaaS пайдалану артықшылықтардан басқа, бірқатар тежеуші факторларға ие: 
-
бағдарламалық қамтамасыз етуді жалға берудің пайдасы тапсырыс 
берушінің жағында пайдаланушылар көп болғанда анық көрінеді; 
-
қызметтерді жеткізуші тарапынан тапсырыс беруші ақпаратының 
таралып кету мүмкіндігі; 
-
Интернетке үздіксіз қосылудың болуы. 
Дегенмен, мұндай тәсілдің лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді 
пайдалану мәселесін шешуге мүмкіндік беретіні және тапсырыс берушінің 
шығындарын едәуір төмендететіні SaaS пайдасын дәлелдейді
.
SaaS моделінің негізінде бағдарламалық қамтамасыз етуді жалға 
берушілерге Google, Microsoft, 1C және т.б. компаниялар мысал бола алады. 
Қазақстанда SaaS қызметін ұсынатын алғашқы компаниялардың бірі 
ExeCon болып табылады, сондай-ақ Қазақстандағы SaaS жеткізушілері 
«Қазақтелеком» АҚ, 1C болып табылады. «Қазақтелеком» АҚ келесі 
бағдарламалық қамтамасыз етуді жалға ұсынады: 
-
антивирустар (Касперский антивирусы, Eset-32, Panda, McAfee, 
Emsisoft); 
-
утилиттер (өнімділікті арттыру және компьютерді қорғауға, дискілерді 
көшіруге арналған); 
-
аудио, бейне және фотосуреттерді өңдеу (Disk Cover Studio, Ringtone 
Creation, Image Convertor, Photo Studio, Screen Recorder, TV Recorder, Video 
Capture); 
-
қаржы және есеп-қисап (үй есеп-қисабы); 
-
сөздіктер (ABBYY Lingvo 5, 9 немесе 20 тілге); 
-
мәтінді өңдеу (ABBYY FineReader, ABBYY PDF Transformer). 
1C компаниясы Интернет арқылы «1С: Кәсіпорын» және «1С-бұлт» деген 
бір қосымшаны ғана жалға ұсынады.
Жалға берілетін қосымшалардың құнына келетін болсақ, ол екі деңгейге 
айтарлықтай төмен: «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметі айына 300 теңгеден 1050 
теңгеге дейін, 1С - айына орта есеппен 3000 теңгеге дейін ауытқиды. Төмендегі 
6-кестеде жалға берудегі және сатылымдағы қосымшалардың бағалары 
келтірілген. 


89 
Кесте 6 - Жалға берудегі және сатылымдағы қосымшалардың бағалары 
(2022 жылғы 1-қарашаға сәйкес) 
Қосымша атауы 
Сатылым бағасы 
(тг/жыл 1 ДК-ге) 
Жалға беру бағасы (тг/ай) 
Касперский антивирусы
6000 бастап 
650, 850 
Eset NOT 32 
5500 бастап 
450, 600, 950 
Panda 
5000 бастап 
600, 750, 1050 
McAfee 
2000 бастап 
500 
ABBYY Lingvo 
10000 бастап 
450, 600, 800 
ABBYY FineReader 
27000 бастап 
550, 750 
ABBYY PDF Transformer 
2000 бастап 
600 
1С: Кәсіпорын 
27000 бастап 
3000 
4-кестеде келтірілген деректер қосымшаларды жалға алу қолайлы әрі 
тиімді екенін көрсетеді. Кері байланысты қамтамасыз ету үшін қосымшаларды 
жалға беретін компаниялар электрондық поштадан және әлеуметтік желілерден 
бастап клиенттік қоғамдастыққа дейінгі түрлі қолдау арналарын қолданады. 
SaaS сервистерінің кері байланыс арналарының танымалдылық статистикасы 
12-суретте көрінеді. 
Сурет 12 - SaaS сервистерінің кері байланыс арналарының танымалдылық 
статистикасы
Сонымен, бұлттық технологияларды дамыта отырып, SaaS пайдаланудың 
даму үрдістері қалыптасқан жалға беру аясынан шығып, біртіндеп бұлттық 
есептеулерге (IaaS) негізделген ресурстарды ұсыну инфрақұрылымын жалға 
алуға көшуде. 
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму 
жоспарында бұлтттық сервистер түріндегі «ақпараттандырудың жаңа моделі» 
туралы айтылған. Соңғы жылдары Dropbox, Google Drive, Yandex Disk, 
Microsoft OneDrive және т.с.с. деректерді бұлттық сақтау қызметтері қарқынды 
дамуда. Деректер клиенттің көзқарасы бойынша бір үлкен виртуалды сервер 


90 
болып табылатын «бұлтта» сақталады және өңделеді. Қазақстанда да бұл 
сервистер кең таралды. 
Бұлттық сервистерді орналастыру әлдеқайда арзан және компьютерлердің 
есептеу қуатын талап етпейді. Бұл сервистер бұлттық сервис көрсететін 
компаниялардың дискілік кеңістігін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл 
сервистерді пайдалану құны аз, оның үстіне компаниялар жеке 
пайдаланушыларға 5 Гб-тан 15 Гб-қа дейінгі, кейде тіпті 100 Гб-қа дейінгі 
жадтың шағын көлемін тегін ұсынады. 
Мұндай сервистер Интернет желісіне қолжетімді болатын әлемнің кез 
келген нүктесінен «бұлттағы» сақталатын деректерге қол жеткізуді қамтамасыз 
етеді. Дискілік тасымалдағыш вирустармен зақымданған немесе жұқтырған 
кезде бұлттық технологиялар деректерді зақымданусыз қалпына келтіруге 
мүмкіндік береді. Бұдан, бұлттық сервистер деректерді резервтік көшірудің 
баламасы болып табылады. 
Осылайша көшірудің бірқатар кемшіліктері бар: дискілік кеңістікке 
қажеттіліктің артуымен қатар, оны пайдалану құны өсуі мүмкін, деректер 
жалпы мақсаттағы көпшілік желілер арқылы өтеді, бұл олардың толық 
қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді, кластерді орналастыруға ғана бағдарланған 
(деректерді сақтауға арналған кластерді пайдалану үш көшірмені сақтауды 
талап етеді, бұл дискілік кеңістік көлемінің үш есе болуына әкеп соғады). 
Бұлттық есептеулер тұжырымдамасын пайдалану идеясы бағдарламалық 
өнімнің қажетті бөліктерін сатып алу және нақты пайдаланылған уақытқа ғана 
ақы төлеу болып табылады. 
2013 жылғы мәліметтері бойынша «Қазақтелеком» АҚ Қазақстанда 
«бұлттарды» пайдаланған Интернет желісін пайдаланушылардың 0,4% -ы ғана 
болған. Ресейде бұл пайыз іс жүзінде қандай болды, ал АҚШ-та 30% құрады. 
Осы болжамдар бойынша, 2016 жылдың соңына қарай Қазақстанда бұл сан 4-
5% -ға жетуі тиіс еді. 
Қазақстан Республикасында негізгі компания бұлттық сервистерді 
ұсынумен айналысады: «Қазақтелеком» АҚ, JusanMobile, «Ұлттық ақпараттық 
технологиялар» АҚ, QazCloud және т.б.
Алғашқы екі компания «Қазақтелеком» АҚ-ның data-орталықтары 
базасында хостинг қызметтерін, бұлттық және «жалған бұлттық» қызметтерді 
ұсынады, соңғысы мемлекеттік органдарға қызмет көрсетеді. «Қазақтелеком» 
АҚ Интернет желісіне және ішкі корпоративтік желілерге қосылу 
мүмкіндігімен жабдықтарды data-орталықтарда орналастыру - co-location 
қызметін ұсынады. «JusanMobile» Интернет желісі арқылы корпоративтік 
ақпаратпен қашықтықтан және бірлесіп жұмыс істеуге арналған шешімдер 
кешені деп аталатын онлайн-офис қызметін ұсынады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда отандық және шетелдік бұлттық сервистер 
провайдерлері бар. Қазақстанда ұсынылған ірі бұлттық сервистерді келтірейік: 
-
JusanMobile деректерді, виртуалды бөлінген серверлерді, бұлттық 
есептеу қуаттарын, бұлттық деректер қоймасын басқару мен сақтауға арналған 
бұлттық сервистерді және деректерді резервтік көшіру қызметтерін ұсынады ; 


91 
-
Hoster.kz – бұл Қазақстандағы жетекші хостинг-провайдерлердің бірі, 
ол виртуалды хостинг, VPS, бөлінген серверлер және т.б. қоса алғанда, бұлттық 
сервистер саласында қызмет көрсетеді; 
-
«1 Клауд»- Қазақстандағы ірі деректерді өңдеу орталығы, ол бұлттық 
есептеу, хостинг, серверлерді жалға беру және басқа да IT-қызметтерді 
ұсынады; 
-
PS Internet Company - виртуалды жұмыс үстелдері, деректерді сақтау, 
виртуалды серверлер және т.б. бизнеске арналған бұлттық сервистерге 
маманданған компания; 
-
Kazteleport - бұлттық сервистер провайдері, ол деректерді сақтау және 
өңдеу, серверлерді виртуализациялау, жобаларды басқару және басқа да IT-
қызметтер саласында қызмет көрсетеді. 
-
Cloud4Y Kazakhstan - деректерді сақтау, серверлерді виртуализациялау, 
виртуалды жұмыс үстелдері және т.б. сияқты Қазақстандағы бұлттық 
сервистерді ұсынатын ресейлік Cloud4Y бұлттық провайдері компаниясының 
бөлімшесі; 
-
Microsoft Azure - Microsoft компаниясы іске қосқан бұлттық сервис, 
оның ішінде есептеу ресурстары, деректер қоймалары, интернет заттар қызметі 
және т.б. қамтылған; 
-
Google Cloud – бұл Google компаниясы іске қосқан бұлттық сервис, 
оның ішінде есептеу ресурстары, деректер қоймалары және т.б. бар;
-
Amazon Web Services (AWS) – бұл есептеу ресурстарын, деректер 
қоймаларын, интернет заттар қызметін және т.б. ұсынатын Amazon 
компаниясының бұлттық сервисі; 
-
Yandex Cloud - 2018 жылы Яндекс компаниясы іске қосқан бұлттық 
сервис. Ол есептеу ресурстарын, деректер қоймаларын, интернет заттар 
қызметін және т.б. ұсынады; 
-
Huawei Cloud - қытайлық компания, ол бұлттық есептеулерді
деректерді сақтауды, интернет заттар (IoT) және т.б. ұсынады . 
Айта кететін жайт, бұлттық сервистер лицензиялық бағдарламалық 
қамтамасыз етуді,
оның ішінде қазақ тілінде пайдалану мәселесін шешуге 
мүмкіндік береді. Сонымен, Microsoft компаниясы қазақ тіліндегі интерфейстің 
жекелеген элементтерін қолдайды (хабарлама қазақ тілінде келеді, Excel 
кітабының парақтарының атауы әдепкі қазақ тілінде беріледі, мерзім автоматты 
түрде қазақ тілінде қойылады және т.б.), қазақ тілінде теру мүмкіндігі бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет