47.Көміртек топшасы» тақырыпты оқытудағы дедуктивтік ұстанымның маңызын жазыңыз. Тақырып мазмұнының ерекшелігін кӛрсетіңіз.
Көміртегі топшасы. Бұл топшаның элементтері: атом құрылысының электрондық және графикалық формулалары, тотығу дәрежелері, жай заттарының құрылысы, оксидтердің формулалары, қышқылдарының формулалары, сутекті қосылыстарының формулалары бойынша талданады. Осының алдындағы топшаның элементтерімен салыстырылады. Көміртегі түзілетін жай заттарының құрылысы мен қасиеттері модельдер және кестелер арқылы нақтыланады. Алмаз бен графиттің қасиеттеріндегі айырмашылықтардың себебі ашылады. Оқушылардың атомдық ковалентті байланыстар, олардың кеңістікте орналасуы жөнінде білімі кеңейеді. Аморфты көміртегінің қасиеттерін талқылаумен байланысты жаңадан адсорбция құбылысы және оның маңызы туралы түсінік алады.Сабақты жақсы түскнуі үшін әртүрлі видеоматериалдар дайындау қажет.Көміртегк топшасын жақсы ұғымды үшін топқа бөліп әр топқа сол көміртегі топшасындағы элементтері бөліп беріп солар туралы мағлұмат беруін сұрауға болады ол оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге үйретуді.
48.Металдарды оқыту әдістемесі туралы жазыңыз. Мектеп химия курсында металдар туралы оқу материалдарының оқу-тәрбиелік маңызын. Металдар туралы оқу материалын өткенде химиялық элемент жай зат және күрделі зат, заттың құрлысы мен қасиеттері, химиялық реакция, т.б.ұғымдар нығаяды, жаңа деректермен толысады. Периодтық заң, атом құрлысы, химиялық байланыс және иондық теория жөніндегі білім қолданыс табады. Металлургия өнеркәсібі және металдардың халық шаруашылығындағы маңызы туралы нақтылы ұғым қалыптасады. Алдымен металдардың периодтық жүйедегі орны туралы кіріспе оқылып, мына мәселелерге назар аударылады: “металл” термині химиялық элементтерді және олар түзетін жай заттарды белгілейді; бір термин арқылы берілетін екі ұғымның әрқайсысының өзіндік мазмұны және көлемі нақтыланады; периодтық жүйеде орналасуы, салыстырмалы атомдық массасы, реттік нөмірі, атом радиусы, иондану энергиясы, т.б. элементке тән сипатталады. Металдарға жататын химиялық элементтер саны жағынан бейметалдардан гөрі көбірек, сексеннен асады. Олар I-III негізгі топшаларда және барлық топшаларда периодтық жүйенің сол жағында орналасқан. Металл атомдарының негізгі ерекшелігі –сыртқы қабатындағы электрон саны аз, атом радиустары едәуір үлкен. Әр период s-деңгейшесін электрондармен толтыратын сілтілік металдардан басталады. Үлкен периодтардың ортасында орналасқан металл атомдары d-деңгейшесін, аса үлкен периодтарда орналасқан металдар d-деңгейшесін, f-деңгейшесін толтырады.
Металдардың жай заттарын белгілейтін терминнің мағынасы олардың атомдары түзетін химиялық байланыстың табиғатын және кристалл торлардың түрлерін қарастыру арқылы ашылады. Металдық химиялық байланыс ковалентті және иондық байланыстармен, молекулалық, атомдық, иондық кристалл торлары металдық кристалл торымен салыстырылып, ұқсастығы мен айырмашылығы анықталады.
Металдар түзетін кристалл торларының түрлері: кубтық көлемді центрлі (сілтілік металдар, вольфрам,хром, т.б.), қырлары центрдегі куб (аллюминий, қорғасын, күміс, алтын, платина, т.б.), гексанальды(магний, бериллий, мырыш, т.б.) торлар туралы айтылады. Бір көлем бірлігіне келетін металл атомдарының саны артқанда металдың тығыздығы да артады. Гексональды торда атомдар басқалардан гөрі тығыз орналасқан. Металдардың тығыздығына ион зарядтары мен радиустары да әсерін тигізеді.
Қасиеттері әртүрлі металдардан химиялық қосылыстар түзіледі, оларда валенттілік заңдылығы сақтала бермейді (MgPb, Mg2Si, Al4C3, AuZn, AuZn3, AuZn5)