Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары


Коллекциялар және оларды химияны оқытуда қолдануға мысал келтіріңіз



бет18/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
22. Коллекциялар және оларды химияны оқытуда қолдануға мысал келтіріңіз.
Мұғалім оқушылардың ойлауын, қорытынды жасауын, сабақ үстіндегі жұмыс барысында танысқан коллекциялардың көмегімен жүргізеді.
Коллекция мұғалімнің баяндауы кезіндегі көрсетілетін зат қана емес, сонымен қатар ол жаңа білім беретін зат болу керек. Заттың суреттегі бейнесін немесе кітаптағы сөзбен берілген сипаттамасын қарастырумен, мұғалімнің баяндауымен алмастыруға болмайды.
Заттарды көріп білу балаларға тиянақты білім береді, ол ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға себепші болады, олардың сөздік қорын байытады. Сондықтан мұндай сабақты міндетті түрде өткізу керек.
Сабақ кезінде жеке заттарды оқып білу жалпы ұғымдардың қалыптасуының құралы болып табылады, өйткені заттарды оқып білу процесіне баланың барлық сезім мүшелері қатысады және оның салыстыру жолымен белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндігі болады.
Заттар әрбір оқушыда болуы керек, бірақ егер көретін заттары аз болса және барлығына жетпесе, онда оларды мұғалім өзі демонстрациялайды. Демонстарцияланған заттарды оқушылардың қолымен ұстауына, жақын көруіне беру керек. Ол үшін мұғалім заттарды әрбір партаға алып барады немесе балаларды стол қасына шақырады.
Бұндай сабақ кезінде мұғалім мүмкіндігінше өзі аз айтып, барынша оқушыларды сөйлетуге және ойлануға мәжбүр етеді. Мұнда әңгімені көрген заттарының негізінде балалар өз бетінше айтып бере алатындай етіп ұйымдастыру керек. Сабақта оқылатын затты мұғалімнің өзі алдын ала жақсы біліп, негізгі тұстарын айқындап алғаны жөн.


23. Графикалық көрнекілікке қойылатын талаптарды (кесте, сызбанұсқа, плакаттар, нобайлар) жазыңыз

Көрнекіліктер шартты түрде екіге бөлінеді: көру көрнекіліктері және есту көрнекіліктері.


Көру көрнекіліктеріне сызбанұсқа, үлестірмелі кесте қағаздар, оқулық, кітаптар, плакаттар, буклеттер, экранды және техникалық құралдар жатады.Есту көрнекіліктеріне техникалық құрал түрлері, қосымша материалдардан алынған әңгімелеу жатады. Көрнекі құралардың қолдану тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек сабақты сырт түрлендіру рөлін атқармай, мұғалімнің беретін ақпаратын еселеп, көрнекі түрде жеткізе алатын тірек болуға тиіс. Мектепте көрнекілікті қолданудың өз тәртібі бар. Алдымен, көрнекілік оқушыға эстетикалық әсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан ықпал ету керек. Көрнекілік сыныптағы оқушылардың қай қатарда отырса да, бәріне бірдей айқын көрінетіндей болғаны жөн. Әр сабақта көрнекілікті пайдаланудың реті, көлемі сақталуға тиіс. Бір тақырыпқа бірнеше көрнекілік түрін үстемелей қолдану, оқушыларға олардың бәрін түсінікті ете бермейді. Көрнекілік оқушылардың жаңадан танысуға тиісті тақырыбына тың ақпарат, көрнекілік тұрғысында қабылдауына әсер ету керек. Көрнекілік түрін мұғалім сабақтың нақты мақсатына сай әзірлеп, оны сабақтың тиісті бөлігінде қолданып отырады. Оқушы көрнекілік арқылы сол пәннің қоршаған ортамен байланыстылығы туралы, өтіліп жатқан материал жөнінде жанжақты мағлұмат алады.

Көрнекі құралдарға қойылатын талаптар:

  1. Көрнекі құралдардағы суреттер, жазулар сынып оқушыларына толық көрінетін болуы керек;

  2. Әрбір көрнекі құрал өтілетін тақырыпқа арналған , соның мазмұнын ашатын болуы тиіс;

  3. Көрнекі құрал тартымды безендірілген , бояулары айқын болғаны жөн;

  4. Көрнекі құралға оқушы назарын ерекше аударуға арналған мәтін, сурет ерекше бояумен берілуі керек;

  5. Көрнекі құралда жүйеліктің , хронологиялық реттің сақталуын қатты қадағалау;

  6. Көрнекі құралда берілген әрбір мысал тексерілген , дау тудырмайтын , түсінікті , өтіліп отырған материалды дәлелдеуге көмектесетін болуы керек.

  7. Мүмкіндігінше көрнекі құрал өтілейін деп отырған материалды толық қамтитындай болғаны жөн.

  8. Көрнекі құралда сыныпта пайдаланғанда уақыт көп кетпейтіндей етіп, жасау (іліп қою, алу, қайта пайдалану) .

Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттары:
• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
• көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
• демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
• иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
• құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
• демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
• көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет