Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары


Біліктілікті жүйелеу сабағын, білімді тексеру сабағын, аралас сабақтарды сипаттап жазыңыз



бет8/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
10. Біліктілікті жүйелеу сабағын, білімді тексеру сабағын, аралас сабақтарды сипаттап жазыңыз.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау ғылыми-техникалық ілгерілеудің, экономикалық дамудың, өндірістің құрылымдық өзгерістерінің және әлеуметтік салалардың талаптарына байланысты бұрын алған немесе жаңа кәсіптік білімдері мен дағдыларын тереңдету мақсатында, сонымен қатар кәсіптік дайындығын арттыру бойынша азаматтардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында іске асырылады.
Біліктілікті арттыру және қашықтықтан оқыту институты біліктілікті арттыру және қайта даярлауды жүзеге асырады.
Біліктілікті арттыру және қашықтықтан оқыту институты – үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың өзекті білім беру бағдарламаларын іске асыратын, өндіріс саласындағы және білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдауды жүзеге асыратын университеттің құрылымдық бөлімшесі.
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі–оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт.
Сабақ классификациясы (жіктелуі) –сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс–тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.Мысалы, И.Н.Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В.Иванов оқыту процеінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір–біріне өте ұқсас келеді.
И.Н.Казанцев бойынша:
1. Алғашқы сабақ –әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
Кіріспе сабақ – бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ.
Жаңа білімді меңгеру сабағы–жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
Пысықтау сабағы–өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
Жаттығу сабағы–оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
Тәжірибелі сабақ–оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.
Қайталау –қорыту сабағы–өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау –қорыту сабақтары.
Тексеру сабағы –оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
Білім сапасын бағалау сабағы–оқушылардың алған білімін бғалау сабақтары.
Қорытынды сабақ–оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.
Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап қорытады, сонымен бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезеңдері) арқылы аралас өтеді. Міне, осындай сабақ түрі “Аралас сабақ” деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет