Бегалиева А.Қ


Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыс



бет39/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыс. Кене- сары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі оған үш жүздің бұқара халқы түгелдей дерлік қатысты. Кенесары жетекшілік жасаған азаттық күресіне ру басылары мен билер және басқа да ауқатты топ өкілдері қатысты. Олар – Ш. Едігенов, Шорман Күшіков, Мұса Шорманов және т.б. Кенесарыға белсен- ді қолдау көрсеткендердің бірі – оның әпкесі Бопай. Ол өзінің күйеуі Семеке мен оның туыстары сұлтан Сортек пен Досан Әбілқайыровтарды Кенесарыға қосылуға үгіттейді. Олар көнбе- ген соң күйеуін тастап, баласымен көтерілісшілерге қосылып, Кенесарының бір отрядын басқарады.
Кенесары бастаған азаттық күрестің мақсаты Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының территориялық тұтастығын қал- пына келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген қазақ жерлерінің тәуелсіздігін сақтап қалу болды. Кенесары Ресей отаршылдығы- на қарсы азаттық соғысты бастамас бұрын бірнеше дипломатия- лық қадам жасады. 1837 жылдың көктемінде патша үкіметіне жаңа бекіністер жүйесін салудан бас тартып, салынған бекініс- терді бұзуды, орыс әскерлерінің қазақ даласына ішкері енуін тоқ- татуды талап етіп бірнеше хат жолдаған болатын. Бірақ Кене- сарының бұл хаттары патша әкімшілігі тарапынан жауапсыз қал- дырылды. Одан кейін Кенесары 1837 жылдың күзіне қарай ашық күреске шығады. Қараша айында Петропавлдан оңтүстікке қарай бара жатқан керуенді қорғаушы Ақтау бекінісінің казак отрядына шабуыл жасайды.
1838 жылы Кенесары әскері Ақтау мен Ақмола арасындағы шептерге шабуыл жасап, онда орналасқан Симоновтың отрядын талқандап, 10 пистолет, 9 мылтық, 13 қылыш, 7 найза, 495 мың оқ, т.б., қару-жарақ, оқ-дәріні қолға түсірді. 1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы әскерлерімен бірнеше дүркін қарулы қақтығысқа түсті. Солардың ішінде ай- рықша кескілескен шайқас мықты бекіністердің бірі саналатын Ақмола бекінісі үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңыр-
149
■ Қазақстан тарихы

құлжа Құдаймендиннің жасағы мен старшина Карбышев басқа- ратын жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесарының әс- кері бекіністі өртеп, жаудың біраз әскерлерін тұтқындап, қару- жарақтарын олжалады.


1838 жылдың аяғына қарай Кенесары Орынбор әскери гу- бернаторлығына қарасты ЬІрғыз бен Торғай жаққа көшеді. Ол кездегі Орынбордың генерал-губернаторы граф В.А. Перовский алғашқы кезеңде көтерілісшілермен арақатынасты бейбіт жол- мен шешуге тырысқан еді. Арадағы келіссөздер барысында В.А. Перовский Кенесарыға көмектесетін болады. Жылдың ая- ғында Кенесары мен В.А. Перовский арасында уақытша бітім жасауға қол жетеді. Ол бітім бойынша Кенесары бастаған көте- рілісшілер шегара шебіне шабуыл жасамауға уәде береді. Бұл тыныштық 1842 жылға дейін созылды.
1841 жылдың қыркүйек айында қазақтың үш жүзінің атынан жиналған ықпалды билер мен сұлтандар Кенесары Қасымұлын ата салт бойынша ақ киізге салып көтеріп, бүкілқазақ халқына билігі жүретін хан етіп сайлады. Осылайша, Қазақ хандығы қайта құрылып, қазақ мемлекеттігі қайтадан қалпына келтірілді. Ресей империясының билігі орныққан Ертіс, Есіл, Орал шептерінің бойындағы аудандардан басқа Қазақстанның барлық жерлеріне Кенесары ханның билігі жүрді. Мемлекеттік құрылыс қайта ұйымдастырылды. Хан Кеңесі құрылып, оған батырлар, билер, сұлтандар, сондай-ақ жеке ерлік көрсеткендер, дипломатиялық қабілеттері бар ақылды саясаткерлер мен сенімді жақтастары кір- ді. Дипломатиялық қызмет ұйымдастырылды. Хан жарлықтары мен Хан кеңесінің шешімдерін таратып, түсіндіріп және орында- луын талап етіп отыратын арнайы басқарма құрылды. Салық жүйесіне өзгерістер енгізілді. Әскери мәселеде, Хан кеңесінің мү- шелері мен атақты батырлар басқаратын қатаң әскери тәртіптегі мыңдықтар және жүздіктерге бөлінген, далалық соғыс жағдайы- на ыңғайлы жасақтар ұйымдастырылды.
Кенесары Орынбор губернаторымен уақытша келісімге кел- ген кейін 1841-1842 жылдары Қоқан хандығының қол астындағы қазақ жерлерін азат ету үшін күрес жүргізеді. Бұл күрестің нәти- жесінде Созақ, Сауран, Ақмешіт, Жаңақорған қалалары қоқан- дықтардан азат етіліп, Түркістан қаласы қоршауға алынады. Осы-
150
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■

дан кейін Қоқан хандығы Кенесарымен келіссөз жүргізуге меж- бүр болды. Қоқандықтарды талқандауда Сырдария бойындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған қазақтардың Кенесарыға қол- дау көрсетіп, шайқастарға белсенді қатысуы үлкен рөл атқарды.


1842 жылы Орынбор генерал-губернаторы В.А. Перовский Петербургке қызметке шақырылып, оның орнына Орынборға генерал-губернатор болып Обручев тағайындалады. Обручевтің Перовскийге қарағанда Кенесарымен арадағы меселені шешуде көзқарасы басқаша болды. Ондай жағдайды пайдаланған Сібір губернаторы Горчаков осы жылы Кенесарының ауылын шабуға Сотниковтың басқаруымен отряд жібереді. Нәтижесінде Орын- бор әкімшілігімен жасалған бітім Горчаковтың тарапынан бұзыл- ды. Ал 1843 жылдың 27 маусымында патша І Николай Кенесары Қасымұлы бастаған күресті басу үшін қазақ даласына ірі көлем- дегі әскери жорық ұйымдастыру туралы бұйрық шығарды. Соны- мен қатар Кенесары ханның басын кесіп әкелген адамға 3000 сом сыйлық тағайындады.
1843 жылдың көктемінде патша әкімшілігі қазақ даласына үш отрядты бірдей жіберуді ұйғарды. Ол отрядтарға Ор бекі- нісінен, Ұлытаудан және Тобыл өзені бойынан бір уақытта атта- нып, Кенесары ханның жасақтарын жан-жақтан қоршауға алып, шешуші соққы беру арқылы талқандау қатаң тапсырылды. Оған қоса, Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан старшина Лебе- девтің және қазақ сұлтандары А. Жантөрин мен Б. Айшуақовтың басшылығымен құрамында қазақтардан 2000-дай адамы бар қо- сымша отрядтар жасақталды. Кенесары ханның әскеріне қарсы соғыс операциясын басқару генерал-майор Жемчужниковке жүк- теледі. Ол кезде Кенесарының 20 мыңдай әскері бар еді. Кене- сары хан патшаның жазалаушы отрядтарын бір-біріне қосылуына мүмкіндік бермей, жеке-жеке соққы беруді ойластырды. Ол өз жасақтарының бір бөлігін Батыс Сібірден шыққан отрядқа қарсы жіберді де, олар Ұлытауға қарай шегіне шайқас жүргізіп, жаза- лаушы отрядты басқа жаққа қарай бұрып әкетеді. Ал кейіннен Кенесарыға қарсы шайқаста көрсеткен дәрменсіздігі үшін Лебе- дев Орынборға шақыртылып, қызметінен босатылып, сотқа тар- тылады. Кенесары болса, бұл кезде өзінің негізгі күшімен Кон- стантиновск бекінісіне шабуыл жасап, 1844 жылы шілденің 20-нан 21-не қараған түні Өлкеаяқ өзенінің бойында Ахмет Жан- төриннің отрядын қоршауға алып талқандайды.
151
■ Қазақстан тарихы

Осы 1844 жылы Ыстықкөл төңірегіндегі қырғыздар атынан Бұғы руы манаптарының бірі Боранбай Бекмұратов Ресейдің би- лігін мойындауға дайын екендігін патша І Николайға хабарлай- ды. Бірақ манаптың бұл ұсынысын Ресеймен арадағы жердің қа- шықтығын сылтауратқан патша жауапсыз қалдырады. Кейбір қырғыз билеушілерінің Ресей билігін мойындауға ыңғай танытуы Кенесары ханды ызаландырған болатын. Ал Кенесарының қыр- ғыздармен қақтығысының қарсаңында қырғыз манаптары Орман, Жантай, Жанғаралы Батыс-Сібір губернаторына хат жолдап, Ре- сей өкіметінің құрамына қабылдауды сұрайды және қазақ ханы Кенесарыға қарсы күресте қолдау көрсетуді өтінеді. Бұл жағдай Кенесарыны одан әрі ерегістіре түседі.


1846 жылдың басында Кенесары хан әскерлерімен Балқаш көлінің маңына қоныс аударады. Патша үкіметі қазақ даласын- дағы Кенесары бастаған көтерілісті біржола жою үшін енді гене- рал-майор Вишневскийдің басқаруымен үлкен отряд аттандыра- ды. 1846 жылы Кенесары хан қоқандықтардан Әулиеата (Тараз), Мерке қалаларын қайтарады. Осы жылы Кенесарыға қолдау көр- сетуші Ұлы жүздің Саурық батыры қырғыздардың батыры Жа- манқораны өлтіреді. Оған жауап ретінде қырғыздар Саурық ба- тырдың ауылын шауып, Саурық батырды жігіттерімен қоса өлті- ріп, мал-мүлкін тонап кетеді. Бұдан кейін қазақ-қырғыз арақаты- настары шиеленісе түсті. Патша үкіметі болса қазақ-қырғыз тар- тысына ашық кіріспей, Алатау өлкесін өз билігіне бағындыруды жеңілдету үшін туысқан екі халықты бір-біріне айдап салып, екі жақты да әлсіретіп барып, осы өңірге өз әскерін кіргізудің қолай- лы жолдарын қарастырды. Осындай шиеленіскен жағдайлардың барысында 1847 жылы Кенесары хан 10 мың сарбазымен қырғыз жеріне басып кіріп, оларды Қоқан езгісіне қарсы қазақтармен бірігіп күресуге шақырады.
Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік- Сеңгір деген жерінде болады. Қырғыз манаптары мен Вишнев- скийдің отряды және Қоқан хандығының әскерлері «Алмалы сай» шатқалында Кенесарының сарбаздарын үш жақтан қоршау- ға алады. Кенесары хан 32 қазақ сұлтанымен бірге тұтқынға тү- седі. Наурызбай батыр қаза табады. Қырғыздардың қолына тұт- қынға түсіп қалған Кенесары хан патша чиновниктерінің ал-
152
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■

дауына түсіп, сыйлықтар алған қырғыз манаптарының тарапынан өлтірілді. Кенесары бастаған азаттық күресті кейін оның баласы Сыздық сұлтан жалғастырды.


Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың жеңі- луінің негізгі себептері мыналар: қазақ халқының бір тудың ас- тына біріге алмауы, кейбір ру басыларының өз бетінше билік жүргізуге ұмтылуы және де кейбір қазақ билеуші топ өкілдерінің патшалық Ресейді жақтауы, Кенесарының Ресей, Қоқан, Бұхар хандықтарымен күресте күштің тең болмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет