Албан тайпасының Шоған абыздан өсіп – өрбіген енші алған ағалы – інілі Мәмбет, Үмбеттен (Алжан, Шажадан) тараған қалың ел, берісі ұлы жүз – үйсінге, әрісі қазақ жұртына есімдері елге мәлім көсемдер мен шешендерді, батырлар мен ақындарды көп берген. Райымбек батыр атаның Албан тайпасына ұран болуы соның бір айқын дәлелі...
Аңыз төркінінде – ақиқат, шежіре астарында шындық жатады. Шажа атамыз туралы редакцияға екі түрлі қолжазба түсті. АлғашқыАлматыобылысы,Еңбекшіқазақауданы,Сөгетіелдімекеніндетұратын Тәжіұлы Бәйтеке мен Әбдіқалиұлы Дәулетханнаналынды. Шежіренің бұл нұсқасын аттары аталған көнекөз қарт пен зерделі ағадан жазып алып, жинақтап, реттестіріп, бізге ұсынған жазушы – журналист Мәметұлы Сүлеймен мен журналистМүптекеқызыБағдат. ШежіреніңекіншінұсқасынАлматыобылысы,Ұйғырауданы,Кіші–Диханауылындытұратынқартшежіреші,білгірқария,марқұмШаншарбекұлыЖұмағұлданалынды. Оны осы ауылда тұратын ұстаз – мұғалім ОспанбайұлыЖәкулин 1997 – жылы жазып алған.
Шежіре 1999 – жылы ауыл тұрғыны, ұстаз АтыбаевДыбыр жинаған кейбір деректермен толықтырылған. Жинақтап, ұсынушы – ОспанбайұлыЖәкулин. Шажа есіміне қатысты аңыз – аңгімелермен бірге жер атаулары да жиі ұшырысады. Қарағанды обылысы, Жаңарка ауданындағы “Шағажайөзені”мен“Шағажайкүмбезі”, Жетісудың Талдықорған жағындағы “Шажатауы” секілді атаулардың ел жадынан ошпей келе жатқанында көп мән бар... Жазушы Ақселеу Сейдімбековтың “Күмбір
- күмбездері” кітабындағы (“Жалын” баспасы, 1981жыл, 75бет ) Сәкен Сейфуллин туып өскен Ор, Аба тауларынан бастау алатын шағын ғана қызбұрым өзен “Шажағайдың” қалай аталғандығы
туралы арқа жұртының аузында жүрген аңыз төркінінде де біраз ақиқат жатқан секілді. Бұл аңыз Шажа атамыз хақындағы көне көз қариялардың сөз - “Бейіті арқа жерінде” дейтін ұзын құлақ әңгімесін растайтындай... Ел жады – ел тарихы. Тың деректердің шежіре тамырын бекіте түсері күмәнсіз.
Қысқасы, ақылдаса келе, редакцияға қатар түскен екі нұсқаны да қалың жұртшылық назарына қатар ұсынғанды жөн көрдік. Бірін – бірі қайталауыда мүмкін. Артық – кемі, жетпейтін тұсы болса, келесі басылымда бір ретке келтіруге сіздер тарапынан ұсыныс – тілектер болар деген ойдамыз. Шежіренің бұлар шашырауы елдің өсуінен де шығар. Сондай – ақ заманың аумалы – төкпелі әр – алуан мінезі мен сипаты да өз әсері мен ықпалын тигізгенін ұмытпауымыз керек. Тарихи санасы мен ұлттық танмы жаңа – жаңа өз арнасын тауып, егемендік тізгіні қолына енді – енді тие бастаған елдің өз еткенін іздеп, өз ата тегіне назар аударуының, өз өміріне өзгеше қарай бастағанының еш әбестігі жоқ. Бұл – ұлттың өзін – өзі танып – бағалауының игілікті нышандары.
Шежіре тарату, ылайым, тоз – тоз болып шашырауға емес, ұлтты ұлыс етіп ұйыстырар танымдық ынтымаққа, тарихи біліктілікке, рухани кәдеге, халықтық тұтастыққа қызмет етсін дейік.
Сонымен Шажаны тарататын екі шежіренің екеуін де (бірін-бірі толықтырып тұрған) оқырман назары толық, қатар ұсынып отырмыз.