Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары


Металдар және олардың балқымалары туралы тақырыптарды оқыту әдістемесін сипаттаңыз, тақырыпты оқытуда қолданылатын кӛрсетілімдерді дамыту жолдарын қарастырыңыз



бет44/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
54.Металдар және олардың балқымалары туралы тақырыптарды оқыту әдістемесін сипаттаңыз, тақырыпты оқытуда қолданылатын кӛрсетілімдерді дамыту жолдарын қарастырыңыз.
Металдар– Электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.
Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола.
Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т.б.) жасауда, т.б. кеңінен қолданылады.
55.Химияның алғашқы ұғымдарына жататын валенттілік және тотығу дәрежесі ұғымдарын қалыптастыру әдістемесін сипаттаңыз. Мысалдар келтіріңіз.
Валенттілік, іліктілік (лат. valentіa — күш) — атомның басқа атомдарды немесе атомдар тобын қосып алып химиялық байланыс құру қасиеті. Валенттіліктің мәні берілген элементтің атомы ала алатын немесе орнын баса алатын сутек атомдарының санымен өлшенеді. Химияға валенттілік ұғымын 1853 ж. ағылшын химигі Э.Франкленд (1825 — 1899) енгізген. А.М. Бутлеровтың қосылыстардың химиялық құрылысы теориясына (1861) Валенттілік негіз болды, Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесін ашуына (1869) байланысты бұл ұғым одан әрі дамыды. Менделеев элементтің валенттілікінің оның периодтық жүйедегі орнымен байланыстылығын тапты, айнымалы валенттілік туралы ұғымды енгізді, элементтің сутекпен және оттекпен қосылыстарындағы валенттіліктерінің өзара байланысын көрсетті. Валенттіліктің электрондық теориясы (Коссоль теориясы, 1916) бойынша атомдардың өзара әрекеттесуі бір атомнан (немесе бірнеше атомдар тобынан) екінші атомға электрон ауысуымен байланысты деп қарастырылды; осыдан келіп оң және теріс валенттілік ұғымы шықты: элементтің оң валенттілік оның инертті (сарғылт) газдардың электрондық құрылысына ие болу үшін өзінен беретін, ал теріс валенттілік өзіне қабылдайтын электрондардың санына тең. Алайда, атомдардың бір-бірімен әрекеттесуі кейде электрон ауысуынсыз да іске асады. Элементтердің валенттілікіне қарап химиялық формулаларды жазуға болады. Валенттілік теориясының дамуындағы жаңа кезең атомның кванттық-механикалық теориясының жасалуымен байланысты. Валенттіліктің кванттық-механикалық теориясы бойынша элементтердің химиялық қасиеті және олардың валенттілік атомның сыртқы электрон қабатының құрылысына байланысты. Атомдар өзара әрекеттесіп химиялық байланыс түзулеріне тек сыртқы электрондық қабаттағы электрондар қатысады. Атомның негізгі (қозбаған) күйіндегі валенттілік оның сыртқы электрондық қабатындағы жалқы (жұпсыз) электрондар санына тең (яғни спиндері қанықпаған электрондар). Мысалы, инертті газдардың электрондарының бәрі жұпталған (жалқы электрондары жоқ), сондықтан олар нөл валентті, ал периодтық жүйенің І-тобындағы элементтер атомдарының сыртқы электрондық қабатында бір жалқы электрон болады, сондықтан олар бір валентті; ІІ-топ элементтері атомдарының сыртқы қабатында екі жалқы электрон бар, олар екі валентті.
Тотығу дәрежесі, тотығу саны – химиялық қосылысты тек иондардан тұрады деп қарастырғанда әр атомда болатын шартты зарядтың сан шамасы. Бұл ұғым молекуладағы атомдардың күйін сипаттау үшін қолданылады. Кез келген қосылысты ионды қосылыс деп қарастыруға болмайтындықтан, Тотығу дәрежесу шартты түрде алынады. Тотығу дәрежесінің оң мәні (+) берген электрон санын, ал теріс мәні () қосып алған электрон санын көрсетеді. Элементтердің Т. д-н белгілегенде алдымен таңбасы, содан соң сандық мәні жазылады. Мысалы, Mn+7, S+6, S2, Cl+5, O2, H+1, т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет