Сабақтың басы. Қызығушылықты ояту.
5 минут
|
Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді.
Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) «Достық шеңбері» – жылулық шеңбері. Оқушылар шеңберге жиналады. Мұғалім ортаға орындық қойып, кез келген балаға отыруды ұсынады. «Күлгін көзілдірікті» киіп (күн сәулесін қорғайтын әйнегі күлгін түсті көзілдірік жарайды), ол арқылы адамның ең жақсы қасиеттерін көруге болатынын айтады. Оқушылар отырған баланың жақсы қасиеттерін айтады. Оқушылар қалаулары бойынша көзілдірікті кезекпен киіп, ортадағы баланы мадақтайды.
Жұмыс ережесімен келісу.
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз. Уақытты үнемдейміз.
Нақты, дәл жауап береміз.
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз.
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз.
(ҚЕ) Қауіпсіздік техникасы ережелері:
Жұмыс орныңды таза ұста.
Тек арнайы жұмыс дәптерінде жаса.
Қайшыны дұрыс қолдану қажет.
Жұмыстан кейін қолыңды сүлгімен сүрту немесе жуу
|
Сәлемдеседі. Тыңдайды.
Оқушылар шеңберге жиналады. Көзілдірікті киіп, ортадағы оқушының жақсы қасиеттерін айтады.
Сұрақтарға жауап береді: Графика дегеніміз не?
Графика өнеріне қандай құралдар жатады?
Графика өнерінің түрлерін білесің бе?
|
Әр оқушы жауабынан кейін қол шапалақтап, қошемет жасайды.
|
Интербелсенді тақта.
Оқулық.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қарындаш, өшіргіш,
А4 формат, қарындаш.
Қауіпсіздік ережесі жазылған слайд
|