Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек


ДӘРКЕНБАЕВ ӨМІРӘЛІ – ЕҢБЕК ЕРІ (875-1963)



бет151/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   333
ДӘРКЕНБАЕВ ӨМІРӘЛІ – ЕҢБЕК ЕРІ (875-1963)

1875жылы Нарынқол ауданындағы Сүмбе қыстағынды дүниеге келген. Ата - анасы көп балалы жанұя болғандықтан 13-15жасына дейін қой бағып, он алты жасқа 1315келген соң жылқы бағуға шыққан. Сол кезңде бір атадан тараған туыстарының жылқысын бағып, Бейнеті мол еңбекті арқалады. Бұғанасы қатпай жатып желдің өтінде, күннің суығына, жаңбырдың астында жылқы бағудың қиындығын қайыспай көтерді.


Революция орнағаннан кейін алғашқы колхоздастыру жұмысы жүргізіліп жатқан тұста мүше болып кірді. Өзі бала кезінен, боз бала шағынан үйреніскен жұмысына қайта оралды. Колхоз ұйымдастырылған кезде Өмірәлі Дәркенбаев 55жаста еді. Жасының ұлғайғанына қарамастан жылқышы болуды қалап алды. Алғаш колхозда 16 жылқы болса, бірнеше жыл өткен соң киелі малдың саны көбейе берді. Ұлы Отан соғысы басталған шақта да қарт жылқышы ерінбек еңбектеніп, аянбай жұмыс жасады. Соғыс кезінде майданға аттанған ұлы ерлікпен қаза болды. Бәрін көтере білгенқарт жанкештілікпен еңбектене берді. Колхоздың 500 жылқысын жалғыз бақты. Бұл да, нағыз ерлік еңбек еді. Өмірәлідей қарт еңбеккер есімі көпке мәлім болды. 1947 жылы оған 55 бие бекітіліп берілгенді.Жазда оның бәрі құлындады. Өмірәлі ақсақал оның бәрін аман - есен, өсіріп қатарға қосты. Мұның бәріне оның еңбек - сүйгіштігі, жылқы бағуда тәжірибесі көмектесті. Бұл Ө.Дәркенбаевтың артель шаруашылығын дамытуға қосқан үлкен үлесі еді. Жылқы өсірудегі осындай ерен еңбегі үшін 1948 жылы майталман қартқа, қажырлы еңбеккерге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Қазір Сүмбе ауылында Еңбек Ерінің атында көше бар. Елге сыйлы қарт 1963 жылы дүниеден өтті. Артында ұрпағы қалды.
БАЙШЫҒАНҰЛЫ КӨДЕК – АҚЫН

(1988-1934 жж)
Өмірінің соңғы жылдары Шығыс Түркстан қазақтары арасында өткен, Совет өкіметінің ауыл шаруашылығын зорлап ұжымдастыруы мен ірі байларды тап ретінде жоюының зардабынан шет елге (Қытайға) ауған талантты, сыншыл ақындарының бірі - Көдек Байшығанұлы.
Құйма құлақ қарттар ауызынан жинаған деректерді тиянақтай талдай келгенде, Көдек Байшығанұл 1988 жылы қазіргі Алматы облысының Райымбек аудынында, Шалкөде жайлауында кедей шаруа Байшығанның семьясында дүниеге келген. Көдектің азан шақырып қойған аты - Әбдірақын. Көдек деген ат оған кейін қойылыпты. Өйткені, ол жас кезінде шешесі өліп жетім қалады да, көбіне әке тәрбиесінде өседі. Қаршадайынан жетімек болып қалған ұлы әкесі бір жағынан мүсіркеп, бір жағынан еркелетіп «Көдегім» деп жүріп, елге осы лақап аты жайылған.
Көдей ұлы жүз тайпасының Албан тармағының ішінде Айт руыннан шыққан, Айт руының ішіндегі елі - Сүйіндік.
Көдек шыққан Сүйіндік руында ойға тапқыр, сөзге шешен қалжыңшы, мысқылшы адамдар көп болған.
Көдек алғаш ауылда оқып, арбша хат таниды. Онан соң ақындық қабілеті ерте байқалған ол ауыл арасындағы айтыстарға қатысады. Сол кездегі салт бойынша дүниеден қайтқан атақты адамдарға жоқтау (дауыс) өлең шығарады.
Солардың бірі 1918жылы ақпатшаның Қытайға қашып бара жатқан әскерлері үш ұлымен өлтіріп кеткен Диханбай деген кісіге шығарған жоқтауын оқып отырғанда, Көдектің көз қарасындағы екі тенденция: бірінші, дүние жалған, ол аз күндік алданыш сондықтан тағдырға көну керек деген фанатиктік сарын; екінші, патша саясатына оның жендеттерінің жауыздығына бейбіт елді қырғынға ұшыратуына қарсы ашу, ыза, наразылық сарын байқалады.
Шалкөде мен Қарқара Жайлаған Албан көп едің. Патшадан бұйрық боп, Бала сұрап кеп едің. Жәмеңке, Ұзақ, Бегдайыр, Қарақол барып қырылдың. Әбдіқалық, Серікбай Орыстың көрдің құрығын. Аты шыққан Албанға, Мергенбай екен мығымың... Сексен бес орыс келіпті, Қаладан шыққан шабуға.

Атса мылтық өтпеген, Шапса қылыш батпаған. Ақ сауыттың бауы екен. Атасынан бері қарай, Қарадан туған хан екен. Бір құртады әуелі, Қолыңнан алып пұлыңды. Екі сөзге келтірмей, Бітірген оқ па құныңды! Сәрсенбі күні жайғады, Батырдан туған ұлыңды,


-дейді. Бұл тарихи шындыққа толық сай келеді.


Көдек 1920 жылдары Қызыл Армия қатарына алынып, Оңтүстікте басмашыларға қарсы күреске қатысады. 1920 жылдардың ортасында ауылда болады. Бұл кезде шығарған өлеңдері көп сақталмаған. Тек
«Көдектің қайнына барғанда айтқаны» деген өлеңі бар.

Ерке боп сай баласы тез өседі, Толықсып әке–шеше ортасында. Ересек байдың қызын әперем деп, Біреуге бұрын құда болмасын да ... Кейінгі жас өспірім азаматтар,


Сөзімнің түсер жерін болжасын да-дейді.

Көдек ақынның 1930 жылдарға дейін шығарған өлеңдерінен әзірше бізге белгілісі –осылар.


Көдек Байшығанұлының сыншылдық талантының шарықтап кең қанат қаққан кезі - 1932жылдан кейінгі кезең. Өйткені, Совет өкіметінің мәнін терең түсіне алмасан да, бір сыпыра жыл совет тәрбиесін көрген Көдек Шығыс Түркстанға өтіп барғасын, ондағы шындық ойлағанындай болмағанын көреді. Қытай қашып барған ел, кемсітіліп «қашқын» аталады. Оларды жол бойы Қалмақ феодалдарының қолшоқпары талап алса, қазақ ішіне барған соң атқамінер-ақалақшы, зәңгілер бүтін киім, тәуір аты болса, алдымен қолқа салып, сұрап алады. Оған қимаса, қарақшылары ұрлап алады, тіпті болмаса сабап тартып алады. Бұл туралы Көдек «мұртқа өкпелеп жүргенде, сақал шықты», «ұрлап алған ізетке жатады екен, кеткендер көп емес пе сабап алып» деп дұрыс бейнелейді.
Көдектің 1932-1934 жылдары жазған өлең-толғаулары «Қытайдағы Албанның игі жақсыларын аралағанда айтқаны», «Сасанның ауылына

барғанда айтқаны», «Еліме хат», «Албан туралы толғау», «Таңжарық ақынға сәлем», «Әміреге», «Сыламқожаға» және «Мергенбай туралы толғау», «Албан көтерілісі туралы толғау» деген екі шағын дастан. Бұлардың барлығы қолжазба түрінде, кейбірі жаттап алғыш адамдардың ауызында сақталған.


Көдек 1932 жылдары туысқандарымен бірге Қытайға қашып өтіп, Шығыс Түркстанның Іле аймағына қарасты Текес ауданының Атты тауы деген жеріне орналасады. Бұл кезде онда Албаннан 1905-1916 жылдары және одан да бұрын орналасқан үш болыс ел бар екен. Райымбек батыр әулетінен екенін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет