Бегалиева А.Қ



бет40/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуы. ХІХ ғасырдың 20-жылдары Ресей Орта жүз бен Кіші жүзде хан- дық билікті жойып, ресейлік басқару жүйесін енгізгенімен, Ұлы жүз мәселесіне әлі де көңіл бөле қоймаған болатын.
Ағылшын-орыс бақталастығында бұл үрдістердің белсенді- лігі арта түсті. Ресейдің Таяу Шығыстағы жетістіктері Англия қарсылығының күшеюіне әкелді. 1841 жылы Лондон конвенция- сы Ресейдің Таяу Шығыс мәселесіндегі ірі дипломатиялық жеңі- лісі болды. Орта Азия мен Қазақстан біртіндеп ағылшын-орыс бақталастығының негізгі аймақтарының біріне айналды. Қазақ- станның стратегиялық аймақ ретінде Орта Азия хандықтары мен Ресей және Қытай аралығында орналасуын патша әкімшілігі жақ- сы түсінді. Қазақстандағы өз ұстанымын нығайту үшін түрлі ша- ралар қарастыра бастады. Ресей Сыртқы Істер министрлігінің Азия департаментінің ұсынысымен ХІХ ғасырдың 30-жылдары Қоқан хандығына Н.Г. Потанин, Бұхар әмірлігіне П.И. Демезон мен И.В. Виткевич, Е.П. Ковалевский, Хиуаға Г.И. Данилевский бастаған дипломатиялық миссиялар жіберді. Бұл сапарлардың барысында Ресей Хиуа және Бұхарамен орыс-азия сауда мәселе- лері бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізіп, Орта Азия хандықтарының ішкі жағдайы мен Хиуа хандығының Сырдария бойындағы қазақтарға қатысты саясаты туралы бірқатар мәлімет- тер алып қайтты. 30-жылдардың аяғы мен 40-жылдардың басын- да патша үкіметі хиуалықтардың шегаралық аймақтардағы күш көрсету және тонаушылық әрекеттерін тоқтату, хиуалықтардың қолындағы орыс тұтқындарын босату, Хиуаның орыс-қазақ қаты- настарына араласуын бейтараптандыру үшін Хиуаға әскери экс-

153


  • Қазақстан тарихы

педиция ұйымдастыру туралы декларациясын жариялады. Ресей- дің мұндай ресми мәлімдеме жасауына Англияның Орта Шығыс- тағы саяси ықпалын нығайту қаупінің күшеюі себеп болды.


1839 жылы қараша айының ортасында Орынбор губернаторы В.А. Перовский 12 зеңбірек, 4 мың жаяу әскер және 10 мың түйе- ге артқан жүгімен Хиуаға қарсы жорығын бастады. Қатты суық пен боранның салдарынан Перовский 2 мың түйесінен айыры- лып, үлкен шығынмен Ембі бекінісіне дейін ғана жете алды. 1840 жы- лы 1 ақпанда тағы да 5 мың түйе азық-түлікпен басқа да құрал- жабдықтарын жоғалтып, Ақбұлаққа жетті. Ақпан айының орта- сында Орынборға кері қайтты. Бірақ жағдайдың бұлай шиелені- суіне қарамастан Хиуа жорықтың қайталануынан қауіптеніп Ре- сейге 124 орыс тұтқынын қайтарды және Петербургке елшілік жіберді.
Орыс билігін мойындамаған қазақтарды бағындыруға және Орта Азия хандықтарының шегарасына орыс әскерін жақындату мақсатында Ресей Сырдарияның төменгі ағысының бойына әс- кери бекіністер сала бастады. 1847 жылы Райым бекінісі, 1848 жылы Қазалы форты салынды. Жаңа бекіністердің салынуы орыс әскер- леріне біртіндеп Сырдарияны бойлап жоғары жылжуға және қо- қандықтардың ірі бекіністерінің бірі Ақмешітке жақындауға мүмкіндік берді. 1848-1849 жылдары А.И. Бутаковтың басшылы- ғымен келген экспедиция Арал теңізін зерттеп, теңіздің картасын жасады. Арал теңізінде кеме айлағы ашылды. Оның болашақта Орталық Азия және Хорезммен сауда қарым-қатынасында, әске- ри мәселелерде маңызы зор болды.
1851 ж. патша өкіметінің әскері Үшалматы жерін (Тойшыбек бекінісін) жаулап алғаннан кейін ол жерлерді зерттеуге кіріседі. 1853 ж. пристав қызметіндегі майор Перемышельскийдің басшы- лығымен әскери-барлау экспедициясы Қапал бекінісінен шығып, Іле өңіріне шығады. Бекініс салатын орынды белгілеп, 1854 ж. Үшалматы жерінде патша өкіметінің алғашқы бекінісінің ірге- тасы қаланып, оған Верный атауын береді. Кейіннен ол Алатау округінің резиденциясына айналады. Патша өкіметі Іле-Шу өңір- лерін отарлау кезінде Верный бекінісі маңызды тірек болды.
Ұзынағаш шайқасынан кейін Іле өңірі толығымен патша өкі- метінің отар аймағына айналады. Ал қоқандық әскер жағында
154
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■

жүріп, Ұзынағаш шайқасына қатысқан Дулат пен Шапырашты руларының батыр-билері орыс өкіметіне бағынбай Шу өңіріндегі қоқандықтар жаққа қарай ауыл-аймағымен бірге көшіп кетеді.


12 күндік қоршаудан кейін 1853 жылы 28 маусымда орыс әс- керлері Ақмешітті басып алды. Осыдан кейін Сырдарияның тө- менгі ағысында Сырдария шебі құрылды. Оған Райым бекінісінен Ақмешітке дейінгі аудандар кірді және 1864 жылы Түркістанды алғанға дейін сақталып тұрды. Ресей Қоқан және Хиуа хандық- тарына саяси қысым көрсетуге мүмкіндік алды. ХІХ ғасырдың 50-жылдары Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің сыртқы саясатындағы маңызы арта түсті. 1854-1856 жылдары Қырым соғысында Ресей жеңілуіне байланысты батыстағы нары- ғынан айырылып, енді оған шығыстан жаңа нарық іздестіру қа- жет болды. 1858 жылы Орталық Азия аймағындағы Хиуа мен Бұхараға Н. Игнатьев бастаған дипломатиялық елшілік, Шығыс Иранға көпес ретінде Ч.Ч. Ханыков бастаған экспедиция жіберді. Бұл аймақтан алынған материалдар патша үкіметіне Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азия хандықтарындағы әскери қимыл- дарын ұлғайтпаса, ол аймақта Англияның мүддесінің арта түсе- тіндігіне толық көзі жетті. Өйткені Англияның бұл аймаққа қа- тысты кең көлемде жаулап алу жоспары бар екені дәлелденген болатын. Англия мен Қоқанның бұл әрекеттері Ресей үкіметі жағынан қарсы шаралар қолдануды талап етті. Ресей бұл аймаққа Орынбор мен Сібір шебінен екі жақтап тереңдей ену үшін дайын- дала бастады. ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстан территория- сында Ресейдің әскери бекіністері мен қамалдары, форпостары мен шептерінің саны арта түсті. Ақтау, Ұлытау, Қапал, Сергио- поль, Верный, Қастек және т.б. Ресейдің Қазақстандағы әскери тірек пунктері болды. 1856 жылы құрамына 213 мың адамнан тұратын Ұлы жүз қазақтары және 60 мың қырғыз кіретін Алатау округі құрылды. Ресей әскерлерінің оңтүстіктен де, солтүстіктен де сәтті жылжуына қоқандықтардың саясатына риза болмаған Әулиеата мен Шымкент төңірегіндегі Ұлы жүз қазақтарының 1857-1858 жылдарда көтерілістер жасап, Ресей жағына өтуі де қолғабысын тигізді. Патша үкіметінің ықпалды ру басыларына қатысты алдау-арбау, шен-шекпен беру, жоғары қызметтерге та- ғайындау сияқты жүргізген саясаты да біршама маңызды рөл атқарды.

155
■ Қазақстан тарихы




1860 жылы орыс әскерлерінің қоқандықтарға қарсы белсенді әскери қимылдары басталды. 26 тамызда Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пішпек бекіністері алынып, 24 қазанда Ұзынағаш төңірегінде болған шайқаста қоқандықтар жеңіліс тапты. Орыс пен Қоқан әскерінің екі жақты қыспағы мен тәлкегіне түскен қазақтардың жағдайы өте ауыр болды. Жергілікті халыққа қатысты екі жақта қатыгездігімен ерекшеленді. Күш көрсету, тәлкек жасау мен қатыгездік туралы екі жақтың да әскери басшылары: «ауылдары өртеніп, малдары тартып алынды, оларға берген сабақты ерекше сезілетіндей жасадық», – деп жазды. 1861-1863 жылдары Ресей үкіметінде Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия хандықтарын мақсатты түрде және тез арада иелену жөнінде пікірталастар жүрді. Одан кейін Сырдария мен Сібір шебінің аралығына 4 экс- педиция жіберілді. Олар бұл аудандарда қоқандықтардың күшті қарсылығын кездестірмеді. Жұмғол мен Құртқа бекіністері шай- қассыз берілді, Созақ пен Шолаққорғанда Қоқан билігіне қарсы көтерілістер бұрқ ете қалды. 1863 жылы Ресейдің Соғыс министрі Д.А. Милютин ерекше комитетке Орта Азия хандықтарына қа- тысты белгіленген іс-әрекеттері туралы баяндама жасап, оны ма- құлдатып алды. 1864 жылдың басында бір-біріне қарсы тұрған екі жақта әскери қимылдарға дайындала бастады. 1864 жылдың ма- мыр айында Оңтүстік Қазақстандағы орыс әскерлерінің дайын- дығы негізінен аяқталды да полковник Н.А. Веревкин бастаған отряд Түркістанға қарай қозғалды. Н.А. Веревкиннің отрядында 1593 солдат, 44 офицер, 18 зеңбірек және 150 ерікті қазақ болды. Верныйдан бір мезгілде құрамында 2571 солдат, 68 офицер, 22 зеңбірек және сұлтан поручик Ш. Уәлиханов басқарған 1400 ерікті қазақтар бар полковник М.Г. Черняевтың отряды да қозғалды. 4 шілдеде Черняевтың отряды Меркі, 6 шілдеде Әулиеата бекі- нісін шайқассыз алды. Полковник Веревкиннің отряды Түркістан қаласына барар жолда Қоқан әскерлерінің шабуылына ұшырады да бекіністі қоршауға мәжбүр болды. 9 маусымда Түркістан орыстардың қолына өтті. Әулиеата мен Түркістанды тез арада алуда әскери операцияларға басшылық жасағандары үшін Черняев пен Веревкиннің әскери шендері жоғарылатылып, гене-
156
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■


рал-майор атақтарын алды. Жорықтарға қатысқан солдаттар «жо- ғары құрмет» және түрлі ордендермен марапатталды. Жетістік- теріне көңілдері көтерілген орыс армиясы алдын ала дайындық- сыз 1864 жылдың 22-23 шілдесінде Шымкентті алуға тырысты. Бірақ бұл уақытта қоқандықтар Шымкентке едәуір әскери күш- терін тартып үлгеріп, орыс әскеріне қарсы соққы береді. Бекініс- қалаларға жақын орналасқан қазақ ауылдары екіге бөлініп, бірі орыстарға, екіншілері қоқандықтарға қолдау көрсетті.
Черняевтың алты жарым рота жаяу әскермен бір жарым жүз- дік казактардан тұратын отряды және Лерхенің төрт рота жаяу әскер, бір казак жүздігі мен мың жарым қазақтан тұратын отряды Шымкент түбінде бірігіп, қалаға шабуыл жасап, 1864 жылдың күзінде оны басып алды. Түркістан мен Шымкентті жаулап ал- ғаннан кейін Орынбор мен Сібір шептері жалғастырылды.
1865 жылы маусымда бір апта қарсылықтан кейін орыс әс- керлері Ташкентті басып алды. 1866 жылдың жазында патша ІІ Александр Ташкентті Ресейдің құрамына қосу туралы жарлық шығарды. Бір жылдан кейін 1867 жылы құрамына қайта құрыл- ған Жетісу және Сырдария облыстары кіретін, орталығы Таш- кент қаласы болған Түркістан генерал-губернаторлығы құрыл- ғандығы туралы заң жарияланды.
Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанды әскери жаулауы Ақ- мешіт, Түркістан, Әулиеата, Шымкент, Ташкент, т.б. бекіністер- дің қорғаушыларына деген ерекше қатыгездікпен жүзеге асы- рылды. Орыс әскерлері мұсылмандардың қасиетті жерін (Қожа Ахмет Яссауи, т.б.) қорлап, оларды қиратты. Ақмешітті 25 күн қатарынан атқылап талқандады, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зеңбіректің 12 снаряды атылып, оның 11-і ке- сененің қабырғаларын ойып кетті. Шымкент қаласын қорғап, қаза тапқандардың саны 3170-ке дейін жетті, Сайрам қаласы жер- мен-жексен етіліп талқандалды.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін Қазақстанның бүкіл территориясы ұзақ уақытқа Ресейдің отарына айналды. 1867-1868 жылдары Түркістан және Далалық өлкені басқару туралы «Уақытша Ереженің» қабылда- нуымен Орта Азия және Қазақстан Ресей империясының отары ретінде заңдастырылды.
157
■ Қазақстан тарихы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет