«Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар. Оған озық өнер мен технология үлгілерін – аң стилінде жасалған бұйымдарды, «Алтын адамның» жарақтарын, жылқыны қолға үйрету, металлургияны дамыту,
399
■ Қазақстан тарихы
қару-жарақ, сауыт-сайман дайындау үдерісін көрсететін заттар- ды және басқа да жәдігерлерді жинақтауға болады. Онда Қазақ- стан жерінен табылған құнды археологиялық ескерткіштер мен археологиялық кешендердің экспозициялары қойылады. Бұл зат- тар тарихи дәуірлердің қандай да бір кезеңіндегі әртүрлі шаруа- шылық салаларының даму үдерісін көрсетеді.
Сонымен қатар «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты жал- пыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құрып, соның не- гізінде Астанада және Қазақстанның өзге де өңірлерінде ежелгі сақтар, ғұндар, ұлы түркі қағандарының дәуірі және басқа да тақырыптар бойынша фестивальдар өткізуге болады. Бұған қы- зығушылық білдірген адамдарды тарта отырып, осы тақырыптар аясындағы жұмыстарды бір мезгілде жүргізуге болады.
Ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын – үйлері мен көшелерін, қоғамдық орындарын, су құбырларын, қала қама- лының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына келтіретін туристік жоба да қызықты болмақ.
Осының негізінде білімді дәріптеуге және туризмді дамытуға баса мән берілуі қажет.
Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы
Бұл жоба аясында бізге «Дала фольклорының антология- сын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мың- жылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ерте- гілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады. Сонымен қатар қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсыр-
най және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет.
Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін көшпелілердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ оның өзектілігін арттыра алатын отандық және шетел- дік кәсіби мамандарды тарту маңызды.
400
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■
Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шегара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дә- ріптеуге тиіспіз.
Ауызша және музыкалық дәстүрді жаңғырту қазіргі заманғы аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта болуы керек.
Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мәтіндерді суреттерімен қоса беруге, айқын видеоматериалдар формасында ұсынуға бола- ды. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұсқалары арқылы да шы- ғарылады.
Сонымен қатар фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіз- дерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдер- ге бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |