Бейнелеу өнері алматыкітап баспасы 2023



бет20/110
Дата27.11.2023
өлшемі6,48 Mb.
#130277
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   110
(ЖЖ) Практикалық жұмыс.
– Бейнематериалға назар аудар. Енді ермексазбен жұмыс істеуге көшейік. Ол үшін материалдарды дайындап алып, тиіннің мүсінін жасап үйренейік. Бейнематериалға мұқият назар аудар. Көрсетілген үлгі бойынша мұғалімнің нұсқаулығымен тапсырманы орында. Ең алдымен ермексазды илеп, жұмыр етіп аламыз, сонан кейін созу, ширату, жұмырлау, біріктіру техникаларын қолдану арқылы тиіннің дене мүшелерінің пішінін жасаймыз.
Алдымен тиіннің денесін қызғылт сары түспен дөңгелектеп, кішкене созып, пішінін дайындап ал.
Басының пішінін дайындап ал. Екі құлағын дайындап жапсыр.
Екі көзін ақ түспен дөңгелектеп жапсыр, қара түспен көздің қарашығын дайындап жапсыр.
Екі қолы мен екі аяғының пішінін дайындап оң және сол жағына жапсыр.
Құйрығының пішінін дайындап, ұшын кішкене бүктеп, мүсінде. Дайын болған құйрықты өз орнына жапсыр. Алдына ақ түсті ермексазбен жалпақтап дайындап алдына жапсыр.
Екі қолына қара немесе қоңыр түспен жаңғақ дайындап екі қолына ұстат.
Мұғалім әр оқушыға жекелей көмек көрсетіп, бағыт-бағдар береді.

Тақтада көрсетілген тапсырмаларды орындайды.
Ермексазбен жұмыс істейды. Үлгіге қарай отырып, тиіннің мүсінін жасайды.
Алдымен тиіннің денесін қызғылт сары түспен дөңгелектеп, кішкене созып, пішінін дайындап алады.
Басының пішінін дайындайды.
Екі құлағын дайындап жапсырады. Екі көзін ақ түспен дөңгелектеп жапсырып, қара түспен көздің қарашығын жасайды.
Екі қолы мен екі аяғының пішінін дайындап, оң және сол жағына жапсырады.
Құйрығының пішінін дайындап, ұшын кішкене бүктейді. Дайын болған тиіннің құйрығын өз орнына жапсырады.
Төсіне ақ түсті ермексазды жалпақтап алып, жапсырады.
Қоңыр түсті ермексаз бөлігінен жаңғақ дайындап, екі қолына ұстатып, мүсінді аяқтайды.

Дескрипторлар:

  • Тапсырмаларды дұрыс орындайды.

  • Пішінін дұрыс жасайды.

  • Түстерін дұрыс таңдай біледі.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Менің жұлдызым» әдісі арқылы бағалайды.



Ермексаз, ермексаз құралдары.









Жеке жұмыс 3 минут

Көрме ұйымдастыру. Оқушылардың жасаған жұмыстарын көрмеге ұсынуы.

Оқушылар ермексаздан жасаған жұмыстарын көрмеге ұсынады.

Дескрипторы:

  • Тапсырманы дұрыс орындайды.

  • Пішінін дұрыс жасайды.

  • Түстерін дұрыс таңдай біледі.




Сабақтың соңы. Ой толғаныс. Рефлексия.
7 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет