Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Зертханадағы жұмыс кезінде сақтық



бет106/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   273
Байланысты:
бейорганика лекция

Зертханадағы жұмыс кезінде сақтық

шараларын есте ұстау
1. Улы және жағымсыз иісті заттармен жасалатын барлық тәжірибелер тартпалы шкафта орындалады.

2. Бөлініп жатқан газды ыдысқа еңкейіп иіскеуге болмайды.

Газдың иісін ажырату қажет болған жағдайларда, оның ауамен қоспасын қолмен желпіп, сақтықпен иіскеу керек.

3. Күшті қышқылдарды, мысалы күкірт қышқылын сұйылтқанда қышқылға су құймайды, керісінше суға сақтықпен, ыдыстың қабырғасы арқылы күкірт қышқылын құяды.

4. Реактивтерді құйғанда бетке және киімге шашырамау үшін оған еңкейіп, не үңіліп қарауға болмайды.

5. Сұйық заттарды қыздырғанда да оған еңкейіп қарамаңыз. Сұйықтық ыдыстан шашырап кетуі мүмкін.

6. Пробиркадағы затты қыздырғанда, оның аузын өзіңізге не жолдастарыңызға қаратып қоймаңыз.

7. Егер бетіңізге не қолыңызға сұйықтық шашыраса, дереу сумен жуу керек. Күшті қышқылдың шашырандысын көп мөлшерде сумен, содан кейін қышқыл тиген жерді соданың әлсіз ерітіндісімен, ал сілті тиген жерді сабыны кеткенше сумен мұқият жуу керек.

8. Тәжірибелерді оңай от алғыш ұшқыш заттармен жасау оттан қашық жерде не тартпалы шкафта жүргізілсін.

9. Жанып жатқан бензин, спирт, эфирді сөндіру үшін жалынға құм шашады.

10. Горелка жалынында не қыздырылған заттар арқылы күйгенде, күйген жерді калий перманганаты ерітіндісімен шайып, күйікке қарсы қолданылатын сұйықтық сіңірілген мақтаны, не дәкені күйген жерге қою керек.

11. Уланғанда, кесіп алғанда және қатты күйгенде алғашқы көмек көрсетіп, тез арада дәрігерге хабарлау керек.

12. Зертханадан шығарда газ горелкалары шүмегінің жабықтығын және электр аспаптарының желіден ажыратылуын мұқият тексеріңіз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет