Бегалиева А.Қ



бет83/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Ұлы даланың ұлы есімдері


Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлға- ландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады.


Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескен- дір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашинг- тон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекет- терінің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол ел- дердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр.
Ұлы дала әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз- Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді.
Сондықтан біз, біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерт- кіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу- ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек.
Екіншіден, мақсатты мемлекеттік тапсырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұл- ғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет.
Сондай-ақ бұл жерде классикалық қалыптан тыс, баламалы жастар өнерінің креативті әлеуетін де пайдаланудың мәні зор. Осыған орай, бұл іске тек отандық қана емес, сонымен бірге шетелдік шеберлер мен шығармашылық ұжымдарды да тартқан жөн.
398
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■

Үшіншіден, еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен қамти оты- рып, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік сериялар- ды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру қажет.


Бұл бағытта қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік ма- мандар да тартылатын халықаралық көпбейінді ұжым құруға бо- лады. Нәтижесінде, біздің қаһармандарымыздың өмірі мен қыз- меті жөнінде тек еліміздегілер ғана емес, сондай-ақ шет елдегілер де білетін болады.


  1. Түркі әлемінің генезисі


Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңы- рағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңір- лердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты.


Осыған байланысты «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазір- гі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет. Бұл жоба аясында 2019 жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресін және әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру керек. Сондай-ақ Уикипедияның үлгісінде Қазақ- станның модераторлығымен Түркі халықтарына ортақ туынды- лардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашу да маңызды.
Сонымен қатар жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажет.
Қазақстанның ежелгі астанасы халқымыздың рухани орта- лығы ғана емес, сондай-ақ бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын бо- лып саналады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет