ҚҰНДАҚБАЙҰЛЫ БЕК – ЕЛАҒАСЫ
1934ж. Алматы облысы Жалаңаш ауылында туған. 1959ж КПСС мүшесі. 1956ж. Қазақстан ауыл-шаруашылығ институтын бітіріп, орман шаруашылығы инженері деген мамандығын алған. (1959-1964) Нарынқол орман шаруашылығы басшысы болды. (1969-1977) Талдықорған обылсы орамн шаруашылығының бастығы. 1964ж. Алғабас совхозы Партия комитетінің хатшысы, жоғарғы партия мектебін (1969) бітірген. 1977-1993 жылдары Берлітөбе аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан орталық партия комитетінде қызмет атқарды. Қазақстан Жоғарғы Советінде жауапты қызметте болды. 1994 жылдан Республика дәрежесіндегі зейнеткер. Облыстық депутатқа бірнеше рет сайланды. Қазақ мемлекеті Бек Құндақбайұлының еңбегін жоғары бағалап, оны 2 рет Құрмет Белгісі
Ордені мен медальдармен марапатталды. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет Белгісі грамотасымен марапатталған.
ОБАЕВ ЕСМҰХАН НЕСІПБАЙҰЛЫ – ХАЛЫҚ ӘРТІСІ. ПРОФЕССОР
1941 жылы 26 мамырда Алматы облысы Кеген ауданы Шырғанақ ауылында туған.
1947-1957 жылдары Молотов атындағы Кеген қазақ орта мектебінде дәріс алған.
1959 - 1964жылдары Қазақтың Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Консерваториясының Театр факультетінің драма - режиссеры мамандығы бойынша үздік бітірген.
1964 - 1967 жылдары Қазақтың Мемлекеттік Әуезов атындағы Академиялық драма театрында қоюшы - режиссер болып қызмет атқарған. Бұл жылдары Әуезов театрында З.Әкішовтың "Жаяу Мұса", Т.Ахтановтың "Боран", Б.Майлиннің "Неке қияр", Ш.Хұсайыновтың "Сырымбет саласында" спектакльдерін табысты қойып, үздік талантты жас режиссер ретінде Москваның Жоғарғы режиссер курсына 2 жылдық білім көтеруде жіберілген. Москваның Мемлекеттік Академиялық көркем театрында режиссер - стажер болып қызмет атқарды (1968-1970) жылдары.
1974 жылы Қазақ ССР-ы Жоғарғы КЕңесінің Қаулысымен "Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген Өнер қайраткері" атағы берілді.
1970 жылдан бастап СССР театр қайраткерлер одағының президиум мүшесі.
Қазақстан театр қайраткерлері Одағының басқармасының президиум мүшесі.
1988 жылы Өнерді дамытудағы үлкен еңбегі үшін Қазақстанның халық артисі құрметті атағы берілген.
1976 жылдан 1991 жылға дейін Семей театрының Көркемдік жетекшісі.
1992-1995 жылдар аралығында Қазақтың мемлекеттік театр және Кино институтының Ректоры болып қызмет атқарды.
1994 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан мәдениет министрлігінің бірінші орынбасары, 1996 жылдан орынбасары болып қызмет атқарды.
1993ж. Профессор Құрметті атағы берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |