Бақылау сұрақтары:
Тентек төренің Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі қашан болды?
Исатай мен Махамбет бастаған Батыс Қазақстан жеріндегі көтерілістер қашан болды?
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды және оның мақсаты не?
Ресей империясының әкімшіл жүйесіне енгізу мақсатында Қазақстанда қандай реформалар жүргізілді?
160
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
Қазақстанда жаңа әкімшілік-территориялық басқару жүйесі- нің ендірілуі және оған қазақтардың қарсылығы. Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Өйткені ол әкімшілік құрылыс, жер қатынастары, сот құрылысы, халыққа бі- лім беру, дін мәселесі сияқты қазақ қоғамының шешуші салала- рының бәрін қамтыған болатын.
Қазақстанға әкімшілік басқару жүйесін енгізудегі патша үкіметінің алдына қойған басты мақсаты аймақтағы отаршылдық саясатын күшейту болды. Осыған орай, 1867 жылы 11 шілдеде патша жарлығымен империя құрамында Түркістан генерал-гу- бернаторлығы құрылса, ал 1868 жылы Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары құрылды. Реформаның ең басты және негізгі міндеті – «қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктері- мен бірте-бірте қосып жіберу» үшін Ресейге бағынышты халық- тарды бір басқару жүйесінің құрамына біріктіру. Сөйтіп, жер- гілікті ақсүйектерді биліктен ысырып тастап, ру басшыларын әлсіретіп, ойға алған іс-шараларды оңтайлы жолмен оңай әрі тез жүзеге асырып отыру. Жалпы алғанда, реформалар патшалық үкіметтің қазақ даласының жергілікті тұрғындарын және аймақ- тық табиғат байлықтарын еркін пайдалану үшін орыс капиталына анағұрлым тиімді жағдай қалыптастыру әрекетінен туған еді.
Казак әскери бөлімдері мен орыс шаруаларын орналастыру үшін «артық» жер мөлшерін анықтау ісіне экспедициялар жаб- дықталды. Мұның өзі қазақ жерін пайдаланудан алып, барша қазақтың жерін Ресейдің мемлекеттік меншігі деп жария ету арқылы Қазақстанның империя отарына айналғандығын дүниеге паш ету болды. Патша үкіметінің 1886 жылғы Түркістан туралы ережесі және 1891 жылғы Далалық облыстарды басқару туралы Ережесі сол орыс билігін одан ары нығайтып, қазақ даласындағы отарлық езгінің күшеюін тереңдете түсті.
1867-1868 ж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ даласын толық отарлауға тырысты. Сондықтан да Қазақстан аумағы об- лыстарға бөлініп, ал облыстар әкімшілік орталықтарына, қазақ
161
■ Қазақстан тарихы
даласымен байланыссыз жататын әр түрлі генерал-губернатор- лықтарға бөлшектенеді. Мысалы, Торғай мен Орал облыстары – Орынбор; Ақмола және Семей облыстары Батыс Сібір; Жетісу мен Сырдария Түркістан генерал-губернаторлықтарының құра- мына кірді. Бұрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы уақытша Торғай облыстық басқармасына бағынышты болып қалғанымен, ол ұзаққа созылмай, 1872 жылдан бастап Астрахань губерния- сының құрамына кірді. Ал Маңғыстау түбегінің аумағы 1870 ж. қазақтардың көтерілісіне байланысты Кавказ әскери округінің билігіне өтті.
1867-1868 ж. реформалардағы басты бағыттардың бірі Қа- зақстанда күшті әскери-бюрократиялық аппарат құру болды. Ол аппарат әр түрлі жеңілдіктерге: анағұрлым жоғары еңбекақы, екі есе төлем, қызметтен босаған кездегі жоғарғы зейнетақыға қызы- ғатын шенуніктерден құралды. Облыстар өз кезегінде уездерге бөлінді. Уездік басқарманың басшылығына орыс чиновникте- рінің ішінен облыстық әскери-губернатордың ұсынысы бойынша генерал-губернатор бекітетін уезд бастығы тағайындалды. Жаңа әкімшілік жүйе бойынша уездегі барлық билік жүйесі толығымен уезд бастығының қолына шоғырландырылды. Ереженің 42-65 бап- тары бойынша, уезд бастықтарына мынадай міндеттер жүктелді: жергілікті басқару орындарына жүктелген міндеттердің орында- луын қадағалау, уезде тыныштық пен тәртіпті сақтау, алым-са- лықтың жиналуын бақылау және халықтың денсаулығын сақтау. Уезде орналасқан әскери бөлімшелер, мекемелер мен бекіністер уезд бастықтарына бағынышты болды.
Уездер территориялық белгі бойынша бір болысқа 1000- 2000 киіз үй және бір ауылға 100-ден 200-ге киіз үй кіретіндей болып есептелген болыстар мен ауылдарға бөлінді. Болыстар ша- руашылық жағынан біріккен ауылдардан тұрды. Осыған байла- нысты жаңа жағдайда қазақтардың рулық қатынастар бойынша тарихи бөлінуі заңды түрде жойылды. Ру басында ақсақал тұр- ғанда, оның сөзі мен ісі билік күшке ие жағдайында патша үкіме- тінің дала тыныштығы үшін қорқуы заңды нәрсе болатын. Елге сүйенген ру басы кей жағдайда әкімшілік талаптарды орындама- уы да әбден мүмкін екені шындық.
162
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
1867 жылғы ереженің 85-бабына сәйкес болыстардың басын- да қазақтардан сайланған болыс басқарушылары, ал ауылдардың басында сол сияқты сайланатын старшиналар болды. Ережеде
«болыстық және ауылдық старшиналарды халық сайлайды» деп нақты көрсетілген. Бір қарағанда сайлау демократиялық негізде жолға қойылған болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде патша үкіметі сайлауды өз мақсатына орай жүргізіп отырды. Сайланған болыс басқарушыларын облыстық әскери губернаторы, ал ауыл- дық старшиналарды уезд бастығы бекітетін еді. Отаршылар әкім- шілігі ұсынылған кандидаттар көңілінен шықпаса бекітпей тас- тап, жаңа сайлау белгілеуі де мүмкін болатын. Болыс басқарушы- ларын сайлауға уезд бастықтары, ал ауылдық старшиналарды сайлауға болыс басқарушылары міндетті түрде қатысатын. Болыс басқарушылары тікелей уезд бастығына бағынышты болды және оның барлық бұйрықтарын орындауға міндетті еді, ал ауыл стар- шиналары болыс басқарушысына тікелей бағынышты бола оты- рып, болыс басқарушысына жүктелетіндей міндеттерді орындады.
Реформаларды жүзеге асыруда патша үкіметі саяси-экономи- калық іс-шаралармен қатар өлкені мәдени және рухани жағынан да отарлауға басты назар аударған болатын. Халық ағарту ісі пат- шалықтың сыртқы саясатының маңызды саласы еді. Бұл саясат Ресейдің қарамағындағы ұлттарды біртіндеп христиан дініне кір- гізу арқылы орыстандырып, империяның тұтастығын арттыруға арналды. Осыған орай, 1867-1868 жылдары реформада халық ағарту ісінде жүргізілетін шаралар жан-жақты қарастырылды. Сол құжаттар бойынша уездік қалаларда бастауыш мектептер ашу көзделген.
1868 жылғы ереженің 251-бабында діни істер Орынбор мүф- тиінің қарауынан алынып, азаматтық басқарманың қарамағына берілді. Молдалар сайланатын болды. Оларды бекіту тұтқасы орыс әкімшілігінің қолына тиді. Бастауыш мектептерде мұсыл- ман дінін уағыздаушылардың қызметі шектелді. Әкімшілік қазақ мектебіне сабақ беретін ұстаздардан орыс тілін білуді талап етті. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар қазақтардың
жаңа көтерілісін туғызды. XІX ғасырдың 60-жылдарының алғаш- қы жартысында Қазақстанда, әсіресе Кіші жүзде отаршылдыққа қарсы жаппай халық наразылықтары өріс алды. Көшпелі халық-
163
тың ашу-ызасын туғызған патша үкіметі салық саясатының кү- шеюі болды. Оның үстіне қатардағы көшпелілер мен ауқатты отбасылар бірдей міндеттер атқарды. Сондай-ақ жаңа әкімшілік бөліністер ғасырлар бойы пайдаланып келген көшпелі халықтың маусымдық жайылымдарды пайдалану үрдісіне нұқсан келтірді. Салықтар мен міндеттердің күрт көбеюі мен әкімшілік-террито- риялық бөліністердің дұрыс жүргізілмеуі 1868 жылғы Орал мен Торғай облыстарында орын алған ұлттық бас көтерулердің баста- луына түрткі болды. 1868 жылдың желтоқсан айында стихиялық түрде басталған көтеріліс 1869 жылдың қазан айына дейін созыл- ды. 1868 жылы 6 мамырда құрамында 200 қылышты және жаяу әскері бар Штемпель отряды Орынбор бағытындағы Жамансай көлі маңында қазақ жасақтарымен кездеседі. Жазалау тобы көте- рілісшілерге тегеурін бере алмай, жетінші күні азық-түлігінің таусылуына байланысты кері қайтады.
1869 жылдың наурызы мен маусым айының аралығында бо- лыс, би, сұлтан және старшындарға қарсы 41 рет шабуыл ұйым- дастырылады. Оған 3 мыңға тарта жасақ қатысты. Торғай мен Орал облыстарында көтеріліс өртінің ұлғаюына байланысты жер- гілікті үкімет орындарымен қатар орталық үкімет те көтерілісші- лерді жазалауға отряд топтарын жөнелтті. Орал облысы аймағы- на подполковник Рукин, граф Комаровский отрядымен бірге, ге- нерал-губернатор Веревкин басшылығындағы отряд аттанды- рылды. Көтеріліс ұйымдаспаған, өзара келіспеушіліктер мен со- ғыс тактикасының нашар болуына орай басылып, жанышталды.
Сол сияқты 1870 жылғы Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі де осындай сипатта болды. Жаңа жүйе бойынша енгізілген салық жүйесі Маңғыстау халқының үкіметке қарсы наразылығын ту- ғызды. Маңғыстау приставы подполковник Рукин дала тұрғында- рының қиын жағдайымен санаспай, адайлардан 1869-1870 жылдар үшін шаңырақ алымын жаңа салық жүйесіне сәйкес дереу енгі- зуді талап етті. Көптеген жергілікті тұрғындар, соның ішінде Бозашы түбегінің балықшылары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты. Адайлардың жайлауға көшуін күштеп тоқтатқан Ру- киннің ойланбай жасалған әрекеттері жер-жерде көтерілістің шығуына себеп болды. 1870 жылдың наурызында Рукиннің отря- ды көтерілісшілердің үлкен тобымен кездесіп, қоршауда қалады.
164
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
25 наурызда ашық қақтығыс кезінде 20-ға жуық жазалаушы қаза тауып, отряд командирі Рукин өз-өзіне қол жұмсайды. Жеңіс жі- герлендірген көтерілісшілер сәуір айының басында Николаев станциясына, Александровск фортына шабуыл жасады, алайда олар сәтсіздікке ұшырады. Көтерілісшілер саны 10 мыңға жетті. Патшалық өкімет орындары қазақтардың батылдығынан қорқып, қосымша әскери көмек сұрауға мәжбүр болды. Кавказдан тың күштердің келуі күштердің арақатынасын өзгертіп, көтерілісші- лер баруға қиын аудандарына шегінді.
Патша үкіметі ендігі кезекте Хиуа хандығына қарсы шаралар ұйымдастырды. Маңғыстау аймағына Хиуа билеушілері адайлар қозғалысын қолдау үшін 4 зеңбірегі бар 6 мыңдық жасақпен қи- мыл жасауды ұйғарды. Бірақ шектес аудандарда Хиуаның әскери қыр көрсетуі нақты нәтижелер бермеді, дегенмен аймақтағы жағ- дайды едәуір шиеленістірді. Маңғыстау аймағы 3 айға жуық пат- ша әскерінің қол астына қарады. Патша үкіметі көтерілісшілерді жаппай жазалайды. Осы тұста генерал-губернатор Н.А. Крыжа- новский әскери министр Милютиннің «көтерілісшілерді жаза- лау» туралы нұсқауын жібереді. 1870 жылы желтоқсанда көтері- ліс жеңіліс тапқан соң көтеріліс басшылары И. Тіленбаев, Д. Тәжиев, Е. Құлов және олардың серіктері 3 мың шаңырақпен Хиуа ханды- ғының шегіне өтіп кетеді.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ шаруалары өз қа- тарын берік біріктіруге қол жеткізе алмай, Маңғыстау облысын- дағы халықтық-азаттық күрес жеңіліске ұшырады. Көтеріліс аяу- сыз жанышталып, адайларға соғыс шығыны ретінде 90 мың қой салық салынды. Маңғыстау көтерілісі өз кезегінде патша үкіме- тінің отарлау саясатына қазақ халқының қарсылығының айқын көрінісі болды.
Жалпы XІX ғасырдың екінші жартысындағы реформалардың болмысы туралы, қорыта айтқанда, мынадай түйін жасауға бо- лады. Патша үкіметі Қазақстанға енгізген әкімшілік реформала- ры негізінде оның саяси дербестігін толығымен жойып, қазақ же- рінде империя құрамындағы әкімшілік басқару жүйесін орнатты. Қазақстанға орыс шаруаларының, ұйғырлар мен дүнген-
Достарыңызбен бөлісу: |