Кешенді иондардың диссоциациялануы
а) Екі пробиркаға 2 миллилитрден CuSO4 ерітіндісін құйып, оның біреуіне 2 мл NaOH, екіншісіне 2 мл (NH4)2S құйыңыз. Түзілген тұнбалардың түсіне назар аударыңыз. Бұлар – Cu2+ ионына тән реакциялар. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.
ә) 1–2 мл CuSO4 еірітіндісіне NH4OH артық мөлшерін құйып, мыс аммиакаты кешенді тұзының ерітіндісін алыңыз. Кешенді тұзды [Cu(NH3)4SO4] екі пробиркаға бөліп құйып, оның біреуіне NaOH құйыңыз, тұнба түзіле ме? Екінші пробиркаға (NH4)2S ерітіндісін құйып, түзілген тұнбаның түсіне назар аударыңыз.
Cu(OH)2, CuS ерігіштік көбейтіндісін еске алып, осыдан байқалған құбылыстарды түсіндіріңіз және [Cu(NH3)4]2+ кешенді ионының тұрақсыздық константасының теңдеуін жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |