Үшпаев Кеңесбай – қоғам қайраткері
1940 жылдың шілде айының 2 жұлдызында Еңбекшіқазақ ауданының (бұрынғы Шелек ауданы) Асысаға ауылында өмірге келген. 1960 жылы Шелек қазақ орта мектебін үздік бітіріп Алматы медициналық институтың фармацептикалық факультетіне оқуға түседі. Ол оқу озаты болып және қоғамдық жұмыспенде араласады оны екінші курста институттың комсомол комитетінің секретары етіп сайланды.
Алматы медициналық институты бітірген соң Украина Республикасының Львов қаласына барып аспирантура түсіп 1968 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Сол жылдан бастап 1970 жылға дейін сол институтта аға оқытушы болып қызмет атқарды. 1970 жылы Алматыға келіп Алматы мединститутқа оқытушы, доцент соңынан кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1980 жылы осы институтта докторлық диссертация жұмысын бастап 1983 жылы Харьков қаласында докторлық диссертациясын абыроймен қорғап шықты. Сол жылы профессор деген атақ берілді. Осы алғы жылда Шымкенттегі Алматы мединститутының бөлімшесінде директор. Кейіннен Шымкент дәрі-дәрмек орталығы кейінде институт болып сол институтың директоры болып тағайындалды.
Кеңесбай Үшпаевтың басшылығымен 16 кандидаттық, 3 докторлық диссертация қорғалып, одан басқа 150 баспа табақ алты монография жарық көрді. Кеңесбай Үшпаевтың бастамасымен Шымкентте дәрі – дәрмек заводы іске қосылып жұмыс істеді. Кеңесбай өзінің жұмысқа деген адал ықыласының арқасында көп жылдар бойы Алматы мединститутының проректоры, оның денсаулық сақтау жолында еңбегін жоғары бағалап. 1990жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен, Әл – Фараби атындағы силықтың иегері, кәзіргі кезде Денсаулық сақтау, аурудың алдын алу академиясының академигі. 1990 жылы Қазақ ССР Жоғарғы депутатығына кандидат болып ұсынылды.
Кеңесбай Үшпаев 1983 жылы докторлық диссертацияны абыорймен қорғап шығып, Қазақстанда фармацевтика ғылымдарына бірінші докторы болып шықты.
Қолы ашық, аңқылдаған жомарт жігіт адамның көңілін қалдырмау үшін ол байлығында, басқасында айамайды. Өзі туған ауылға өз қаражатымен үлкен мешіт салып берді. Өзі оқыған мектепке қолынан келген көмегін аяған емес. Жетім – жесірлерге көмектесіп жүру оның бойына біткен қасиет.
Бүгінгі кезеңде профессор К. Үшпаев "Компания Фармация" АҚ президенті ретінде халқын медицина мекемелерін қажетті дәрі – дәрмектермен, жабдықтармен қамтамасыз ету жолында аянбай қызмет етіп жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |