Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары


Кинофильм көрсету. Химияны оқытуда кинофильм пайдаланудың әдістемелік амалдары. Теледидар және оның көрнекілікті жетілдірудегі рөлін түсіндіріңіз



бет19/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47
24. Кинофильм көрсету. Химияны оқытуда кинофильм пайдаланудың әдістемелік амалдары. Теледидар және оның көрнекілікті жетілдірудегі рөлін түсіндіріңіз.
Оқу кинолары, телехабарлары зат және құбылысты жақсы қабылдап, түсінуге көмектеседі. Оқушыларға ауызша түсіндіру, қалай жұмыс істеуді айтумен қатар, жұмыс істеуге керек сызбалар, кинодан үзінділер көрсетіледі.
Оқыту құралдарын төмендегідей топтарға бөлуге болады:

  1. Баспасөз әдісімен жасалған - оқулықтар, анықтамалар, есептер мен жаттығулар жинағы, нұсқаулар, плакаттар, карточкалар, оқыту программалары.

  2. Экранды құралдар – диапоизитивтер, диафильмдер, кинофильмдер бейнежазбалар, телехабарлар.

  3. Дыбысты құралдар – грамжазбалар, радиохабарлар, магнит лентадағы жазбалар.

  4. Көлемді құралдар – нақты обьектілер модельдер макеттар, муляждар және тенажерлар.

Кебір жағдайда экранды оқыту құралдарын дыбыстылар қатарына да жатқызуға болады.
Өз кезегінде білім берудің техникалық құралдары ерекше топты құрайды. Бұл оқу құралдары оқу процесі барысындағы хабарларды тарату кұралы болып табылады және ол үшін арнайы техникалық жабдықтар қажет болады. Оларға жататындар: диафильмдер және кинофильмдер, видеофильмдер, дыбыстық таспа жазбалары, компьютерлік бағдарламалар және т.б.
Диапозитивтер (слайдтар) - бұлар статикалық экрандық көрнекілік құралдардың қатарына жатады. Олар оқылатын пәннің өзіндік ерекшелігіне байланысты көп мәселелерді қамтиды. Диапозитивтегі бейнелер плакаттардағы бейнелерге қарағанда әлдеқайда жақсы қабылданады, өйткені экран көлемінің ұлкен болуы мен оған түсірілетін жарыққа байланысты бейнелердің көріну сапасы өте жоғары болып келеді.
Диапозитивтер қолдануға өте тиімді болып келеді және олардың көмегімен кадрлардың көрсетілу ретін қалаған кезде өзгертуге де, ал қажет болмаған жағдайда серияларды толық көрсетпеуге де мүмкіндік аламыз. Сөйтіп оқытушы диапозитивтегі серияларды өзінің әдістемесіне сәйкес түрлі оқу жағдайларында кеңінен қолдана алатын болады.

Диафильмдер. Бұл да статикалық оқу құралдарының қатарына жатады. Бұл оқу құралында бейнеленетін материалдардың автордың әдістемелік идеяларына байланысты көрсетілетін кадрлардың өзіндік ретін қарастыратын өзіндік құрылымы болады. Диафильмдер өте әсерлі экрандық құрал болып табылады.


Басқа қарастырылған суреттеу құралдарына қарағанда диафмльмдер оқушыларға едәуір эмоционалды әсер етеді, себебі олар қарастырылып отырған объектілерді, оқиғаларды, процесстерді толық та, терең көрсете алады.
Өз әрекеттерімен диафильмдер, диапозивтер жасайтын мұғалімдерге төмендегі қағидаларды білген дұрыс.
1. Диафильмде берілетін оқу материалының әрбір кадры бір-бірімен логикалық қатынаста болу керек.
2. Дыбысты диафильм жасағанда әрбір бейнемен дыбыс тығыз байланыста болуы керек. Диктор тексті қысқа, түсінікті болуы керек.
3. Диафильмнің фотографиалық сапасы Мемлекеттік стандарт талабына сай болуы тиіс.

Оку кинолары кейінгі кезге дейін оқудың ең көрнекілік әдісі ретінде саналып келді. Өйткені оку киносының дидактикалык мұмкіндіктері өте бай болып келеді. Солардың ішіндегі ең бастылары: хабарлар легінің көптігі. Бұл тәсілдің арқасында ауызшадан гөрі хабарларды әлдеқайда көбірек алуға мүмкіндік туады; ғылым мен техника әлеміне саяхат жасау мүмкіндігі; тікелей бақылау объектілерді, процестер мен кұбылыстарды көрсету мұмкіндігі; белгілі процесті тездетіп немесе ақырындатып көрсете білу мүмкіндігі; объектілер мен құбылыстардың ішкі кұрылымын үлгілік (модельдік) бейнелер мен мультификацияның көмегіне сүйене отырып көрсету; ғалымдардың, ғылыммен айналысушы ізденушілердің зертханаларында атқарылып жаткан ғылыми жұмыстарға ден қоюын, жұмыс техникасы мен тәсілдерін орындау жөнінде қажетті нұсқаулар беру, туындаған проблемаларды салыстыру, қорытындылау.


Соңғы жылдары оку кинофильмдері шығарылмайтын болды да, оның орнын оқудың видео жазбалары баса бастады.
Оқудың видео жазбаларының кино, радио, телевидение, диафильмдер, диапозитивтер сияқгы жекелеген экрандық-дыбыстық оқу кұралдарына тән болып келетін хабарлардың барлығын да біріктіре алатындай мүмкіндігі бар.
Бір артыкшылығы, видео жазбаларды қажет болған жағдайларда бірнеше рет кайталауға, тіпті бейнелерді экран бетінде көрсетуге де болады (стоп-кадр), көрсету барысында кадр мен оның жекелеген жактарының көлемін өзгертіп отыруға да мүмкіндік туады және видео жазбалар уақытында түрлі түсті «көрсеткіштер» қолданылып, нәтижесінде экрандағы кадрлар-да қажетті жазбалар пайда болады. Сонымен қатар таймердің көмегі аркылы автоматтық режимде кез келген телевизиялық хабарларды жазып алуға болады.
Видео жазбалар окытушылар мен оқушылардың оқу процесіне қажетті маңызды материалдарымен қатар білім берудің мазмұндық-хабарламалық, уақытша параметрлері мен ұйымдастырушылық және әдістемелік тәсілдерін де таңдап алуларына жол ашып береді. Видео камералардың табиғи көріністерді түсіру мүмкіндіктері өте мол болып келеді. Оларға жататындар: жергілікті объектілер, ғалымдар мен атақты адамдардың видео әңгімелері, білікті мамандардың еңбек ету барысында алдыңғы қатарлы жұмыс тәсілдері мен әдістерін қолдануы; эксперименттік сабақтар өткізу барысынан алынған видео материалдар; окушылардың жауаптары, пікірталастары, видео баяндамалар. Телеэкран бетіндегі видео жазбаларды кез келген уақытта қолданудың арқасында оқытушылардың теледидардың уақыттық, мазмұндық және әдістемелік параметрлеріне деген тәуелділігі жойыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет