Ерітінділердің концентрациясы.
Ерітінділерді сандық тұрғыдан сипаттау үшін химияда мына физикалық шамалар қолданылады: еріген заттың массалық ω(%) және молярлық үлесі N, молярлық концентрациясы СМ, нормальдық концентрациясы СН, титрі Т және моляльдік концентрациясы СМл. Ерітіндінің құрамын оның тығыздығы ρ арқылы да көрсетуге болады.
А. Еріген заттың ерітіндідегі массалық үлесі ω(%) – ол еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасын көрсететін шама. Өлшем бірлігі үлес, пайыз.
мұндағы mзат – еріген заттың массасы;
mер-ді – ерітіндінің массасы;
mер-ш – еріткіштің (су) массасы;
ρ – ерітіндінің тығыздығы;
V – ерітіндінің көлемі.
Еріген заттың массалық үлесін ерітіндінің пайыздық (проценттік) концентрациясы деп жиі атайды.
Мысал 1. Натрий сульфатының 15%-дық ерітіндісіндегі Na2SO4-тің молярлық үлесін табыңыз.
Шығарылуы. Әрбір 100 г ерітіндіде 15 г Na2SO4 және 85 г Н2О бар.
M(Na2SO4) = 142 г/моль; М(Н2О) = 18 г/моль
n1(Na2SO4) = 0,105 моль
n2(Н2O) = 4,722 моль
Б. Қатты зат пен судан массалық үлесі берілген ерітінді даярлау.
Достарыңызбен бөлісу: |