Хром хлоридінің изомериясы
Хром хлориді кристаллогидратының CrCl3 ∙ 6H2O бірнеше кристалын өте аз мөлшердегі суда ерітіңіз де, оны қыздырыңыз. Ерітіндінің күлгін түсі қалай өзгереді? Ерітінді түсінің өзгеруін бақылап, хром хлориді аквокешені түзілетіндігін еске алып, екі изомердің структуралық формуласын жазыңыз және аттарын атаңыз.
Зертханалық жұмыс №10
Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
1. Йодид-ионның броммен тотығуы
3-4 тамшы калий йодиді ерітіндісіне осынша көлемдегі бром суын қосыңыз. Бром суы артық мөлшерде болмасын. Алынған ерітіндіге 3-4 тамшы крахмал қосып, ерітіндінің түсіне назар аударыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |