(ЖЖ) Практикалық жұмыс:
Оқушылар «Таудағы таң» суретін салады.
Жұмыстың орындалу реті:
Алдымен сурет салатын қағазды үлкен қылқаламмен сулап аламыз.
Содан соң ашық сарғылт түс пен көк түсті палитраға суын көбірек қосып, араластырамыз.
Қағаздың үстіңгі бөлігін көк түспен, астыңғы бөлігін ашық сарғылт түспен сұйық етіп бояп шығамыз.
Көк түсті көбірек қосып, қызыл түспен араластырып аламыз. Бірнеше таудың суретін саламыз.
Содан соң таудың жоғарғы бөлігін лимон түстес бояумен бояп, таңның шапағын саламыз.
Суретіміз дайын.
|
Суретті интербелсенді тақтадан немесе мұғалімнің кезең- кезеңімен орындалуын көрсеткеннен кейін жұмысқа кіріседі.
Шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Оқушылар таудағы таң көрінісін кезең-кезеңімен орындайды.
Оқушылар «Таудағы таң» тақырыбында сурет салады. Жұмыстың орындалу реті: Алдымен сурет салатын қағазды үлкен қылқаламмен сулап алады.
Содан соң ашық сарғылт түс пен көк түсті палитраға суын көбірек қосып, араластырады. Қағаздың үстіңгі бөлігін көк түспен, астыңғы бөлігін ашық сарғылт түспен сұйық етіп бояп шығады.
Көк түсті көбірек қосып, қызыл түспен араластырып алады.
Бірнеше таудың суретін салады.
Содан соң таудың жоғарғы бөлігін лимон түстес бояумен бояп, таңның шапағын салады. Суретіміз дайын.
|
Дескрипторлар:
- Берілген тапсырмаларды дұрыс орындайды.
|