Бегалиева А.Қ



бет86/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бақылау тапсырмалары:

  1. Ұлы Даланың жеті қырына не жатады, сипаттап көрсетіңіз.

  2. Елбасы қазақтардың атқа міну мәдениетін қалай сипаттағанын, қазақ- тарда жылқы өсіру қандай дәрежеде болғанын көрсетіңіз.

  3. Ұлы Жібек жолының қазіргі кездегі маңызын талдаңыз.

  4. «Архив – 2025» бағдарламасының маңызын, оның мазмұнын Елбасы қалай сипаттағанын анықтаңыз.

402


Қорытынды ■



Жазба және археологиялық деректер б.з.б. VІІІ-VІІ ғ. Қазақ- стан мен Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өрке- ниеті – Ассириямен және Мидиямен, ал б.з.б. VІ ғасырдың орта- сында Ахеменидтер мемлекеті құрылған уақыттан бастап Пер- сиямен байланысты болғанын көрсетеді. Сақтар сол кездегі көп- теген тарихи оқиғаларға қатысқандығы туралы деректер дәлел- дегені белгілі. Одан кейінгі кездері қағанаттар тарихы, Ордалар тарихы, Қазақ хандығының құрылуы, КСРО құрамындағы Қазақ- стан, Тәуелсіздікке ие болу тарихы қазақ мемлекеттілігінің эво- люциясы мен тәжірибесін көрсетеді.
Қазір Тәуелсіз қазақ елінің тарихы жасалды. Бірақ оны қазақ елінің көшбасшысы бола алған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- тың 1991 жылы бүкіл халықтық сайлаудан кейін қолға алған басшылық қызметінсіз көзге елестету мүмкін де емес. Тәуелсіз- діктің алғашқы жылдарындағы елбасы белгілеген және батыл жүргізген бағыт өзін-өзі ақтады және алдағы уақытта да өміршең болатындығын дәлелдеп отыр.
Қазақстан сыртқы саясатының тағы бір маңызды векторы ретінде ТМД кеңістігіндегі интеграция мәселесін алуға болады. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев алғаш рет 1994 жылы нау- рызда Мәскеу мемлекеттiк университетi қабырғасында Еуразия одағын құру туралы бастамасын көтерген болатын. Еуразиялық бастаманың нақты жүзеге асуының мысалы ретінде бірнеше мемлекетаралық құрылымдардың жұмыс істеуін, оның ішінде ЕурАзЭҚ және соның негізінде құрылған Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Кедендік одағын атауға болады.
Қазақстанның көрші мемлекеттермен шегарасының жалпы ұзындығы 15 мыңға жуық шақырымды құрайды. Соның ішінде Қазақстанның Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шегарасы
– шамамен 1050 шақырым, Ресей Федерациясымен – 7,5 мыңнан
403
■ Қазақстан тарихы

астам шақырым, Түрікменстанмен – 400 шақырым, Өзбекстан- мен – 1660 шақырым. Ресеймен шегараны делимитациялау мә- селесі 1998 жылғы 6 шілдеде екі ел басшыларының бірлескен мә- лімдемесінен және сол жылғы 12 желтоқсандағы мемлекеттік шегараны делимитациялау жөніндегі хаттамадан басталды. Алты жыл аралығындағы құжаттарды әзірлеумен тыңғылықты айна- лысқан сарапшылар шегаралық сызықтың барлық нүктелері бойын- ша ортақ келісімге келді. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Президенті В. Путин 2005 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан- Ресей мемлекеттік шегарасы туралы шартқа қол қойды. Шын мәнінде, тарихи деп бағалауға болатын осы құжат бойынша екі ел үшін де айрықша маңызы бар шегара мәселесі халықаралық нормаларға сәйкес шешімін тапты. Әлемдегі жерүстілік ең ұзын саналатын, жалпы аралығы 7591 шақырымды құрайтын бұл шегара сызықтары белгіленіп және мойындалып, екі мемлекет арасындағы мызғымас достықтың сенімді кепілі ретінде баға- ланды.

404

Библиографиялық тізім ■




Негізгі:



  1. Артыкбаев Ж.О. История Казахстана: учебник для студентов вузов.

– Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 312 с.

  1. Артықбаев Ж.О., Пірманов Ә. Қазақстан тарихы. Ғылыми-танымдық басылым. – Алматы: Атамұра, 2014. – 340 б.

  2. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Ал- маты: Раритет, 2010. – 448 б.

  3. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. В 4-х томах. Т. 1-3. – Алматы, 1996-2000. – 300 с.

  4. История Казахстана и Центральной Азии. Учебное пособие. – Алматы: Білім, 2001. – 620 с.

  5. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Жоғары оқу орнына ар- налған оқулық. – Алматы: Алматыкітап, 2007. – 264 б.

  6. Кузембайулы А., Абиль Е. История Казахстана. – Астана: Фолиант, 2004. – 365 с.

  7. Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы. Редакциясын басқарған тарих ғы- лымдарының докторы, профессор Қ.С. Қаражан. – Алматы: Қазақ уни- верситеті, 2008. – 216 б.

  8. Қазақстан тарихы. Бес томдық. – Т. 3. – Алматы: Атамұра, 2002. – 768 б.

  9. Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы. – Астана, 2014. – 336 б.

  10. Қуандық Е. Қазақ елінің тарихы: оқу құралы. – Алматы: Дәуір, 2013.

– 592 б.

  1. Сабырұлы С. Қазақстан тарихы. – Алматы: Жеті Жарғы, 2012. – 248 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет