Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек


НАЗАРҰЛЫ ҚОЖЕКЕ – ХАЛЫҚ КОМПОЗИТОРЫ



бет253/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   333
Байланысты:
албан шежіресі

НАЗАРҰЛЫ ҚОЖЕКЕ – ХАЛЫҚ КОМПОЗИТОРЫ

(шамамен 1823-1881жылдар)

Назарұлы Қожеке Жетісудың төрі болып есептелетін Қарқарада дүниеге келген. Шыққан тегі Ұлы Жүз ішіндегі Албан тайпасы. Албан ішіндегі Сары-Бозым-Құрбан болып өрбиді. Қожекенің әкесі Назар сөзге шешен, аузы дуалы, төңірегінде ықпалды адам болған. Қожекенің ел ісіне ерте араласуына әке тәрбиесі ықпал еткен. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Жетісуға тізе бастыра бастаған Ресейдің отаршыл саясатына бас имеген Қожеке 1862 жыл төрт жүздей үйді бастап, түрлі көшкен беті Текес өзенінің бойына келеді. Қожеке бастаған рулы елдің көшіп келуіне Қытай өкіметі де бейтара қарамаған. Алғашында Қожекеге шыншекпен беріп, өздеріне қолшоқпар етпекші болды. Бірақ Қожек сияқты біртуар тұлға халқының қамына қиянат болар іске қия баспайды. Ақыры айтқанына көндіре алмаған Қытай өкіметі Қожекені Күре түрмесінде көмір шоғына қаптап өлтіреді.


Қожеке өзі куә болған, өзін толғандырған өмір құблыстарының баршысын күй тіліне баяндап отырған. Уақыт құрдымына ұмыт болғанына қарамастан бүгінгі күнімізге Қожекенің жүзге тарта күйлері жеткен. Оның күйлері күні бүгінге дейін Жетісу, Алтай, Ертіс, Тарбағатай, Бұратала, Іле өңірлерінде таратылады.
Назарұлы Қожекенің күйлері: "Ағарсынның ақ толқыны", "Аққу", "Арман", "Баекенің естіртуі", "Балаларыма", "Балам-ау", "Боз жігіт", "Бөлтірік", "Біржан сал", "Жиренше", "Қарашаштың қазасын ескерту", "Жиреншенің Қарашашты жоқтауы", "Кертолғау", "Күй бастар", "Қос келіншек", "Мұңылық", "Өз қолым", "Тарпу", "Түрмедегі қинау", "Шалқайма" т.б.
САУРЫҚҰЛЫ ҰЗАҚ –ХАЛЫҚ БАТЫРЫ.

ҰЛТ АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІНІҢ БАСТАУШЫСЫНЫҢ КӨСЕМІ
(1851-1916жж 18.VIII)

Зираты Қырғыз мемлекеті, Қарақол қаласында.


Жаркент уезі Кеген елді мекеніндегі Ақшоқы ауылында туған. Тарихта жоңғар басқыншылығы жылдары Азаттық күресте ерлігімен белгілі болған Саурық батырдың баласы. Ол жайлы Ақпатша (Россия) губернаторы генерал А. Калпаковскиге жазған Ш.Уәлихановтың хатын оқыңыз (1953ж. "Қазақ көркем әдебиеті" баспасы 594 бет). Ұзақ батыр Жаркент уезі, Құрман болысында 1895жылға дейін болыс болған. Ол (1861ж) Патша кеңестік аз халықтың жерін иемденуге жүргізген саясатына қарсы күрескен. Олардың қарулы жандармы жасаған зорлыққа тойтарыс берген. 1893ж. Қарқара жәрмеңкесіндегі уезі жандармы жасаған өзіне пәре бермеген болыстың шұрайлы жерін зорлықпен алуына наразылығын шаршы топ халықтың алдында: "Ұлық пәреқор болса жағымпаз көбейеді. Ел бұзылады. Сен тәртіпке шақырғанда пәре алу үшін емес, міндетіңді атқару үшін шақырасың. Келген екенсің аяғыңды тура басып, асыңды іш те, абыройыңмен кет!" – депті.
Уезді жандармның бастығы: "Халық алдында беделімді түсірді" деп үш жылға жазалаған. 1898ж. Патшаның шекарада тұрған солдаттары, қазақ жігіттерін қорлап, қыз – келіншектерінің арына кір түсіргені үшін, Ұзақ патшадан әділдік іздеу босқа тер төгу екенін біліп, шекара солдаттарын 7-еуін ұстап ұлттық билердің шешімімен қатал жаза қолданған.
Оны губернаторлық сотқа өзі барып мәлімдеген. Верный губерниялық сот сол үшін 7 жылға бас бостандығынан айырған. Жазасын Алматыдағы түрмеде өтеген.
Мемлекеттік билікке сайлауына тиым салған. Бірақ жергілікті халық патша жарлығына келіспеген, Ұзақты қайта болыстыққа сайлаған. 1916жылы Николайдың қазақ жастарын (солдатқа емес) қара жұмыс істеуге алу туралы жарлық шығарғаны тарихтан белгілі.

Ұзақ батыр қазақ жерінде соған алғаш рет қарсылық білдіріп халыққа: "Бала өлгенше, шал өлсін!" деген ұран тастап саяси ереуілге көтерген. Бұл жайлы Әуезовтың "Қилы заман" (1958ж "Жазушы" баспасы) повесінде тамаша жазылған, оқыңыз. Осы әлемге әйгілі тамаша шығарманың бас кейіпкері Ұзақ батыр. Патшаның озбыр жандармы қарусыз халыққа оқ боратады. Аяғы азаттықтың қарулы күресіне айналады. Жазқысыз халық қаны төгіледі. Қарулы жандармдар көтеріліс көсемдері Ұзақ, Жәмеңке бастатқан 16адамды Қарақол түрмесіне қаматты. Содан кейін Ұзақ қазіргі Қырғыз мемлекеттік Қарақол қаласындағы түрмеде жандарм оғынан қаза болады. Сүйегін бермей сол Қарақол зиратына жерленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет