Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары


Химиялық зерттеу әдістері-химияны оқытудың арнайы әдістері не екенін түсіндіріңіз



бет4/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
5.Химиялық зерттеу әдістері-химияны оқытудың арнайы әдістері не екенін түсіндіріңіз
Әдіс дегеніміз-шындықты практикалық және теориялық игерудің тәсілдері. Әдіс- іс- әрекетті жүзеге асырудың бір жолы. Әдіс терминінің мағынасы өте кең. Ол кез-келген адамның теориялық іс-әрекетінде белгілі бір мақсатқа жетудің қажетті мүмкіндіктерді игеру тәсілдері. Химияда зерттеу әдістерінің 5 түрі бар. Олар: бақылау,сипаттау,өлшеу,эксперимент және модельдеу.
Қазіргі заман талаптарына сай жаңа технология термині өміріміздің барлық салаларында енгізілген кезде, біздің мұғалімдер мектеп оқу тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру қажет. Болашақ химия мұғалімдері - химияны оқытудың жалпы заңдылықтарын мақсаттары мен міндеттерін, оқытудың әдіс-тәсілдерін, зерттеу әдістерін, оқыту құралдарын жақсы білуге тиіс. Химия материяны зерттейтін жаратылыстану ғылымдарына жатады. Оқыту әдісін тек оқытушының іс-әрекеті мен немесе соның ғана қызметі деп түсінуге болмайды, ол оқушы мен мұғалім бірігіп мақсатқа жету жолындағы ізденісі, іс-әрекеті болып табылады. Әдістің мәнін ашу үшін ең алдымен оқытудың мақсатын және мұғалім мен оқушының іс-әрекетін ескереді. Оқытудың мақсаты мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады. Әрбір пәннің мұғалімі алдында отырған оқушының педагогикалық, психологиялық ерекшеліктерін білу қажет. Бұл ерекшеліктерді анықтауда бақылау,сөйлеу, эксперимент әдістері қолданылады. Табиғи эксперимент ерекше түрі- оқыту эксперименті .Эксперимент термині - химия сабағына қатысты термин. Химия сабақтарында эксперимент қою практикалық және теориялық түрде және оның нәтижесін шығару, қорытындылау өте маңызды.
Зерттеу әдісі мұғалімнің көмегінсіз шешілетін проблемалық міндеттер мен тапсырмалар. Бағдарлмаланған тапсырмаларда өз алдына әдіс болып, оқушылардың қандай дәрежелі білімде екенін білуге болады.
Қазіргі кезең талабына сәйкес оқушылардың химиялық білім сапасын жоғарылату үшін дидактикалық материалдарды пайдаланудың мәні зор. Қазіргі уакытта пән мұғалімдеріне қойылатын талаптардың бірі - жас ұрпаққа саналы және сапалы білім беру. Ол үшін мұғалім үнемі ізденушілікте шығармашылық жұмыс істеген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет