Зертханалық жұмыс №2
Негіздерді, қышқылдарды және тұздарды алу
1. Оксидтердің сумен әрекеттесуі
а) Шыны таяқшамен аздап фосфор ангидридін судың аз мөлшерінде ерітіңіз. Түзілген ерітіндіні шыны таяқшамен көк және қызыл лакмус қағазына тамызып сынаңыз. Лакмус түсінің өзгеруіне назар аударып, реакция теңдеуін жазыңыз.
ә) Кальций оксидін пробиркаға салып, судың аз мөлшерінде ерітіңіз. Сұйықтыққа нейтрал лакмус ерітіндісін тамызып, түсінің өзгеруін байқап, реакция теңдеуін жазыңыз.
2. Сутектің бейметалмен қосылысы
Алдын ала хлор толтырылған пробиркаға, Кипп аппаратынан сутек толтырылған екінші пробирканы беттестіріңіз. Енді хлоры бар пробирканы жоғары, сутек бар пробирканы төменгі жағына келтіре газдарды араластырыңыз. Пробиркаларды ажыратып аузын басып ұстап, төмен қаратып жалынға ұстаңыз. Не байқадыңыз? Пробирканың біреуін қопарылыстан кейін дереу саусақпен аузын жауып ыдыстағы су астында ашыңыз. Пробиркаға су көтеріледі. Неліктен? Пробирканы су астында саусақпен жауып, судан шығарып, онан түзілген ертіндіні лакмуспен сынап, хлордың сутекпен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |