1920 ж. Қарқара ацданы Тоғызбұлақ ауылында туған. 1932 ж. Қытай Республикасы Құлжа қаласына қоныс аударады. Үрімші қаласындағы Педагогикалық институтын 1941 ж. бітіреді. Оқуды бітірген соң Синьцзян Ұйғыр автономиясы районында - Жазушы лар Одағының секретары. Мәдени министрі болып істеп жүріп, жазушылықпен айналысады. Оның туындылары - "Толқынды күш", "Құлжа"- атты кітабы. Б. Тышқанбаевтың кітабының желісінде Пекин Киностудиясы
- "Қасен - Жәмила" көркем суретті кинофильм қойылды.
1959 жылы өз елі Қазақстанға келген соң Бұхара Тышқанбаевтың бірнеше шығарма кітаптары - "Азамат", "Ару", "Махаббатнамысы" кітабы жарық көрді.
Ұйғыр жазушысы Зия Самедидің романы "Маймхан", "Попирос", "Тоқын" кітабын қазақ тіліне аударды, т.б. еңбектері бар. 197-9 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. Мүрдесі Кеңсай зиратында.
1947 ж. туған 1.08. Оңтүстік Қазақстан обл. Төле би ауданы /бұрынғы Ленгір ауданы/ Әйту би ауылында туған. Шымкент мемлекеттік баспаханасының бас директоры. Белгілі қаламгер. 1965 ж. "1 май" қазақ орта мектебін күміс медальмен бітірген.
1971 ж. Алматыдағы Әл - Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетің журналистика факультетіннен жоғары білімді журналистік мамандығын алған. Сол жылы "Оңтүстік Қазақстан" обл; газетінде әдеби қызыметкер, бөлім бастығы, жауапты секретарь, бас редактордың қызыметін атқарды. 1978 жылдан басиап Республика бойынша тұңғыш құрылған "Оңтүстік Қазақстан", "Южный Казахстан" газеттерінің баспасының директоры. 1989 ж. "Газет" баспасының директоры. 1993 жылдан "Полиграфия өндірісі" басқармасы Бас директорының орынбасары, 1994 жылдан Республикалық мемлекеттік Шымкент баспаханасының Бас директоры. Белгілі сыншы, қарымды қаламгердің очеріктері баспасөз бетінде үемі жарияланып тұрады. 2000 жылы белгілі Шәмші Қалдаяқовтың өміріне жазған "Қазақ вальсінің "атты деректі повесі жарық көрді. 1984 жылы филология ғалымының кондидаты деген ғылыми атаққа ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |