Бейнелеу өнері алматыкітап баспасы 2023



бет15/110
Дата27.11.2023
өлшемі6,48 Mb.
#130277
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   110
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ойқозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастарының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі.

  • Негізгі түстерді ата.

  • Саған қандай түс ұнайды? Неге?

  • Шеңбердегі түстерді атаңдар.

  • Олар қандай ретпен орналасқан?

«Білгенге маржан». Алманың көптеген түрі кездеседі, соның бірі – елімізде өсетін баршаға танымал апорт алмасы. Алманың бұл сорты 1865 жылдан бері бұрынғы Верный қаласы болған Алматыда өсірілген. Алманың бұл сорты Сиверс алмасымен будандастыру арқылы алынды. Апорт – алманың ірі әрі құнды түрі. Салқындау, бірақ ұзақ емес қысы бар, жылы немесе ыстық болатын оңтүстіктің орта белдеуінде Солтүстік Кавказ, Іле Алатауы жерлерінде кең тараған. Апорттың қабығы тығыз, сары немесе жасыл сары қызыл қоңыр мөрімен болады. Нәзік дәмімен ерекшеленеді. Апорт алмасы кеш пісетін жеміс түріне жатады. Қыркүйек айында ғана пісіп, жетіледі. Ең танымал апорт бақтары Алматы маңында орналасқан Бесқайнар ауылдық аймағында бар. КСРО кезінде Алматы қаласының рәмізіне де айналған.
(МК) «Суретпен жұмыс» айдарында интерактивті тақтада сурет беріледі. Оқушылар аяқталмаған суретті жалғастырады.


(ЖЖ) Практикалық жұмыс. Гуашь – суда еритін қоймалжың бояу түрі. Қылқалам – кескіндемеші-суретшінің қолындағы ең басты құрал. Қылқаламмен жұмыс істеудің көптеген тәсілі бар. Соның бірі – бояуды баса жағу. Оның алуан түрі болады.
Суретшілер бояуды баса жаға отырып, алманың суретін шебер бейнелейді. Бүгінгі сабақта сан алуан алманың түрлерімен танысып, оны зерттейтін боламыз.
Сурет салмас бұрын алманың пішіні қандай болатынын айт. Сен алманы қандай түске бояғың келеді? Ойлан. Алманың таяқшасы мен жапырағын салып көр. Барлық шешім дайын болғанда көрсетілген үлгі бойынша алманың суретін салуды баста.
Слайд арқылы кезеңдермен орындалған, гуашьпен салынған алманың бірнеше суретін көрсетеді. Оқушылар гуашь материалдарын қолдана отырып, кезеңдермен көрсетілген суретті орындайды.
Сурет салу дәптерін көлденеңінен қойып, дайындап ал. Жай қарындашты алып, суреттің композициясын ойластыр. Қарындашпен алманың суретін шеңбер тәріздес етіп сал.
Дайын болған суреттің композициясының дұрыстығын тексер.
Гуашь бояуының жеті түсін дайындап, алдымен алманың сары, қызыл түсінен бастап қызғылт сары, сары, жасыл, ашық көк, суық көк және күлгін түстермен бояп, кебуін күт.

(Ө) Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар бізді қоршаған орта түрлі түсті, әрбір заттың өзіне тән түсі бар деген қорытынды шығарады.

Тақтада көрсетілген үлгіге қарап, кезеңдермен көрсетілген табиғаттың суретін салады.
Сурет салу дәптерін көлденеңінен қойып, дайындап алады.
Жай қарындашты алып, суреттің композициясын ойластырады.
Қарындашпен алманың суретін шеңбер тәріздес етіп салады.
Дайын болған суреттің композициясының дұрыстығын тексереді.
Гуашь бояуының жеті түсін дайындап, алдымен алманың сары, қызыл
түсінен бастап қызғылт сары, сары, жасыл, ашық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет