Есептермен жаттығулар 1. Мырыш оксиді келесі заттардың қайсысымен әрекеттеседі: SО3, P2О5, CaО, Ba(ОH)2, CaCО3, BaSО4.
Суда массасы 12,4г натрий оксиді ерітілді. Бұл ерітінді натрий гидроксидіне айналады. Осы натрий гидроксидін қышқылдық тұзға дейін бейтараптау үшін (қ.ж.), қандай көлемдегі көміртек (IV)оксиді керек?
Хром (ІІІ) гидроксидінің H2SО4 және NaОH ерітінділеріндегі еру реакцияларының молекулалық және иондық теңдеулерін құраңдар.Егер реакцияға 32г натрий гидроксиді түскен болса, қанша грамм Na[Cr(ОH)4] түзіледі?
Берілген түрлендірулер жүрген кездегі реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін құраңдар:
Р→P2О5→H3PО4→NaH2PО4→Na2HPО4→Na3PО4 Массасы 42,6 г алюминий нитраты бар ерітіндіге 37,2г натрий карбонаты ерітіндісін қосты. Пайда болған тұнбаны бөліп, кептіре қақтады. Тұнбаның соңғы массасын анықтаңдар.
4,9 г тұз ыдырағанда көлемі 1,344л болатын оттек бөлінді (қ.ж.). Әуелгі заттың қарапайым формуласын анықтандар.
Құрамындағы күкірт қышқылының массалық үлесі 8% болатын 200 г ерітіндіге массалық үлесі 12% болатын 50 г натрий гидроксидінің ерітіндісін қосты. Алынған ерітіндіден бөлінген натрий гидросульфатының массасы қандай?
Никель (II) сульфаты кристаллогидратындағы судың массалық үлесі 44,8%тең. 1 моль кристаллогидраттағы су молекуласының саны қанша?