Бегалиева А.Қ


Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан



бет47/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан. Қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі. Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) бастал- ды. Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары же- дел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп өндірісінің ішінде металлур- гия өндірісі үлкен жетістіктерге жетті.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құл- дырауына алып келді. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы, егіншілік шаруашылығын жетік меңгерген аудандарда жақсы дамыды. Со- ғыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерістер енгізді. Ең алды- мен, ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғай- ды. Мәселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 63,5 %-ға, жазғы бидай 8,4 %-ға, тары 22,1 %-ға, картоп 46,3 %-ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс көлемі 433,8 мың десятинадан 1115,0 мың десятинаға дейін, яғни екі еседен астам көбейді. Өлкенің солтүс- тік-батыс және батыс облыстары бойынша дәнді дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін әр десятинадан алына- тын 38,7 пұттан 29,8 пұтқа дейін төмендеді.
Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына алып келді. Оған сан және сапа жағынан үлкен зардап келтірді. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бас- тады. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұратын жерлерде жылқы, түйе, ірі қара мал саны кеміді. Мәселен, Ішкі Ордада 1915 жылы жылқы саны 310,3 мың болса, ал 1916 жылы 160,2 мың болып, үлес салмағы жөнінен 48,5 %-ға кеміп кетті. Маңғыстау уезінде, Сырдария мен Жетісу облыстарында да осындай көрі- ністер байқалды.
Мал санының қысқаруы, ең алдымен, қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болған- дығынан орын алды. Қаншама миллион армияның өсе түскен қажетін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Өйткені қазақ шаруа-
186
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■

шылығында мал саны жылдан-жылға азая берді. Сондай-ақ соғыс жылдарындағы мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп тұ- ратын реквизиция да әсер етті. Осы жылдарда Түркістан өлкесі- нен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе әкетілді. 1914 жыл- дың ішінде Жетісудан ғана 34 миллион сомның малы мен мал өнімдері әкетілді. Қазақ шаруашылықтарында малды реквизи- циялау және жылқы малын есепсіз пайдалануға байланысты мал санының қысқаруы село мен ауылда шаруашылықты қалыпты жүргізуге кері әсер етті. Жылқы малы, әсіресе солтүстік облыс- тарда азайып кетті. Соғыс жылдарында армияны жабдықтау үшін мол мөлшерде азық-түлік даярлау, мал және ет өнімдері бағасы- ның өсуіне әкеліп соқты. Осыған байланысты бұл кезеңде өлкеде анағұрлым арзан ет беретін сала – шошқа шаруашылығы жедел дами бастады.


Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң Қазақстан өнер- кәсібі де соғыс қажеті үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнер- кәсібінің маңызды салаларының бірі Успен және Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру арта түсті. Бұл кеніштерден 1914 жылы 246 пұт, ал 1916 жылы 1551 пұт темір кені өндірілді. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды. Салықтардың жоғарылығынан, қатынас жолдарының қашықты- ғынан, құрал-жабдықтардың жетіспеуі салдарынан және басқа себептерден алтын кеніштерінің саны қысқарды. Түсті метал- дарға деген қажеттіліктердің артуы және олардың бағасының күрт өсуі соғыс жылдарында түсті металлургияның, әсіресе Риддер және Сокольский кеніштерінің дамуына түрткі болды. Түсті рудалар өндіру 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 25,3 есе өсе түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мыс рудасын негізінен «Спасск мыс рудалары» акционерлік қоғамы мен «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы өндірді. Бірақ мыс кенін өндіру жылдан-жылға кеми берді. Жер қойнауын пай- далану «Спасск мыс кені» акционерлік қоғамының Успен кені- шіндегі барлық бай кенді (құрамындағы мыс 25 %) иемденуіне әкеліп соқты. Соғыс жылдарында Сарысу байыту фабрикасы са- лынды. Ол революцияға дейін құрамында 25-30 % мыс бар 128 мың пұт шикізат өндірді.
187
■ Қазақстан тарихы

Көмір өндіру Семей, Торғай, Ақмола облыстарында жүргі- зілді. Соғыс жылдарында Екібастұз кен орындары елеулі рөл атқарды. Ол Екібастұз қорғасын-мырыш зауытын, Ертістегі же- кеше кеме қатынасын, Оралдағы Боголовск және Қышым зауыт- тарын көмірмен жабдықтап отырды.


Өңдеуші өнеркәсіп соғыс мұқтаждығына ет-сүт өнімдерін, былғары тауарлар және басқа да тұтыну заттарын беріп отырды. Әсіресе былғары тауарларын өндіру өсті, бұл кезеңде өлкеде 139 былғары кәсіпорны жұмыс істеді. Олар негізінен Семей және Ақмола облыстарында орналасты және бүкіл ауыл шаруашылық өнімінің 64,3 % -ын өңдеді. Шынында, былғары, тері және ішек- қарын өндірісінің майдагерлік кәсіпорындары одан әрі ұқсату үшін Ресейдің ірі өнеркәсіп орталықтары – Пермь, Вятка, Рига қалаларына өнім жеткізіп берді. Соғыс жылдарында интендант- тық армия тарапынан былғары аяқ киімге және тері тондарға сұраным ерекше өсті. Соғыс жылдарында жүн өніміне сұраным ұлғайып, өлкеде шұға өндіретін тұңғыш Қарғалы фабрикасы әскери тапсырыс орындап, шинельге арнап, шұға дайындай бас- тады. Петропавлда ет-консерві комбинаты, Оралда мал соятын арнайы орын ашылды. Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылар- дың, қалалардағы еңбекшілердің жағдайы күрт нашарлады. Кәсіпорындарда жас балалардың, жасөспірімдердің, әйелдер мен соғыс тұтқындарының еңбегі кеңінен қолданылды. Жұмысшылар тәулігіне 10-12 сағат, ал кейде 16 сағаттан жұмыс істеді. Жұмыс- шылардың нақты жалақысы үнемі төмендей берді.
Шаруалар көтерілісі Қазақстанның солтүстік аудандарын да қамтыды. Мәселен, 1916 жылы 21 наурызда Торғай облысы Ақтөбе уезінің Ақбұлақ селосында 30 адам болатын солдат әйел- дерінің тобыры көпестер – Незвановтың, Пряткиннің дүкендерін қиратады.
1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматта- рын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Іс жүзінде тізімдер жасауда пара беру мен бұрмалаушы-
188
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■

лықтар болды. Патшалық өкімет орындары лауазымды адамдар- ды, болыстарды, село және ауыл басқарушыларын, байырғы тұр- ғындардан шыққан төменгі шенді полицейлерді, имамдарды, молдалар мен мүдәристерді, ұсақ кредит мекемелеріндегі есеп- шілер мен бухгалтерлерді, жоғары және орта оқу орындарындағы оқушыларды, үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян жә- не құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдарды әскерге алудан босатты.


Қазақстанның әр түрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәм- бетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар, т.б.), Торғайда (басшылары – Әбдіғап- пар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және бас- қалар) оның ірі ошақтары пайда болды.
Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде – стихиялық нара- зылық көріністері, 2) тамыз – оның қарулы көтеріліске ұласуы,
3) қыркүйек-қазан – көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңі- ліс табуы деген кезеңге бөлуге болады.
М. Тынышбаевтың мәліметі бойынша, 25 маусымдағы патша жарлығы Жетісу қалаларында 8 шілдеде белгілі болған. Облыс- тың жекеленген уездерінде жұмысшыларды шақыру туралы телеграммалар одан бұрын, 2 және 3 шілдеде келіп түскен. Шілде айының бас кезінде-ақ толқулар Верный уезінің батыс және оң- түстік бөліктерін қамтып, оларда көтерілісшілерге Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Аққоз Қосанұлы және басқалар басшы- лық етті. Соғыс ошағы ұлғайып, халық наразылығы үдеп кетуіне орай, патша үкіметі ендігі тұста көтеріліс қимылдарын басу үшін іс-шаралар қолдануды ұйғарды. Нәтижесінде 17 шілдеде Жеті- суда және Түркістан өлкесінде соғыс жағдайы жарияланып, пат- ша үкіметі мұнда ірі әскери күштер алып келді. Жетісу облысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараның таулы алабында, Самсы, Қастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш, Құрам елді мекендері аудандарында, Лепсі уезінің Садыр-Матай болысында және басқа жерлерде патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстар болады.
189

  • Қазақстан тарихы

Осындай жағдайда Верный уезінде Б. Әшекеев Жетісудың бытыраңқы көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар қол- данып, 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде әр түрлі бо- лыстар өкілдерінің съезін шақырады. Съезде тыл жұмыстарына адамдар алу туралы жарлық шығарған үкімет орындарына қару- лы қарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім шығар- ды. Өз жақтастарымен Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайына ор- нығып алған Б. Әшекеев қарулы қарсылыққа дайындала бастады. Алайда бұл әрекеттер айтарлықтай жетістік бермей Б. Әшекеев басшылығымен орын алған Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс басылып-жаншылады. 7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери гарнизонының соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Б. Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға асу туралы үкім шығар- ды. Соттың үкімін облыстың әскери губернаторы Фольбаум нақ сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, яғни 1916 жылғы 9 қыр- күйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде орында- лады.


Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917 жылдың 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді. Жетісудың байырғы тұрғын- дарының төрттен бірі Қытайға қашуға мәжбүр болды.
Дәл осындай көтерілістің ірі ошақтарының бірі – Торғай өңірі болды. Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетеді. Бұл кезде Торғай уезі негізінен қыпшақ және арғын рулары шоғырланған 13 болыстан тұратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген Қайдауыл, Аққұм, Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа болыстарын, сондай-ақ негізінен арғындар мекендеген Тосын, Майқарау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым бо- лыстарын қамтыды. Көтерілістің етек жаюы барысында Әбдіғап- пар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы етіп жария- ланса, Шолақ Оспанов арғын көтерілісшілерінің ханы болып сай- ланады. Кейіннен 1916 жылы 21 қарашада 13 болыс (6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) өкілдерінің құрыл- тайында халық арасындағы атақты Нияз бидің ұрпағы Әбдіғап- пар Жанбосынов көтеріліске шыққан Торғай уезінің ханы болып сайланады. Құрылтайға қатысушылардың келісімімен Кенесары
190

  1. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■

Қасымовтың серігі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерілісшілердің сардарбегі болып тағайындалады. Әр- бір қолды басқаруға тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңба- сы тағайындалды. Сардарбек жанында әскери кеңес жұмыс іс- теді.


22 қазанда А. Иманов бастаған 15 мың қол Торғай қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылып, қоршау кезін- де генерал-лейтенант А. Лаврентьевтің жазалаушы корпусы қала- ға қарай үш бағытта бет алды. 16 қарашада А. Иманов бастаған 12 мың адамға жуық сарбаз Түнқойма пошта станциясына ша- буыл жасайды. Көтерілістің негізгі көпшілігі адам күшін сақтау үшін қарашаның екінші жартысында Торғайдан 150 шақырым жерге жетіп, Батпаққара ауданына шоғырланады. Осы жерден 1916 жылғы қарашаның екінші жартысынан 1917 жылғы ақпан- ның ортасына дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жор- туылдар жасалады. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте шайқастар бол- ды. Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысына, яғни ақпан революциясына дейін созылды.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Торғай- дан өзге барлық аймақтарда қатаң басып-жаншылды. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 атты әскер жүз- дігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады, ал Торғай көтерілісшілеріне қарсы патшалық өкімет орындары 17 атқыш- тар ротасын, 18 казак жүздігін, 4 атты әскер эскадронын, 18 зең- бірек, 10 пулемет және басқаларды әкелді.
Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығы мен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ: ауылдың феодал- дық-байшыл билеуші тобы мен жергілікті әкімшіліктің белгілі бөлегі патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды; қазақ интеллигенциясының радикал- ды батыл іс-қимылға бейім өкілдері (мысалы, Т. Бокин, Ж. Нияз- беков, Т. Рысқұлов, Ә. Жангелин, С. Меңдешев, Б. Алманов, Ә. Жүнісов, т.б.) халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өз- дері де қатысты.

191
■ Қазақстан тарихы


Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов сияқты либерал-демократиялық зия- лылар өкілдерінің жетекшілері халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, оны орындамаған жағдайда қазақтар қантөгіске ұшырауы мүмкін деп санады. Осынау алмағайып ке- зеңде «Алаш» қайраткерлері халықты жаңа аласапыраннан қор- ғаштап, қайткен күнде оны аман сақтауға тырысты. Сондықтан да олар қарулы көтеріліске қарсы болып, қазақтарды патша жар- лығын орындауға шақырды. Біріншіден, олар Ресейге төнген сыртқы қатердің бодан болып отырған қазақтарға да толық қа- тысы бар деп санады. Бұдан сырт қалуға болмайды, – деп есеп- теді. Екіншіден, іс жүзінде қарусыз қазақтардың тұрақты орыс армиясына қарсы бас көтеруін болдырмауға талпынды. Қарусыз халық өкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады деп қа- уіптенді. Үшіншіден, соғыс Ресей үшін жеңіспен біткен жағдайда қазақтардың хал-күйі жеңілдеп, ұлттық автономия құрылаты- нына үміт артты.


Жеке-жеке бұрқ еткен толқулар көп ұзамай қарудың күшімен жанышталып, жұмысшыларды реквизициялаумен майданға жө- нелту басталды. Зиялылар (көпшілік бөлігі мұғалімдер) бұған үн қосты және көп кешікпей Минскіде земство одағының жанынан бұратаналар бөлімі құрылды.
Қазақ зиялылары майдан тылында еңбек еткен қазақ жігіт- терінің сөзін сөйлеп, мұңын жоқтады. Ә. Бөкейханов, М. Дулатов т.б. бастаған қазақ зиялылары Минскіде, тағы басқа тыл жұмы- сына шақырылғандар көптеп шоғырланған қалалар мен елді ме- кендерде болып, оларға қолдан келген көмектерінің бәрін көр- сетті.
1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі өлкенің бірқа- тар аудандарында (негізінен, Қазақстанның оңтүстігінде және оң- түстік-шығысында) оған қазақтармен қатар қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің де қатысуы болды.
Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси және әлеу- меттік-экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне се- бепші болды.

192
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет