Бейнелеу өнері алматыкітап баспасы 2023



бет63/110
Дата27.11.2023
өлшемі6,48 Mb.
#130277
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   110
ЖЖ) Практикалық жұмыс. Жұмысты бастар алдында, альбомның айналасына бояудың керекті түстерін ашып, дайындап қоямыз, су ыдыста құюлы, палитра орнында. Палитраға керекті түсті аламыз, яғни көк түсті бояу, ол түсті қағаздың басынан ортасына дейін жағып шығамыз.
Астыңғы бөлігі ақ түсті болады. Келесі кезекте палитраға көк түспен жасыл түсті араластырып шыршаларды саламыз, салынған шыршаның үстінен ақ бояумен қарды бейнелейміз. Шыршаның алыс, жақын орналасқанына байланысты ақ түсті қосамыз. Мысалы, алыс орналасқан шырша қараңғылау сол себепті ақ түс аз болады, жақын орналасқан сайын ақ түсті қосамыз. Келесі кезекте көк, қызыл, ақ түстерді араластырып, сұр түс шығарамыз.
Алынған түспен үйдің суретін саламыз. Терезесін, терезенің алдын лимон түсімен бояп шығарамыз. Соңғы штрих – таза қылқаламды ақ түске батырып, екінші қылқаламға ұрып шашыратамыз. Осылайша біздің сурет дайын болды.
Сергіту сәті:
Қане, қанат жазайық. Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып-ұшып алайық. Орнымызға қонайық.

Оқушылар мұғалімнің айтқанын тыңдайды, көргенін орындайды.
Алдымен палитраға керекті түсті, яғни көк бояуды алады. Ол түспен қағазды ортасына дейін бояйды. Қалған жарты бөлігі ақ түсті болады.
Көк түс пен жасыл түсті араластырып, шыршалардың суретін салады.
Салынған шыршаның үстіне ақ бояумен қарды бейнелейді. Ақ түсті бояуды шыршаның алыс-жақын орналасқанына байланысты пайдаланады.
Көк, қызыл, ақ түстерді араластырып, сұр түс шығарады. Алынған түспен үйдің суретін салады.
Терезені, терезенің алдын лимон түсімен бояйды. Ең соңында таза қылқаламды ақ түске батырып алып, екінші қылқаламға ұрып, шашыратады. Осылайша сурет дайын болды.
Оқушылар сергіту сәтін
жасайды.

«Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.






Жеке жұмыс 5 минут

Көрме ұйымдастыру. Оқушылар жасаған жұмыстарын көрмеге ұсыну.

Оқушылар гуашьпен салған жұмыстарын көрмеге ұсынады.

Дескрипторлар:

  • Оқулықтағы берілген тапсырманы дұрыс орындайды.

  • Суреттің ретін орындайды.

  • Түстерін дұрыс таңдай біледі.




Сабақтың соңы. Ой толғаныс. Рефлексия.
5 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет