Демен немересі – Тәукебайұлы Өмірхан
1927 жылы Киікбай Қыстағы, Шелек ауданында туған. Он жылдықта Қырғыз ССР – нде аяқтап, 1935 жылы Қырғыз мұғалімдер институтын ойдағыдай 1940 жылы бітіріп, орта мектепке мұғалімдік қызмет атқарды.
Еңбек сүйгіш Өмірхан, балалар тәрбиесімен білім беруден жалықпай 40 жылдай мектепке мұғалімдік қызмет істеді. Қырғыз ССР – інің Жоғарғы Совет Президумының 1975 жылы қаулысымен – бала тәрбиесінде ұзақ жылдар еңбегін ескеріп, оның еңбегін бағалап Тәукебайұлы Өмірханға – Қырғыз ССР – нің еңбегі сіңген мұғалімі атағына ие болды.
Өмекең он бес баланың, сегіз қыз, жеті ұл өсіріп, немерелерін тәрбиелеп отырған үлгілі жанұя.
Боқбасарұлы Жамбол
1886 жылы Алматы облысы Шелек ауданы Тескенсу ауылының шаруа жанұясында дүниеге келген. 1973 жылы дүниеден қайтты. 1941
42 жылдары Ұлы Отан соғысында болды. Сол кезде ауыр жарақаттанып, соғысты аяғына дейін аяқтамай еліне оралды. Еліне оралғаннан кейін 1942 жылдан 1955 жылға дейін аға жылқышы, одан кейін Шелек ауданындағы "Төрткөл" колхозының тауарлы жылқы фермасында меңгеруші болып қызмет атқарды. Өзінің еңбексүйгіштігінің арқасында 1948 жылы 23 шілде айында ССР Жоғарғы Совет Президумының қауылысымен – Республикамызда жылқы өсіріп, одан мол өнім алғаны үшін Боқбасарұлы Жамбол атамызға – Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды. Туып өскен және туған ауылында бұл кісінің атында көше бар. Жамбол атаның үш ұл, бес қыз және немере – шөберелері қазіргі кезде Тескенсу ауылында тұрады.
Еспай немересі Сәкен Сыбанбайұлы
1952 жылы 15 – тамызда Қазақстан Республикасы Алматы облысы Райымбек ауданының Жалаңаш ауылында дүниеге келген.
Жалаңаш орта мектебін 1969 жылы бітіргеннен кейін колхозда, совхозда есепші, бухалтерлік жұмыстардан бастап, 1976 жылы Қазақстан Мемлекеттік Ауылшаруашылық Университетін бітіргеннен кейін, экономис ұйымдастырушы мамандығын алып, кіші және аға ғылыми қызметкер, Республикалық агро – өнеркәсіп кешенін басқару жоғарғы мектебінде – доцент және кафедра меңгерушісі болып қызмет жасады.
Содан кейін, 1999 – 96 жылдары Экономика Министрлігінде агро- өнеркәсіп кешенін басқару саясаты және тауар рыногының экономикасы деген басқармаларда бастық болды, ал жаңа қос Палаталы Парламенттің басынан бастап, Сенаттың ішінде Комитеттермен жұмыс істейтін бөлімінде – меңгерушісі болып күні бүгінге дейін жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар, 1983 жылы – экономика ғылымының кондидаты, ал 1993 жылы – экономика ғылымының докторы, профессор.
Достарыңызбен бөлісу: |