Байланысты: Бейорганикалы химияны о ыту дістемесіні жазбаша емтихан с ра
58. Факультативтік сабақтарды ұйымдастару әдістемесін, олардың маңызын түсіндіріңіз. Мысал келтіріңіз Факультативтік сабақтар оқытудың басқа формаларымен де толықтырылады: оқу таным жорығы, үйде орындайтын сарамандық тәжірибелер, конференциялар, пікір сайыс сабақтары, өндіріс мамандары мен ғалымдарымен өткізілетін кездесулер. Оқытудың кейбір формалары сыныптан тыс жұмыстарға да ұқсас. Сабақтардың кейбір түрлері оқытылатын курстың мазмұнына сәйкес өтілетін материалдардың құрылысына қарай әр түрлі дидактикалық мақсаттар көздейді. Химиядан өтілетін факультативтік сабақтардың төрт типі белгілі:
Бақылау, есепке алу сабақтары ( семиар, сынақтар, бақылау жұмысы ).
Аралас типті сабақтар жиірек қолданылады. Кейде сабақ ертеректе өтілген материалдарды әңгіме түрінде қайталап, алған білімдерін қаншалықты есте сақтағандарын, кейбір түйінді мәселелерді қалай тұжырымдай алатынын білу мақсатында өтіледі. Сабақтың келесі бөлімінде мұғалім жаңа материалды түсіндіреді. Жаңа материалды түсіндіруде әр түрлі тәжірибелерді көрсетіп, көрнекіліктер мен қосымша түсіндірме материалдарды пайдаланады. Сондай-ақ, сабақта зертханалық тәжірибелер, жаттығуларды орындау, есептер шығару, анықтама әдебиеттермен жұмыс істеу т.б. өзіндік жұмыстарды орындауы да мүмкін.
Аралас типті сабақта кейде оқушылардың баяндамасы, хабарлама тыңдалады, кинофильмдер көрсетіліп, көрсетілімді тәжірибелер орындалады, шақырылған мамандар баяндама жасайды, дыбыс жазбаларын тыңдауы да мүмкін, т.б.
Оқыту үрдісі оқыту әдісі мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Химияны оқыту әдістері жалпы және жеке әдістер түріне бөлінеді. Жалпы әдістер мұғалімге оқушылардың белгілі бір танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағыт береді. Дидактикалық мақсатқа және оқу материалының мазмұнына сәйкес түсіндірмелі-көрнекі бейнелеу, жартылай ізденушілік немесе жалпы зерттеу әдістерін қолданады.
Химиядан жүргізілетін факультативтік сабақтарда қолданылатын оқыту әдістері де сан алуан, олар осы пәннің оқыту әдісіндегі арнайы ерекшеліктерге сәйкес іріктеп алынады. Факультативтік сабақтарда қолданылатын арнайы әдіс жоқ, онда да дәстүрлі әдістер кең түрде қолданылады: әңгіме, тәжірибелер көрсетілімі, оқулықпен, оқу құралдарымен өзінше жұмыс, сарамандық (зертханалық) сабақтар, кейде жоғары оқу орындарында кеңірек пайдаланылатын дәріс, семинар, практикум, сынақ тәсілдері т.б. [2-3].
Факультативтік сабақтардың кәдімгі сабақтарға ұқсас, ұқсас емес жақтары да бар. Оқыту әдістерін түрлендіріп, өзгертіп отыру көзделеді.
Оқыту үрдісінің үш бөлігі бірлікте қарастырылады:
Білімді мұғалім үйретеді, оны оқушылар меңгереді (оқыту мен оқу).
Білімді жетілдіру және іскерлікті қолдана білу (оқушылардың өзіндік іс-әрекеттері).
Білімді және іскерлікті тексеру (бақылау).
Қолданылуына қарай оқытудың осы бөлігіне сәйкес әдістер үш топқа біріктіріледі:
Жаңа материалды меңгеруге сәйкес әдістер.
Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын жетілдіру әдістері.
Білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру әдістері химиядан өтілетін факультативтік сабақтар кезінде оқытудың үш тобына сәйкес үш әдіс түрленіп отырады.
Жаңа материалды, оқып-үйрену әдістерінің түрлері сөздік әдістер: дәріс, түсіндіру, әңгімелесу, мамандардың түсініктемелеріне оқушылардың баяндамасы, таным жорық, әңгімелер, бағдарланған мәтінмен жұмыс, үйрету машиналарына сүйенген диалог: сөздік – көрнекілік әдістер тәжірибелер көрсетілімі, жинақтамаларды, макеттерді, молдельдерді, кестелерді, экрандық көрнекіліктерді, таным жорық түсіндірмелерімен айту.
Сөздік – көрнекілік – сарамандық әдістерге сарамандық сабақтар, сынақ тәжірибелік есептер шығару, зерттеу сипатындағы жұмыстар т.б. жатады.
Білімді және іскерлікті, дағдыны жетілдіру әдістері – оның сөздік әдістер – дәптерге жазу, жаттығулар, сан есептерін шығару, анықтама және қосымша әдебиеттермен жұмыс, бағдарланған мәтін бойынша жұмыс, есептер құрастыру, рефераттар жазу, ғалымдар туралы хабарламалар әзірлеу, өндірістік технологиялық сипаттамалар, бағдарламаланған мәтін бойынша жұмыс.
Сөздік – көрнекілік әдістер – зертханалық тәжірибе, көрсетілімдік тәжірибелерді түсіндіру, таным жорық кезіндегі химиялық үрдістерді байқау оны түсіндіру, технологиялық сызбанұсқа бойынша жұмыс, үлестіріліп берілетін материалдармен жұмыс.
Сөздік – көрнекілік – сарамандық әдістер – зертханалық практикум, модельдеу, көрнекіліктер әзірлеу.
Білім мен іскерлікті есепке алу және бақылау әдістері – оның сөздік әдістері – фронтальды тексеру, әңгіме, ауызша, жекелеп сұрау, перфокарталарды пайдаланып, тақырып бойынша сұрау, жазбаша тексеру және бақылау жұмыстары, семинарлар, конференциялар, әдебиеттерге шолу, сынақтар, бақылаушы құралдар бойынша білімді тексеру. Сөздік – көрнекілік әдістер: сынақ-тәжірибелік есептерді шығару, білімді графикалық тексеру. Сөздік – көрнекілік – сарамандық әдістер – сынақ-тәжірибелік есептерді шығару, модельдеу, құрастырған аспаптармен көрсету, қорытынды жиынтығы әр түрлі шығармашылық жұмыстарды хабарлау.
Жалпы факультативтік сабақтарда оқушылардың білімін тереңдетуге, өз бетінше ізденуге, кәсіптік бейімделуге т.б. қызығушылықтары артатыны тәжірибе жүзінде көрсетіп отыр. Оқушылардың факультативтік сабақтарда алған білімдерінің сапасы жайлы олардың емтихандағы жауаптарына қарапта пікір айтуға болады. Факультативтік сабақтарға қатысқан оқушылардың жауаптары басқалардың жауаптарына қарағанда аса толықтығымен көзге түсіп жатады