Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары


Кальций және оның қосылыстарын оқыту әдістемесін сипаттап жазыңыздар



бет42/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
51.Кальций және оның қосылыстарын оқыту әдістемесін сипаттап жазыңыздар.
Кальций 2период,2 топтың негізгі топшасының элементі. Реттік немірі 20, ядросында 20 протон мен 20 нейтроны бар (Ар=40), электрондарыныңжалпы саны да 20. Кальцийдің электрондық формуласылс22с22п63с23п64с2, Табиғатта таралуы
Табиғи қосылыстары:
сульфаттар ЦаС04• 2Н20 ғаныш,
карбонаттар - СаС03, доломит СаС03 • 2МгЦ03;
фосфаттары - фосфорит Са3(Р04)2, апатит Са5(Р04)30Н, фторапатитСа5(Р04)3Ғ, флюорит СаҒ2
Физикалық қасиеттері
Кальций ақ түсті, жеңіл (р=1,55 г/см3), сілтілік металдардан қаттырақ зат, т°балқу = 851°С, керосиннің астында сақталады.
Кальцийді 1808 жылы ағылшын ғалымы Г.Дэвиашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл металл, белгілі изотоптары 14, табиғи изотоптары 6. Негізгі минералдары: кальцит, ангидрит, гипс, флюорит, апатит, т.б.
Химиялық қасиеттері:
Кальций белсенді металл болғандықтан көптеген реакцияларға түседі.
Жай заттармен
Са + Н2 = СаН2 кальций гидриді
Са + Сл2 = СаСл2 кальций хлориді
2Са + О2 = 2СаО кальций оксиді
Осы реакциялардың барлығында кальций - тотықсыздандырғыш.
Кальцийдің қосылыстары
Кальций оксиді — ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны "сөндірілмеген әк" деп атайды. Оны әктасты жоғары температурада (1000 Ц0шамасында) қыздырып, ыдырату арқылы алады:
СаС03 =т= СаО + СО2↑- 180кДж
Кальций оксиді — нағыз негіздік оксид. Кальций сілтілікжер металл болғандықтан, оның оксиді сумен оңай әрекеттесіп кальций гидроксидін, яғни сілтісін түзеді: 
СаО + Н20 = Са(ОН)2 + 70 кДж
Бұл реакция өте қуатты жүреді, су бұрқылдап "қайнап" жатады, тіпті біразы буланады. Нөтижесінде, сөндірілген әк деп аталатын көпсіген кеуек ақ ұнтақ түзіледі. Кальций гидроксиді суда аз ериді. Оның қанық ерітіндісі лабораторияда әк суы деген атпен жиі колданылады. Кальций гидроксиді ерітіндіде иондарға толық диссоциацияланады:
Са(ОН)2 = Са+2 + 2ОН
Қатты күйдегі кальций гидроксидінің Са(ОН), судағы жүзгіні, түсі ақ болғандықтан, техникада әк суті деп аталады. Сөндірілген өк құрылыста кеңінен қолданылады. Әк сүтін құрылыста әктеу үшін пайдаланады, ал сөндірілген өктің күммен қоспасын кірпіш қалаганда және сылағанда байланыстырушы зат ретінде жүмсайды. Бүл коспа ауада біртіндеп "ұстасып" қатая бастайды, себебі көмірқышқыл газымен әрекеттесіп, қатты карбонат (бор) түзеді.
Кальций тұздарының құрылыста үлкен маңызы бар. Олардың сумен химиялық байланысып, кристалгидраттар түзетін қабілетін кеңінен пайдаланады. Мәселен, табиғи гипсті CaSO4 • 2Н20 өртегенде, өзінің кристалдық суының біразын жоғалтып, алебастрға айналады:
CaS04 • 2НгО = ЦаС04 • 0,5Н20 + 1,5Н20
Алебастр ұнтағын сумен араластырғанда кері реакция жүріп, қайтадан гипс түзіп катаяды. Гипстің бұл қасиетін тек құрылыста қолданып коймайды, оны өшекейлік бедер, статуэткалар жасағанда және медицинадапайдаланады.
Көпшілікке белгілі цементтің күрамында кальцийдің силикаттары мен алюминаттары жүреді. Бұл тұздарды күммен қосып араластырғанда қатая бастайды, ейткені түзілетін кристалдар өзара ұстасып, берік материалғаайналады.
Табиғаттағы кальций қосылыстарының айналымы. Табиғатта жүретін көптеген процестер кальций түздарымен байланысты болады.
Қышкыл ерітіндісі топыраққа сіңіп, жолында әктасының қорын кездестірсе, оны ерітіп, карбонатты гидрокарбонатқа айналдырады. Гидрокарбонат оңай еріп кетеді, нәтижесінде әктасының қалың жынысында үлкен бос кеңістік ("карсты үңгірлер") пайда болады. Кальций гидрокарбонатының ерітіндісі баяу ыдырайды, ал кыздырғанда, бұл процесс күшейе түседі: 
Са(НС03)2 =т= ЦаЦО3↓ + Н20 + Ц02↑
Кальцийдің қоспалары табиғатта кең таралған. Кальций қосылыстарының бір-біріне айналуы, табиғаттағы кальцийдің айналымын іске асырады, сөйтіп, көптеген геологиялық процестер жүреді. Осылайша бір-біріне айналуының нәтижесінде кальцийдің қосылыстары адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Кальцийдің қосылыстары құрылыста кеңінен қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет