Бәйдібек Баба- алып


Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ ғасырлардан жеткен ғажайып



бет54/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   415
Байланысты:
Албан атамыздың шежіресі

Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ ғасырлардан жеткен ғажайып


Адам баласында арман көп, соның бірі-әрине, деннің саулығы, осы себепті де ата - бабамыз "Денсаулық - зор байлық" деген гой. Иә, айтқандай - ақ айтқан емес пе?! "Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда" деп аз ғана ғұмырда алқып - шалқып, көзің қара, көкірегің сара болып жүргенге не жетсін, шіркін. Осы орайда бүкіл өмірін адам баласының денсаулығы үшін арнаған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы түседі есімізге. Ол кісі бұдан бес ғасыр бұрын ғұмыр кешіпті, қайда туды, не істеді, немен шұғылданды, оның бәрін аз ғана сөзбен айтып кетіпті ғұлама атамыз. Ол кісі: "Атым Өтейбойдақ, Тілеуқабыл ұлымын. Ататегім - Ұлы жүз, Зарман, Зарман ішінде Албан, мекенім Жетісу, ауылымда құрды- құрдас, таныс- білістерім аз емес. Жанында Жиренше шешен, Жәнібек ханның Қарашасымын, жылым Ит, сексен беске келдім. Бойым қзын, қара торы, қоңқақ мұрынды, кең иықты, қап сақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын" /"Жалын", 1996 ж. 14-б./, десе, бізге бәрі де түсінікті, туған жылы, туған жерін, ататегін, ішкі- сыртқы көрінісін- бәрін аз ғана сөзбен әдемі жеткізіпті.
Жиреншенің әз Жәнібек ханның шешені екені жайлы Өтейбойдақтың өзі айтады. Бәз тағы да шипагерге жүгінеміз: "былтыр Жиренше шешен сырқаттанып, шипа ем дарып сырқатынан дарымдап сауыққан соң, ой тапсырғы /көңіл бөлуге тиісті істер/айтып қайтқалы жатқанда, Жиренше шешеге әз Жәнібек хан тақай шақырғыш /ерекше шақырушы/ жасауылын жіберіп шақыртыпты". Жиренше: "Сен қайда бармақсың, бірге жүрейік, деп болмаған соң, мен оған ілесіп Ақордаға


бардым. Барсам, Жәнібек хан тағында уәзірлері ...екіге жарылып, ортасын бос тастап отырысыпты. Хан Жиреншеден: Бізде қара үзген шипагер бар ма?", - дейді. "Тақсыр...алдыңызда", - деп Жиренше ғалымды нұсқайды және біраз әңгімеден соң, назарын ғалымға аударған хан шипагерліктің өзекті мәселелері жөнінен, мәселен, сырқат қалай пайда болады, жазылмайтын қандай сырқат бар т.б. бір қанша сұраулар қояды. Жауапқа ханның қатты иланып, қол қойғаны сонша, ғалымның дәлелденген кейбір ғылыми анықтамаларын, мәселен, жеті атаға толмай қыз алысса, қандық уылмаға /қан уылу/ душарласып, ұрпақтың жарымжан, кемтар болып қалатынын сол кездің өзінде - ақ басшылыққа алып, табанда хатшыларын шақырып: "Күллі алаш ұранды бұқараларымның өздерінің және ұрпағының мінсіз болмағы шарты үшін...Жеті атаға толмай қыз алысқандар бүгіннен бастап болмауы шарт", деген жарлығын жаздырып, алтын мөрін басып, қолма - қол шабарман аттандырып, жарлықты атқаруға уәзір жарнаманы бұйырды". /Аталған кітап, 15-б/.
Иә, әз Жәнібектің елім дегенде етегі жасқа, көкірегі шерге толатын аса қасиетті жан болғандығы ескі құжаттар мен жырларда, жылнамаларда там - тұмдап болса да жазылған. Хан мен халық біртұтас егіз ұғым, ел жайын жан - жақты әрі терең ойлайтын әз Жәнібек қара үзген шипагерге табан астында тапсырма да беріпті.
"Үлгіңді титтей де қалдырмай, жасырып - жаппай, бүкпесіз, толық ашық жазып шық. Болғаннан соң ордаға келіп жеке өзіме оқып бер. Қазынада сақтармын. Қасырқағанда /қосқан есе/қарай сыйыңды алып, мәртебеңді иелейсің", депті. Дәл осы мезгілде Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының жасы жетпісте екен. Сол күннен бастап атақты "Шипагерлік баянды" жазуға отырады...
Ғылымның XV-ші ғасырда жазылған лсы қасиетті еңбегі талай- талай азапты да машақатты ауыр өткелдерден өтіп, Алланың қолдауымен мейірімді адал ұрпақтарының арқасында 1994 жылы "Шынжан ғылым
- техника, денсаулық сақтау" баспасынан жарық көреді. Енді бүгін қазақ халқының бағына бұл ғажайып ғылыми еңбек "Жалын" баспасынан жарық көріп отыр. Бұл кітаптың барлық қадір - қасиеті толық сипаттап, ғылыми жүйесін жан - жақты ашып беру мүмкін еместігін еңбекті жарыққа шығарушыдлар шырылдап айтыпты. Ол үшін ғылыми орта бірлесіп, кеңесіп, талдап, әр тармағын әр тарауын жеке- жеке қарап, ақылға салып таразылау керектігін де ескертіпті. Өйткені бұл тәуелсіздік алып отырған бүгінгі халқымыздың басына қонған бағы десек, артық айтқандық болмас.
Кітаптың авторы тоқсан бес жасапты, күндіз- түні осы жұмыспен


айналысыпты. Талай рет дәрілік шөптің дәмін татамын деп өліп тіріліпті. Өз жұмысына берілгені сонша, үйленбей, отбасының қызығын көрмей, "Өтейбойдақ" атаныпты. Бір қызығы, қазақ жерінің бәрін аралаған, тауын, тасын, өзен, көлін, құмын, шөл- шөлейтін түгел кезген, соның бәрін де ауруға ем, дертке шипа іздеген де тапқан. Шипагер халықтан тоқыған ұстассыз ұстаз. Сол себепті олардың айтқан - жазғандары шетінен даналық, басы артық сөз, шашау ой жоқ, айтайын дегенінің яғни шындықтың дәл төбесінен түсіп отырады". Бұл жағынан алып қарағанда, Өтекеңнің /ел - жұрты осылай атапты/ ұстазы халық болған, сол өзі өскен елден үйренген, тәлім- тәрбие алған, тәжірбие жинақтаған қалың жұрттың арқасында ұстаздық ұстаз атанған.
Өтейбойдақ жайлы аталған кітапта бәрі де жазылған, қай жылы туып, қай жылы дүниеден озғаны, немен шұғылданғаны, қандай емді ел арасына қолданғаны жайлы да мол дерек берілген. Тіпті, Өтекеңнің ғылыми мұрасын бағалай келіп: "Шынына келгенде, өз алдына толық медициналық ғылыми жүйесі, өз алдында ғылыми атауы, өз алдына бір төбе дәрі тану ғылымы бар. Қазақ шипагерлік білімінің" үш шың, алты белгісі"деп аталатын медицина салаларының баршасын қамтитын зор ғылыми еңбекті талдау арқылы түсіндіру мүмкін де емес. Мәселен, Қараүзген шипагер адамнан шығатын тердің өзін" тер асаңқы, тер жасаңғы, тер астарлы, тер жасқарлы, тер бастаңғы, тер саспалы, тер қышпалы, тер тастаңғы, тер майланғы", - деп тоғыз түрге бөлген екен. Мұндай дүниелер түсіндіруге қандай болсын. Тек әркімнің өзі "Шипагерлік баяннан" тікелей оқығанда немесе кәсіп етіп әмәлиатына асырғанда ғана ұғына алатын жұмыс", -/кітапта, 19-б/.
Жоғарыда біз" Шипагерлік баянның" соншама жылдан кейін елмен қауышқаны ғажайып құбылыс дедік. Бұл бір жағынан біздің халықтың ата мұраға деген көзқарасының әбден қалыптасып, оны сақтауға деген адалдығымен жауапкершігін де танытатын келелі іс.
Бұл кітаптың қадір-қасиетін бір мақалда жеткізу мүмкін емес. Тоқ етерін айтсақ, осы қастерлі еңбекті оқыған да арманда, оқымаған да арманда, қадірлі қауым, өз көздеріңізбек оқып, көңілге тоқығанға не жетсін.
"Жалын" баспасы басып шығарған бұл туынды әлі талай- талай ұрпақтың тамсанып оқып, таңырқанып зерттейтін а


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет