Миссия – лат.тапсырма.
Монархия – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, патша, император, король, сұлтан, шах және т.б. деп атауы мүмкін. Монархия өз кезе- гінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді.
Мораторий – тоқтам салу. Мысалы, өлім жазасына тоқтам салу.
Нарықтықэкономика – тауар айырбасы сферасы. Ол қажеттіліктен бақы- ланады және мұнда еркін баға үстемдік етеді.
Неке – тарихи кезеңдерге сай қалыптасқан, қоғамға негізделетін және реттейтін, ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтары мен міндеттерін белгі- лейтін рәсім. Ер азамат пен бойжеткен, ер мен әйел арасындағы жұбайлық өмір. Объект – субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті бағытталған зат.
Саясаттанудың объектісіне саясат әлемі жатады.
Отар – лат. 1) басқа мемлекеттің зорлығымен саяси және экономикалық Тәуелсіздігінен айырылған ел немесе аймақ; 2) бұрын адам болмаған жерде құрылған аймақ.
Отбасы – бала тәрбиелеуді қамтамасыз ететін және басқа да қоғамдық мәні бар қажеттіліктерді қанағаттандырып отыратын адамдардың некелік және туыстық қатынастары арқылы байланысатын тобы.
Өркениет – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиын- тығы. Қазақ өркениеті ұғымы ежелгі өркениеттерден бастау алып, далалық түрі империялық қазақ хандығы тұсында қалыптасқан.
Палеография– жазу-сызу, жазбалар, хат-хабар арқылы байланысты зерт- тейтін ғылым.
Парадигма – жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.
Партия – ойлау жүйелері бір мақсатқа біріккен қоғамның өкілдік тобы.
Патриотизм – адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім, оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс.
Популизм – саясаткердің немесе қоғамдық институттардың саяси қызмет атқару тәсілі. Олар мынадай ерекшеліктермен сипатталады: көпшіліктің тап қа- зіргі қарапайым талаптарын желеу етіп, құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап, жағымпаздану, тобыр тіліндегі сөздерді, тіркестерді қолдану асыра уәде беру, халықтың сауаты аз бөлігіне шағыну және т.с.с.