Бәйдібек Баба- алып



бет129/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   415
Байланысты:
Албан атамыздың шежіресі

ҮМБЕТ (ШАЖА)


(бірінші нұсқасы)

Албан тайпасының Шоған абыздан өсіп – өрбіген енші алған ағалы – інілі Мәмбет, Үмбеттен (Алжан, Шажадан) тараған қалың ел, берісі ұлы жүз – үйсінге, әрісі қазақ жұртына есімдері елге мәлім көсемдер мен шешендерді, батырлар мен ақындарды көп берген. Райымбек батыр атаның Албан тайпасына ұран болуы соның бір айқын дәлелі...


Аңыз төркінінде – ақиқат, шежіре астарында шындық жатады. Шажа атамыз туралы редакцияға екі түрлі қолжазба түсті. Алғашқы Алматы обылысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Сөгеті елді мекенінде тұратын Тәжіұлы Бәйтеке мен Әбдіқалиұлы Дәулетханнан алынды. Шежіренің бұл нұсқасын аттары аталған көнекөз қарт пен зерделі ағадан жазып алып, жинақтап, реттестіріп, бізге ұсынған жазушы – журналист Мәметұлы Сүлеймен мен журналист Мүптекеқызы Бағдат.
Шежіренің екінші нұсқасын Алматы обылысы, Ұйғыр ауданы, Кіші Дихан ауылынды тұратын қарт шежіреші, білгір қария, марқұм Шаншарбекұлы Жұмағұлдан алынды. Оны осы ауылда тұратын ұстаз – мұғалім Оспанбайұлы Жәкулин 1997 – жылы жазып алған.
Шежіре 1999 – жылы ауыл тұрғыны, ұстаз Атыбаев Дыбыр жинаған кейбір деректермен толықтырылған. Жинақтап, ұсынушы – Оспанбайұлы Жәкулин.
Шажа есіміне қатысты аңыз – аңгімелермен бірге жер атаулары да жиі ұшырысады. Қарағанды обылысы, Жаңарка ауданындағы “Шағажай өзені” мен “Шағажай күмбезі”, Жетісудың Талдықорған жағындағы “Шажа тауы” секілді атаулардың ел жадынан ошпей келе жатқанында көп мән бар... Жазушы Ақселеу Сейдімбековтың “Күмбір
- күмбездері” кітабындағы (“Жалын” баспасы, 1981жыл, 75бет ) Сәкен Сейфуллин туып өскен Ор, Аба тауларынан бастау алатын шағын ғана қызбұрым өзен “Шажағайдың” қалай аталғандығы


туралы арқа жұртының аузында жүрген аңыз төркінінде де біраз ақиқат жатқан секілді. Бұл аңыз Шажа атамыз хақындағы көне көз қариялардың сөз - “Бейіті арқа жерінде” дейтін ұзын құлақ әңгімесін растайтындай... Ел жады – ел тарихы. Тың деректердің шежіре тамырын бекіте түсері күмәнсіз.
Қысқасы, ақылдаса келе, редакцияға қатар түскен екі нұсқаны да қалың жұртшылық назарына қатар ұсынғанды жөн көрдік. Бірін – бірі қайталауыда мүмкін. Артық – кемі, жетпейтін тұсы болса, келесі басылымда бір ретке келтіруге сіздер тарапынан ұсыныс – тілектер болар деген ойдамыз. Шежіренің бұлар шашырауы елдің өсуінен де шығар. Сондай – ақ заманың аумалы – төкпелі әр – алуан мінезі мен сипаты да өз әсері мен ықпалын тигізгенін ұмытпауымыз керек. Тарихи санасы мен ұлттық танмы жаңа – жаңа өз арнасын тауып, егемендік тізгіні қолына енді – енді тие бастаған елдің өз еткенін іздеп, өз ата тегіне назар аударуының, өз өміріне өзгеше қарай бастағанының еш әбестігі жоқ. Бұл – ұлттың өзін – өзі танып – бағалауының игілікті нышандары.
Шежіре тарату, ылайым, тоз – тоз болып шашырауға емес, ұлтты ұлыс етіп ұйыстырар танымдық ынтымаққа, тарихи біліктілікке, рухани кәдеге, халықтық тұтастыққа қызмет етсін дейік.
Сонымен Шажаны тарататын екі шежіренің екеуін де (бірін-бірі толықтырып тұрған) оқырман назары толық, қатар ұсынып отырмыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет