(ҰЖ)Талқылайық! Портрет жанры. Портрет бейнелеу өнерінің барлық түрімен: живопись, мүсін, графика, мозаикамен, т.б. жазыла береді. Портреттің негізгі міндеті – адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсету. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем әдебиет, ауыз әдебиеті, түрлі тарихи деректер, т.б.),
естеліктерге сүйене отырып та ойдан жазылады. Портрет
Оқушылар жаңа ақпаратты тыңдап, сұрақтары болса, сұрақ қояды.
Портрет жанры туралы ақпарат алады, тарихымен танысады.
Дескрипторлар:
Берілген ақпаратты түсінеді.
Портрет ұғымын біледі.
Портрет түрлерін дұрыс айта алады.
Интербелсенді тақта. Презентация
https://kk.wikipedia.org/wiki/Портре т
ежелгі Мысыр, Қосөзен, Грек, Рим өнері дәуірінен белгілі. Көне дәуірдегі озық портрет үлгісі – мүсінші Тутмес сомдаған Нефертитидің бейнесі (б.з.д. 16 ғ.). Орта ғасырларда портрет өнері Қытайда, Жапонияда дамып, Орталық Азия, Әзірбайжан, Ауғанстан (Бекзад Камал әд- Дин), Иран (Реза Аббаси) елдерінде миниатюралық портрет қанат жайды.
Қазақ тарихында мүсіндік портреттің дені – ежелгі түркі қағандығы (5–8 ғғ.) мен қыпшақ заманы (8–13 ғғ.) кезеңіндегі балбалдар мен тас мүсіндер. Қазақтың тұңғыш суретшісі Ш. Уәлиханов портрет ағымында көп еңбек етті («Сұлтан Мамырхан Рүстемов», «Тезек төре» 1856 ж.,
«Алатау қырғызы» түрлі түсті қарындаш, 1856 ж.). 20 ғасырдың басынан қазақ суретшілері Ә. Қастеев, Қ. Телжанов, Н. Нұрмұхамедов, А.М. Черкасский, Г. Исмаилова, А. Ғалымбаева, М. Кенбаев, Х. Наурызбаев,
Ү. Әжиев т.б. портрет жанрын ұлттық үрдісте дамыта білді. Кейінгі толқын суретшілері С. Айтбаев, А. Аканаев,
С. Досмағанбетов, Е. Серкебаев, М. Аманжолов,
А. Дүзелханов т.б. портрет өнерін жаңа қырынан дамытты.