Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары


Химия сабақтарын жіктеңіз. Жаңа білім беру мен жаңа практикалық білік



бет7/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
9. Химия сабақтарын жіктеңіз. Жаңа білім беру мен жаңа практикалық білік
қалыптастыру сабағын сипаттап жазыңыз.
Көрнекілік құралдар оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде олданылады, яғни жаңа білімді хабарлаған кезде, үйге берілген тапсырманы қайталаған кезде, білімді қорытындылап, жинақтау кезінде, жаттығулар орындап, зертханалық, сарамандық жұмыстарды орындау барысында пайдаланылады.
Көрнекі құралдар: пәндік – нақтылы деген атпен іс – жүзінде қолданылатындары. Ол пәндік – бейнелі және белгіленген көрнекіліктердін құралады.
Пәндік бейнелі:
Табиғи (гербарий, скелеттер, коллекциялар).
Көлемді – бейнелі (модельдер, макеттер, мулеждар)
Бейнелі құралдар:
Бейнелі белгілер (суреттер, картиналар, аппликация, фото).
Шартты белгілер (карта, сызбанұсқа, диаграмма, кесте, формула,т.с.с)
Сарамандық әрекеттерге арналған құралдарды: оқу – зертханалық құралдар, бөлме жабдықтары, олардың негізгі міндеті – сарамандық сипаттағы дағдылар мен біліктерді қалыптастыру.
Көмекші оқыту құралдары дидактикалық функция атқармайды, бірақ оқу үрдісін қамтамасыздандыру негізгі құралы болып табылады: тақта, мел, қағаз, жапқыштар, т.с.с.
Ғылыми – техникалық және әлеуметтік процесс білім беру жүйесі алдында тек өмірдің талаптарына байланысты оқыту мазмұнын жетілдіру ғана емес сонымен қатар күн сайын артып отырған ақпарат ағыны мен оны оқып – үйренуге байланысты уақыттың шектеулігі арасындағы қайшылықтардың шешуде жаңа әдістер мен құралдарды іздестіруді қажет етеді. Осы міндеттерді шешуде техникалық оқыту құралдарының маңызы зор. Техникалық құралдар (ТҚ) белгілі бір қызмет атқаратын жіне дамытылатын біртұтас материалдар жүйесінен тұрады.
«Техникалық оқыту құралдары» ( ТОҚ) ұғымы механикалық және электрондық құралдарды қамтиды, мұғалім ақпараттарды беру үшін және оқушыладың білімін бақылауға пайдаланады. Оған: динамикалық және статикалық проекциялық қондырғылар: (кино қондырғылары, эпи және диапроекторлар); телевидео жүйелері, видео және дыбыс жазушы қондырғылар; бақылау және бағдарлы оқыту қондырғылары;электрлендірген кестелер, макеттер, модельдер, қабырғалық көрнекіліктер (стенд), лингофондық құралдар, элекрлік есептегіш жүйелермен қоса есепті шешуге арналған есептегіш техника мен компьютерлер, электронды және радиотехникалық көмекші жабдықтар және детальдар (диодтар, транзисторлар, резисторлар, т.б.) бұлардың барлығы көрнекі және оқу эксперименттерін жетілдіруге арналған. Осы айтылғандардың барлығы «педагогикалық техника» ұғымымен де анықталады. Оқылатын материалдар және оқу – құралдарымен жұмыс жасауға арналған «аудиовизаульды құралдар» термині қолданылады.
Педагогикалық техника және аудивизуальды құралдардың қызметі – фиксация, сақтау және оқу ақпараттарын беру.
Техникалық оқыту құралдары бірнеше аспектіні қамтитын дидактикалық категория болып табылады. Оның қызметі оқу үрдісінің мазмұны және ұйымдастыру формасының ауқымдылығымен шектелмейді. Бұл оқушының диалектикалық ойлауын, ғылыми көзқарасын, сенімін жан – жақты дамуына ықпал ете отырып, тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
ТОҚ әдістемелік қалыптастырушы (білім беру, дамытушылық, тәрбиелілік) және конструктивтік (жүйе түзуші) қызмет атқарады.
ТҚ оқытуда тек көрнекілікпен шектелмейді, оқушылардың білімді тиянақты меңгеруін, оқыту ұстанымдарын жүзеге асыруды, оқушының танымдық белсенділігімен олардың қызығушылықтарын дамытуда, қалыптастыруға ықпал етеді. ТҚ көмегімен түсініктемелік білімдер бейнелі көрсетілімді (заттың құрылымдық формулалары, атомдардың электрондық конфигурациялары, молекула құрылысынң схемасы, т.б.)
ТҚ оқытылатын құбылыстардың табиғаттағы, тұрмыстағы, техникадағы орны жайында нақтылы бейнелейді, әлемнің біртұтастығының бейнесін қалыптастырады, сол арқылы білімді сенімге айналдырады, теориялық сұрақтардың мәнін терең түсінуге ықпал етеді.
ТҚ химиялық экспериментпен ұштастырыла отырып химиялық реакцияларды. Заттың құрылысы катализ, коррозия, кристалдардың өсуі, өндірістік процестерді, т.б. оқып үйренуде тиімді қолдана алады.
Мұғалімның педагогикалық қызметі жалпы еңбегінде және педагогикалық әс – әрекетіндегі оқушыларды оқыту және тәрбиелеу үрдісімен тығыз байланысты.
Педагогикалық қызметі нақтылы оқу – тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған мұғалімнің іс – әрекетінің өзара тығыз байланысы жүйесімен анықталады.
Педагогикалық функциясын атқара отырып, мұғалім оқушыларды біліммен сусыздандырады, оларды таным нысанына көңілін аудартады, адамгершілік түсініктерін қалыптастырады.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет