Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі


АЛПАРҰЛЫ САУРЫҚ – ХАЛЫҚ БАТЫРЫ



Pdf көрінісі
бет74/77
Дата06.03.2017
өлшемі3,21 Mb.
#8452
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77

АЛПАРҰЛЫ САУРЫҚ – ХАЛЫҚ БАТЫРЫ 

(шамамен 1820 жылы туып 1888жылы қайтыс болған)

Саурық батыр Жетісу өлкесі, Жаркент аймағы, Кеген елді мекеніндегі 

Ақшоқы қонысында туған. Жоңғар қалмақтарынан туған жерін, ата 

қонысын азат ету кезінде ел бастаған, ерлігімен көзге түскен. 

Саурық   өз   заманының   ірі   тұлғалы   ұлы.   Айт   руы.   Сады   әулетінің 

батыры     -     Жетен,   Қожбанбет   руы,   Ағымсары   әулетінің   даңқты 

батыры – Оразбақ, Қыстық руы, Аққыстық әулетінің батыры – Малай, 

Әлмерек тегі,  Жәнібек руының батырлары – Пұсырман, Қоңырбөрік 

– Құрақұлы Құмай, Суан – Ұзақ, Сатай, Жүзен т.б. батырларымен тізе 

қоса отырып ерлік көрсеткен. Албан сарбаздарының көсемі Түкеұлы 

Райымбектің жан серігі болған. 

Саурық жекпе  – жек шайқаста жоңғар  Бұрық Амбарды,  Бұрғамды, 

қырғыз Тоқтарбайды т.б. жеңген. Бұлар бұрын – соңды тірі пендеге 

тізе бүкпеген батырлар екен. Саурық ержүрек батыр болуымен бірге 

ел бастаған саясаткер де болған. 



Қытай мемлекеті мен Ресей империясы астыртын келісім жасап, ұсақ 

халықтарға   үстемдік   жасау   пиғылымен   Құлжа   қаласында   сауда 

факториясын   орнатады.   Бұл   әділетсіз   келісімге   жергілікті 

дүнгендермен мен ұйғырлар қарсылық білдіріп, көтеріліске шыққан. 

Көршілес халықтарға Саурық 700 – дей сарбаз бен ат – көлік, азық – 

түліктей   көмек   берген.   Осы   кезде   Құлжадағы   Ресейдің   сауда 

факториясы өртенген. 

Жетісудың   шұрайлы   жеріне   жергілікті   халықтың   келісімінсіз 

қоныстана   бастаған   орыс   мемлекетінің   саясатына   Саурық   батыр 

бірнеше   рет   қарсы   шыққан.   Осы   өлкені   басқарған   генерал   – 

губернатор   Г.А.   Калпаковский   Құлжа   қаласындағы   сауда 

факториясының   өртенуін   Саурықтан   көріп,   қамауға   алуға   бұйрық 

берген. 

Саурық батырды түрмеге қамағанда Албан, Суан, Дулат руларының 

ел ағалары наразылық білдіріп, Қытайға шекаралас отырған бар халық 

тік көтерілген. Елдің қаһарлы ереуілінен қорыққан генерал Саурықты 

төрт   айдан   кейін   босатқан.   (Бұл   жайлы   Ш.Уәлихановтың   1953ж. 

Қазақ   көркем   әдебиет   баспасынан   академик   Ә.Марғұланның 

басшылығымен жарық көрген  «таңдамалы шығармаларындағы»  Г.А. 

Калпаковскиге жазған(594б.) хаттарын оқыңыз).

Түрмеде аяғына «У» жағып жіберген Саурық сол аяқтың сырқатынан 

(1888ж)   қаза   болған.   Мүрдесі   Кегеннің   маңайындағы   Ақшоқыдағы 

зиратқа жерленген. 

АРҒЫНҰЛЫ СЫБАНҚҰЛ–АЛБАН КӨТЕРІЛІСІНІҢ САРБАЗЫ

(1871-1916ж)

Зираты   Қырғыз   мемлекетінің   Қарақол   қаласында   Жаркент   уезі, 

Құрман   болысы   Тұзкөл   ауылында   туған.   Құрманның   бір   бұтағы 

Малыбайдың ұрпағы. Өздігінен араб әріпінен хат таныған. 1916жылы 

Қарқара жәрмеңкесіндегі Ақ патша саясатынан алғаш рет көтерілген 

халыққа Ұзақ, Жәменкемен бірге басышылық жасаған. 

Қарақол   түрмесіне   қамалған.   Түрмедегі   жазықсыз   қамалғандарды 

ереуілге шығарғаны үшін жандармдар атып өлтірген. Сүйегін бермей 

сол Қарақол қаласының зиратына жерлеген.


ЖҰРҚАБАЙҰЛЫ ТҰРЫСБЕК – ЕҢБЕК ЕРІ

1896ж.   Райымбек   (бұрынғы   Нарынқол)   ауданының   Қайнар 

қыстағында   дүниеге   келген.   1931ж.   Крупская   атындағы   ауыл 

шаруашылығы   артеліне   мүше   болады.   Көп   жылдар   бойы   колхозда 

шопан болған. 

Бұрын   "Үшінші   бесжылдық"   атанған   колхозда   соғыс   жылдарында, 

одан   кейінгі   жылдарда   да   малшылар   арасында   жақсы   бастаманың 

ұйытқысы   болып,   1947   жылы   қазақы   тұқымды   400   саулықтан   506 

қозы   алып,   аман   өсірген.   Жүн   өндіру   жоспарында   артығымен 

орындаған. 

Атақты   шопан   Тұрысбек   Жұрқабайұылының   еңбегі   жоғары 

бағаланып,   КСРО   Жоғарғы   Кеңес   Президиумының   1948жылғы 

23шілдедегі қаулысымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілген. Ол 

1973   жылы   өзінің   туып   –   өскен   ауылы   Қайнарда   қайтыс   болды. 

Жерлестері   үлкен   құрмет   көрсетіп,   атақты   шопанға   ескертікіш 

орнатқан. 



ҚАҢТАРҰЛЫ КӘРІБОЗ – ХАЛЫҚ АҚЫНЫ

ҰЛТ- АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТІҢ БАТЫРЫ

(1865-1916ж. 13.VIII.)

Азаттық   күресінің   сарбазы.   Зираты   Қырғыз   мемлекеті,   Қарақол 

қаласында.

Жаркент   уезі,   Құрман   болысы,   Нарынқол   елді   мекені,   Тұзкөл 

ауылында туған. Өздігінен білім алған. Имандылықты уағыздап, өлең, 

дастан,   термелер   жазған.   1912   жылы   Қазан   қаласындағы   Қазан 

баспасынан: "Марқаба –иа, Рамазан" – деген хиссасы жарық көрген. 

Мұсылманның   5   парызын   поэзиялық   көркемділікпен   өрнектеген. 

Ақын Ақпатша жарлығына қарсы щыққан. Ұзақ батырдың жансерігі 

әділдік   пен   азаматтықтың   жан   айқайын   найзағайдай   жарқылдаған 

өткір тілмен жырлаған. Қолындағы қаруын тастамай жүріп халқының 

намысын өлең – жырмен қайраған.



Қарқара   жәрмеңкесіндегі   тарихи   ереуілде   Жаркент   уезінің 

жандармдары   ақынды   тұтқындап,   аяусыз   қорлаған.   Қайтпас   қайсар 

ақын   Ұлтының   азаттаығын   қорғауға   үндеген   өлең   –   жырын   оқша 

боратып – түрмеде отырған қазақ қырғызды ереуілге көтерген. Осы 

шайқаста 1916 ж. 13. VII. Кәрібоз оққа ұшқан Жандармдар табытын 

бермей Қарақол қаласына жерлеген. 



НАЗАРҰЛЫ ҚОЖЕКЕ – ХАЛЫҚ КОМПОЗИТОРЫ

(шамамен 1823-1881жылдар)

Назарұлы   Қожеке   Жетісудың   төрі   болып   есептелетін   Қарқарада 

дүниеге келген. Шыққан тегі Ұлы Жүз ішіндегі Албан тайпасы. Албан 

ішіндегі   Сары-Бозым-Құрбан   болып   өрбиді.   Қожекенің   әкесі   Назар 

сөзге   шешен,   аузы   дуалы,   төңірегінде   ықпалды   адам   болған. 

Қожекенің ел ісіне ерте араласуына әке тәрбиесі ықпал еткен. XIX 

ғасырдың екінші жартысынан бастап Жетісуға тізе бастыра бастаған 

Ресейдің   отаршыл   саясатына   бас   имеген   Қожеке   1862   жыл   төрт 

жүздей үйді бастап, түрлі көшкен беті Текес өзенінің бойына келеді. 

Қожеке бастаған рулы елдің көшіп келуіне Қытай өкіметі де бейтара 

қарамаған.   Алғашында   Қожекеге   шыншекпен   беріп,   өздеріне 

қолшоқпар   етпекші   болды.   Бірақ   Қожек   сияқты   біртуар   тұлға 

халқының қамына қиянат болар іске қия баспайды. Ақыры айтқанына 

көндіре   алмаған   Қытай   өкіметі   Қожекені   Күре   түрмесінде   көмір 

шоғына қаптап өлтіреді. 

Қожеке   өзі   куә   болған,   өзін   толғандырған   өмір   құблыстарының 

баршысын   күй   тіліне   баяндап   отырған.   Уақыт   құрдымына   ұмыт 

болғанына   қарамастан   бүгінгі   күнімізге   Қожекенің   жүзге   тарта 

күйлері   жеткен.   Оның   күйлері   күні   бүгінге   дейін   Жетісу,   Алтай, 

Ертіс, Тарбағатай, Бұратала, Іле өңірлерінде таратылады. 

Назарұлы   Қожекенің   күйлері:   "Ағарсынның   ақ   толқыны",   "Аққу", 

"Арман", "Баекенің естіртуі", "Балаларыма", "Балам-ау", "Боз жігіт", 

"Бөлтірік", "Біржан сал", "Жиренше", "Қарашаштың қазасын ескерту", 

"Жиреншенің Қарашашты жоқтауы", "Кертолғау", "Күй бастар", "Қос 

келіншек",   "Мұңылық",   "Өз   қолым",   "Тарпу",   "Түрмедегі   қинау", 

"Шалқайма" т.б.



САУРЫҚҰЛЫ ҰЗАҚ –ХАЛЫҚ БАТЫРЫ. 

ҰЛТ   АЗАТТЫҚ   КӨТЕРІЛІСІНІҢ   БАСТАУШЫСЫНЫҢ 

КӨСЕМІ 

(1851-1916жж 18.VIII)

Зираты Қырғыз мемлекеті, Қарақол қаласында.

Жаркент   уезі   Кеген   елді   мекеніндегі   Ақшоқы   ауылында   туған. 

Тарихта жоңғар басқыншылығы жылдары Азаттық күресте ерлігімен 

белгілі болған Саурық батырдың баласы. Ол жайлы Ақпатша (Россия) 

губернаторы   генерал   А.   Калпаковскиге   жазған   Ш.Уәлихановтың 

хатын оқыңыз (1953ж. "Қазақ көркем әдебиеті" баспасы 594 бет).

Ұзақ батыр Жаркент уезі, Құрман болысында 1895жылға дейін болыс 

болған.   Ол   (1861ж)   Патша   кеңестік   аз   халықтың   жерін   иемденуге 

жүргізген   саясатына   қарсы   күрескен.   Олардың   қарулы   жандармы 

жасаған зорлыққа тойтарыс берген. 1893ж. Қарқара жәрмеңкесіндегі 

уезі жандармы жасаған өзіне пәре бермеген болыстың шұрайлы жерін 

зорлықпен   алуына   наразылығын     шаршы   топ   халықтың   алдында: 

"Ұлық пәреқор болса жағымпаз көбейеді. Ел бұзылады. Сен тәртіпке 

шақырғанда пәре алу үшін емес, міндетіңді атқару үшін шақырасың. 

Келген   екенсің   аяғыңды   тура   басып,   асыңды   іш   те,   абыройыңмен 

кет!" – депті.

Уезді жандармның бастығы: "Халық алдында беделімді түсірді" деп 

үш жылға жазалаған. 1898ж. Патшаның шекарада тұрған солдаттары, 

қазақ   жігіттерін   қорлап,   қыз   –   келіншектерінің   арына   кір   түсіргені 

үшін, Ұзақ патшадан әділдік іздеу босқа тер төгу екенін біліп, шекара 

солдаттарын   7-еуін   ұстап   ұлттық   билердің   шешімімен   қатал   жаза 

қолданған.

Оны губернаторлық сотқа өзі барып мәлімдеген. Верный губерниялық 

сот   сол   үшін   7   жылға   бас   бостандығынан   айырған.   Жазасын 

Алматыдағы түрмеде өтеген. 

Мемлекеттік билікке сайлауына тиым салған. Бірақ жергілікті халық 

патша жарлығына келіспеген, Ұзақты қайта болыстыққа сайлаған. 

1916жылы Николайдың қазақ жастарын (солдатқа емес) қара жұмыс 

істеуге алу туралы жарлық шығарғаны тарихтан белгілі. 



Ұзақ батыр қазақ жерінде соған алғаш рет қарсылық білдіріп халыққа: 

"Бала өлгенше, шал өлсін!" деген ұран тастап саяси ереуілге көтерген. 

Бұл   жайлы   Әуезовтың   "Қилы   заман"   (1958ж   "Жазушы"   баспасы) 

повесінде   тамаша   жазылған,   оқыңыз.   Осы   әлемге   әйгілі   тамаша 

шығарманың бас кейіпкері Ұзақ батыр. Патшаның озбыр жандармы 

қарусыз   халыққа   оқ   боратады.   Аяғы   азаттықтың   қарулы   күресіне 

айналады.   Жазқысыз   халық   қаны   төгіледі.   Қарулы   жандармдар 

көтеріліс   көсемдері   Ұзақ,   Жәмеңке   бастатқан   16адамды   Қарақол 

түрмесіне   қаматты.   Содан   кейін   Ұзақ   қазіргі   Қырғыз   мемлекеттік 

Қарақол қаласындағы түрмеде жандарм оғынан қаза болады. Сүйегін 

бермей сол Қарақол зиратына жерленген. 

СОҚПАҚБАЕВ БЕРДІБЕК – ЖАЗУШЫ

Дүние жүзінің бираз елдеріне аты әйгілі балалар жазушысы Бердібек 

Соқпақбаев 1924жылы Нарынқол ауданында Қостөбе деген жерінде 

дүниеге   келген.   1949жылы   Абай   атындағы   Қазақ   педагогикалық 

институтын бітірген. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған ол ең әуелі 

әдебиет саласына өлең жазудан бастап, алғащқы өлеңдерін аудандық 

"Советтік шекара" газетіне басылып жүрді.

1950жылы   оның   "Бұлақ"   атты   өлеңдер   жинағы   баспадан   шықты. 

Оның дарындылығы "Балдырған", "Жұлдыз" журналдарында қызмет 

істеп   жүрген кезінде – ақ белгілі болды. "Он алты жасар Чемпион", 

"Алыстағы   ауылда",   "Бақыт   жолы",   "Саяхат",   "Аяжан",   "Қайдасың 

Гауһар" атты повестері кезінде оқырмандардан жақсы баға алды. 

Жазушының   атағын   аспандатқан   "Менің   атым   Қожа"   атты 

шығармасы   әлемдік   дәрежеде   бағаланып,   орыс,   украин,   француз, 

литва,   латыш,   өзбек   тілдеріне   аударылды.   Осы   повестің   желісімен 

"Менің   атым   Қожа"   атты   фильм   (1965ж.)   шығарылды.   Осы   фильм 

1967жылы   Францияда   өткен   жастар   мен   балаларға   арналған 

кинофильмдердің   фестивальінде   арнайы   сыйлыққа   ие   болды.   Сол 

сияқты   "Балалық   шаққа   саяхат"   повесі   бойынша   шығарылған 

кинофильм де көрермендердің көңілінен шығып, жоғары бағаланды. 

1940  жылдарындағы   балалар   өмірінен   жазылған   "Өлгендар   қайтып 

келмейді"   атты   роман   орыс   тіліне   аударылды.   Басқа   да   көптеген 



құнды шығармалар жазған Бердібек Соқпақбаев әліемдік  деңгейдегі 

балалар жазушысы. 

Бердібек Соқпақбаевтың есімін құрмет тұтқан Райымбек ауданының 

тұрғындары Нарынқол ауылындағы үлкен орта мектепке оның есімін 

берген.   1998ж.   Мектеп   алдына   бюстен   ескерткіш   орнатты.   Ауыр 

науқастан қайтыс болған жазушының мәйіті "Кеңсайға" жерленген.



ӘРІПОВ РАУАН – ЕЛАҒАСЫ. ҒАЛЫМ 

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ. (1931ж. 26. XI)

Нарынқол   ауданы   Тұзкөл   ауылында   туған.   1951ж.   Нарынқол 

селосындағы Абай атындағы орта мектепті бітірген. 1952 ж. Алматы 

мал-дәрігерлік   институтына   түсіп   1957   жылы   оқымысты   зоотехник 

деген атақ алған. Биология ғылымының кандидаты (1973ж,) 20-дан 

астам   ғылыми   еңбегі   мерзімдік   баспасөзде   жарияланған.   1957   ж. 

Нарынқол ауданы, Абай колхозында бас зоотехник. 1966 ж. (бұрынғы 

Крупская  атындағы)  қайнар  колхозына  төраға   болды.  Совет   атқару 

1986   жылдың   тамыз   айынан   1922ж.   Алматыэнерго   мекемесіне   аға 

инженер. 1992 ж. Алматы облыстық "Шаруа Одағының" төрағасының 

орынбасары. 1979  ж.  Нарынқол  ауданының  атқару  кеңесіне  төраға, 

1981-1986 жж. Осы ауданының партия комитетіне 1-хатшы. 

"Октябрь   революциясы"     (1981ж.),   "   Еңбек   Қызыл   Ту"   (1973ж), 

"Құрмет белгісі"   (1970ж.) ордендерімен, "Еңбектегі ерлігі" (1965ж.) 

"В.И.   Лениннің   100   жылдығы"   (1970ж.)   т.б.5   медальдарымен, 

Қазақстан   респуликасы   (1981ж.)   Жоғарғы   кеңесінің   Құрмет 

Грамотасымен,   Қырағы   шекарашыл   (1976ж.),   Монғол   мемлекетінің 

үздік шекарашылларға берілетін, Кеңес Одағы әскери министрлігінің 

Құрмет   Грамотасымен   (1976ж.)   марапатталған.   Берекелі   "Қайнар" 

1979ж.   "Нұрлы   өңір   –   Нарынқол",   1985   жылы   кітабы   "Қайнар" 

баспасынан жарық көрді. Екі рет мемлекет дәрежесіндегі делегация 

құрамында шет мемлекеттерде болған (МНР 1976ж, ПНР 1973ж, XI-

XV-XVI   Қазақстан   Орталық   партия   комитеті   съезінің   делегаты). 

Әзірде   мәдени   тарихи   Әлмерек   қоғамдық   қорының   атқарушы 

директоры. 


ӘБИЕВ ЖЕҢІС – ҒАЛЫМ. ПРОФЕССОР

(1934ж. 6.15)

Нарынқол   ауданы,   Тұзкөл   қыстағында   туған.   Қарасаз   селосындағы 

(Бұрынғы "Социалистік Қазақстан" ) орта мектепті 1950 ж. бітірген. 

1954ж.   Абай   атындағы   КазПИ-дың   жаралыстану   факультетінен 

жоғары білімді биолог-химик мамандығын алған. 1954-57 жж. Кеген 

ауданы Жалаңаш қазақ орта мектебінде ұстаз болды. 1958-68 жж. Қаз. 

Респ.   Оқу   Министрлігінде   Мектептер   басқармасының   бастығына 

орынбасарлық   қызмет   атқарды.   1968   -80   жж.   Қазақ   Совет 

Энциклопедиясы баспасында:  оқу-ағарту, педагогика және баспасөз 

редакциясын   басқарды.   12   томдық   алғашқы   энциклопедияны 

шығаруға   белсене   қатысты.   1980   жылдан   қазіргі   Абай   атындағы 

Қазақстан   Республикасының   Университетінде   ұстаз.   Профессор. 

Педагогика ғылымдарының кандидаты. 

Ж.Әбиев мектеп оқушыларына және табиғат сүйер қауымға арналған 

бірнеше оқулықтардың авторы.

"Биология   қызықтары"   1965   ж.   "Қазақстан"   баспасы,   "Биология 

ғажайыптары" 1969 ж. "Қайнар"  баспасы, "Табиғат тамшылары" 1975 

ж.   "Мектеп"   баспасы,   "Хайуанаттардың   қайсысы   ақылды"   1978   ж. 

"Ғылым" баспасынан жарық көрді. 

Ж.Әбиев Педагогикалық Ғылымда да оқулық жазып, ұлттық ұрпақты 

тәрбиелеуге үлкен үлес қосқан ұстаз. Ол жазған: "Педагогика" 1991ж. 

"Рауан"   баспасынан   "Педогогика   тарихы"   1994   ж.   "Ғылым" 

баспасынан,   "Жеке   адамды   қалыптастырудағы   тәрбиенің   тәлімі" 

1993ж.   Қазақстан   Республикасының   Оқу   Министрінің   жанындағы 

баспада басылып оқырмандарының қолына тиді. 5 томдық "Қазақстан 

құстары"     1968-80жж.   "Ғылым"   баспасынан   шыққан   өте   құнды 

кітаптың авторларының бірі және құрастырушы редакторы.

Күнделікті баспасөзге белсене қатысқан ғалым. "Қазақстан мектебі" 

газеті,   "Білім   және   еңбек",   "Жұлдыз"   журналдарында,   педагогика, 

биология,   химия   саласында   көптеген     проблемалық   мақаларын 

жазған. 


Орта ғасырда өткен ғұламалар Әл-Фараби, Ибн Сина, Ахмет Яссауи, 

Баласағұн   Жүсіп,   Мұхамед   Хайдар   Дулати,   Қадырғали   Қосынұлы 

Жалайри, Махмуд туралы монографиялық зерттеуі  (1997ж.) бар. 

Жоғарыдағы   әлемге   әйгілі   шығыс   даналарын   Қазақ   радиосы, 

теледидар арқылы алғашқы насихаттаушы Ж.Әбиев. 

Ғалым   "Құрмет   белгісі"   (1983ж.)   ордені   мен   Қазақстан 

Реуспубликасының   Жоғарғы   Кеңесінің   "Құрмет   Громатасымен" 

(1979ж.) марапатталған. 



БИДАЙБЕКҰЛЫ ИМАНБЕК – ЕЛАҒАСЫ.

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

1908  жылы Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Сарыбастау 

селосында өмірге келген. 1928 жылы Талғардағы ауыл шаруашылық 

техникумына түсіп, оны аяқтағаннан кейін Алматы облыстық Энергия 

бөлімінен агроном болып қызмет істейді. 1936ж. Ұйғыр ауданының 

Заилски МТС-тің бас агрономы, одан кейін оның директоры болып 

тағайындалды.   1940-1944   жылдары   Ұйғыр   аудандық   Совет   атқару 

комитетінің   председателі.     1944   жылдан   1945   жылдары   Кеген 

аудандық   Совет   атқару   комитетінің   председателі.   Ал   1945жылы 

Алматы   облыстық   Совет   атқару   комитетінің   пердседателінің 

орынбасары   қызметіне   жоғарылатылады.   Ұзақ   уақыт   Балқаш 

аудандық   совет   атқару   комитетінің   председателі   болып   қызмет 

атқарады.   1953   жылдан   өмірінің   соңына   дейін   ауыл   шаруашылық 

совет жұмысына басшы қызметте болды. Ол Кеген аудандық ауыл-

шаруашылық   өндірістік   басқарма   бастығының   бірінші   орынбасары 

болып   қызмет   істеді.   Бидайбеков   қай   жерде,   қай   салада   жұмыс 

істемесін шебер ұйымдастырушы, білгір маман, дарынды қайраткер 

ретінде   танылды.   Ол   қарапайым   еңбек   адамдарымен   қызметтес 

жолдастары   арасында   үлкен   сүіспеншілікке   ие   болды.   Имекеңнің 

ісімен еңбегі әзіл қалжыңы ел арасындағы бүгінге дейін жыр болып 

айтылады. Имекеңнің еңбегі жоғары бағаланып ол Отан соғысының II 

ждәрежелі   және  

"Құрмет   белгісі"   орденімен   екі   рет   және 

медальдармен марапатталған.



1966  жылы   ауыр   науқастан   қайтыс   болды.   Өзі   туған   ауылы 

Сарыбастау ауылында жерленді. 



ДҮЙСЕБАЙҰЛЫ ҚОЖАБЕК – ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

1909 жылы Түзгөл (Қолтық) ауылы Құрман болысы Жетісу өлкесінде 

кедей шаруа семьясында дүниеге келген. 1919-23 жылдары Жаркент 

қаласындағы   жетімдер   үйінде   тәрбиеленген.   1928-32   жылдары 

алғашқы ашылған пединститутқа (КазПИ) түсіп оны жақсы аяқтап, 

тарихшы экономист деген мамандық алған. Осы мамандығы бойынша 

жұмыс істеп КазССР Жоғарғы Советінде іс басқарушы болып жұмыс 

істеген.   Өзі   жауапты   жұмыс   істеп   жүріп,   Талдықорған,   Алматы 

облысы аудандарында мектеп интернаттар ашуға ат салысқан. 

1935-37  жылдары   Талдықорған   облысының   Ақсу,   Андреев 

аудандарында Совет атқару Комиттерінің төрағасы, 1937 жылы Қазақ 

ССР   болып   құрылған   кезде   Алматы   облыстық   Совет   атқару 

комитетінің жауапты хатшысы, ал 1939 ж. Ақмола облысы құралған 

кезде Ақмола облыстық атқару комитетінің бірінші орынбасары, 1940 

жылы  осы  облыстық  Совет  атқару   комитетінің  председателі   болып 

жұмыс істеді.

Оны   1941   жылдың   басында   Башқұр   Ассрына   Жоғарғы   Советтың 

төрағасы   болып   сайланды.   Денсаулығына   байланысты   Қырымда 

демалыста   емделген.   Осы   емделуде   оның   денсаулығына   уландыру 

арқылы қастандық жасалған. Соның салдарынан 1941 жылы сентябрь 

айында Уфа қаласында қайтыс болды. Оның мәйіті Уфа қаласында 

жерленді. Оған қастандық жасалған дәрігерлер т.б. халықтың жауы 

ретінде қылмысқа тартылды. Қожабектен – Қанат. Қанаттан – Талғат. 

Талғаттан – Алмас. Ернаттан – Абылай.

Қожабек   Дүйсебайұлы   небәрі   32   жас   қана   өмір   сүрді.   Оның   атын 

мәңгілік есте қалтыру мақсатында оның жерлестері әзіргі Райымбек 

ауданының   орталығы   Нарынқол   селосындағы   бір   көшені   оның 

есімімен атады. 



ОРЫНТАЙҰЛЫ ТҮМЕНБАЙ – БИ. ӘУЛИЕ. 

(1760ж. шамамен – 1845 ж.)

Қиын сәтте халқына қорған болған халық батыры. Зираты өз атымен 

аталатын Түменбай бұлағында. 

Жаркент   уезі,   Кеген   елді   мекенінде   Кеген   өзенінің   күншығыс 

жағасында,   Сарытаудың   етегіндегі   бұлақ   басында   туған.   Кейін   сол 

бұлақ Түменбай бұлағы атанып үлкен кеңшараға айналды. 

Түменбай   Орынтайұлы   болашақты   болжайтын   әулие,   әрі   сарбаз 

ұстаған қолбасшы батыр болған. Тұрған жерін жоңғар ойраттарынан 

азат ету жолында ерен ерлігімен көзге түскен. 

Батыр   дүниеден   қайтқанда   қазіргі   тұрған   зиратты   тұрғызу   үшін   ел 

Кеген өзенінен, 2 шақырымдай жерден шелек, мес, дүңгіршекпен су 

тасып   қатты   қиналған.   Ел   шаршап   жатып,   ертемен   тұрса   зират 

жанындағы   жылғадан   бұлақ   ағып   жатқанын   көреді.   Әулиенің 

құдыреті еді ол. Табиғат кез-келген пендесіне иій бермейді. Су жоқ 

жерден жайдан-жай су да шықпайды. Содан бастап Түменбай батыр 

бұлағы   атанған.   Кешегі   кеңестік   саясат   халықтың   арғы   тегін 

ұмыттыру   мақсатында   барлық   жағымпаз   жандай   шабына   халық 

данагөйлерін   жамандатып,   жұмыс   істетті.   Соның   нәтижесінде 

Түменбай   әулиенің   әулиелігі   мен   батырлығын   айтқызбай,   ел 

басқарған азаматтар оны қорғаудың қорыққандығының нәтижесінде 

"Түменбай бұлағы" деумен шектелген.

 

СЕРІК СҰЛТАНҒАЛИҰЛЫ –



Республика Еңбегі сіңірген сәулетші

1953 жылы  17 сәуірде Райымбек ауданы Жалаңаш селосында туған. 

Текес   селосындағы   10   жылдық   мектепті   бітірген.   Алматыдағы 

политехникалық   институтқа   түсіп   Сәулетші   мамандығын   алды. 

Алматы қаласындағы Түрксіб ауданының бас архитекторы. Алматы 

қалалық атқару комитетінде Алматы қалалық үйді есепке алу және 

бөлу   басқармасында   басшылық   қызметінде   болды.   Алматы 

қаласындағы үйді бөлу департаментінің бастығы және Алматы қаласы 

Әкімінің   бірінші   орынбасары   болып   қызмет   атқарды.   Серік 


Сұлтанғалиұлы   қай   жұмысты   істемесін.   Ол   өзінің   іскерлігімен 

Алматы қаласын Сәулетті құрлыс салуға өз үлесін қосқан азамат. 1994 

жылдан бері "Айсель Казахстан" компаниясын басқарып келеді. Бұл 

компания   Қазақстандағы   аты   аңызға   айналған   ірі   құрлыс 

мекемелерінің   алдында   келеді.   Серік   Сұлтанғалиұлының 

басшылығымен   жасалған   Астана   қаласындағы   құрлыстар, 

Алматыдағы   Опера   Балет   театры,   Шамалғандағы   Ақтаудағы 

Мұсыман   мешітінің   Әлмерек   бабаның   кесенесіндегі   комплекс   т.б. 

құрылыстар   салуда   белгілі   сәулетші   айтулы  азамат   халық   үшін,   ел 

үшін   аянбай   еңбек   етіп,   мұң   мұқтажына   жәрдемдесіп   көмектесіп 

жүрген   ірі   тұлға.   Ол   жоғарыдағы   атқарған   игілікті   істері   үшін 

Президенттің Жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет